Викторина 1001 мақал,101 жұмбақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ғаббасова Динара Кабдешовна, қазақ тілі мұғалімі

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Красноармейка ЖОМ

Тақырыбы: «101 жұмбақ, 1001 мақал» сайысы


Мақсаты:
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Ана тілде еркін де сауатты сөйлей білуде тұрақты тіркес пен мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше екенін ұқтыру. Әркімнің өз тіліне деген құрметін ана тіліне, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білуге үйрету, ізеттілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
Түрі: интеллектуалды сайыс
Барысы:
Таныстыру (Әрбір қатысушы өзін таныстырып өтеді)
І кезең «Тапқырлық»
ІІ кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»
ІІІ кезең «Сандар сыры»
ҮІ кезең «Ойлан, тап»
Жүргізуші:
І кезең «Тапқырлық»
Жұмбақтың жауабын шешіп, сол сөзге байланысты мақал - мәтел тауып айту
1. Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
2. Бір ғажап бар тілі жоқ,
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)
3. Күміс қасықтың асы алтын. (Тіл мен сөз)
4. Жел соққандай жайқалып толқиды,
Егер оқысаң тұла бойың балқиды. (Өлең)
5. Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем. (Аспан мен жер)
6. Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ - сылқ күледі. (Бұлақ)
7. Бес жанды бір жансызға мінгеседі,
Үстінде ақ тақырдың із кеседі. (бес саусақ, қалам)
8. Мінсең – желдей жүйткиді,
Көңілің таудай өседі.
«Алып ұшар алысқа
Ер қанаты» деседі. (Ат)
9. Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (От)
10. Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзін, көзі үлкен.
Бұл не өзі, тауып ал. (Түйе)
Жүргізуші:
ІІ кезең. «Мақал – сөздің мәйегі».
Ойыншылардың аз ұпай жинағаны сайыстан шеттетіледі.
Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
1. Жылай - жылай құдық қазсаң,... (Күле - күле су ішерсің)
2. Жолдасы жақсы жолды болар,... (Жолдасы жаман қолды болар)
3. Сабырлы жетер мұратқа,... (Асыққан қалар ұятқа)
4. Ағасы бардың жағасы бар,... (Інісі бардың тынысы бар)
5. Жаздың бір күні... (қыстың мың күнін асырар)
Жүргізуші:
ІІІ кезең «Сандар сыры»
Қажетті санды қойып, толықтырып айту.
1. Анаңды... рет Меккеге арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
2. Жақсы әке жаман балаға... жыл азық.
3.... атасын білмеген жетесіз.
4. Жігіттің... жұрты болады.
5. Қыздың... жаны болады.
Жүргізуші:
ҮІ кезең «Ойлан, тап»
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу керек
1. Сақал сипап қалу.
2. Қаймағы бұзылмау
3. Базары тарқау
4. Көз жазып қалу.
5. Бит қабығынан биялай тоқу.
6. Асығы алшысынан түсу.
7. Тақияда тамтығы қалмау.
8. Шүйдесін көрсету.
9. Шашасына шаң жұқпау.
10. Ұстараның жүзінде отыру
Жүргізуші:
Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз, оқушылар. «Қазақ тілі – бай, оралымды тіл» деп Ғ. Мүсірепов атамыз айтпақшы, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана біздің, жастардың тілімізді сақтап қалуға, дамытуға қосқан үлесіміз болмақ.
(Қазылар алқасы жеңімпаз топтарды анықтап, белсенді араласқан оқушыларды марапаттайды.)















Красноармейка орта мектебі









Тілдер айлығы аясында өткізілген

іс-шара



тақырыбы: «Жүзден жүйрік»



өткізген: Ғаббасова Д.Қ.

сынып: 5 «Б»













2015ж.