САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «А»
Жаратылыстану-математикалық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Білім берудің ақпараттық ресурстары
Сабақтың мақсаты:
• Білім беру ақпараттық ресурстарына, білім беру электрондық ресурстары туралы түсінік беру.
• Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
• Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім порталдарын және каталогтарын пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер.
Сабақтың әдістері: сөйлесу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Сабақтың барысы
I ¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
III Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі
Теория
Ақпараттық ресурс әлеуметтік басқару үдерісіндегі қызметтің ерекше түрі болып табы- латын ақпараттық қамтамасыз етудің негізін құрайды.
Білім беру ақпараттық ресурстары дегеніміз - ақпараттың кез келген түрі немесе оку үдерісінде қолдануға арнайы жасалған программалық өнімдер. Білім беру электрондық ресурстарына:
1. Оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу кұралдары, рефераттар, дипломдар);
2. Оқу-әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, эдістемеліктер);
3. Ғылыми-әдістемелік материалдар (диссертациялар);
4. Қосымша мәтіндік жэне суретті материалдар (дэрістер, зертханалық жұмыстар);
5. Тестілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері);
6. Электрондық кітапханалар;
7. Білім саласының электрондық мерзімді басылымдары;
8. Білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны жэне мақалалар аңдатпалары;
9. Білім беру ресурстарына белгілі сайт адресі немесе сілтемелер жатады.
IV Бекіту кезеңі
Тапсырма: Оқулықта берілген білім порталдарының жэне каталогтарының кез келгенін пайдаланып, солар туралы ақпарат жинап, осы сайттардың қызметтері жөнінде айтыңдар.
V Қорытынды кезең
1. Бүгін сабақта не білдік?
2. Не үйрендік?
3. Қандай тәжірибелік жұмыс жасадық?
VI Бағалау кезеңі
Оқушылар тапсырманы орындаған жэне білімді меңгерген деңгейіне байланысты бағаланады.
VII Үйге тапсырма
1. Тақырыпты оқу.
2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.