Тәуелсіздік еліміздің тірегі тақырыбы бойынша сабақ жоспары (7-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік еліміздің тірегі,

«Тәуелсіздік!»-деп соғар ел жүрегі.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Тәуелсіздікке 19 жылдық қарсаңында еліміз

Тәуелсіздік алған жылдар бедерінде жасампаздық істерге,

толымды табыстарға толы белестері туралы мәлімет беру.

ә)дамытушылық: Еліміздегі Тәуелсіздікпен келіп жеткен

жетістіктеріміз жайлы әңгімелесу.

б)тәрбиелік: Ызғарлы желтоқсан желімен жеткен

тәуелсіздігіміздің XXI ғасырдағы орны жайлы әңгімелеу.


Сабақтың түрі: тақырыптық сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу.

Көрнекілік: суреттер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: Топпен бірге мемлекеттік әнұранды айту.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:Тәуелсіздік еліміздің тірегі, «Тәуелсіздік!»-деп соғар ел жүрегі,-деп отырғандықтан еліміздің Тәуелсіздік алған жылдар бедерінде жасампаздық істерге,толымды табыстарға толы белестері туралы еске түсіру.Тәуелсіздікпен қол жеткізген жеңістеріміз бен жетістіктеріміз жайлы ой қозғау.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 1991жылдың 16-желтоқсанында жарияланды.Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі.Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ.

Қазақстанның кең даласын,биік тауларын,ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды.Біз жер шарының осындай сұлу,бай өлкесінде тұрамыз.Ол – біздің Отанымыз.

Қазақ жерін «Шығыс пен Батысты жалғастыратын алтын көпір» дейді. Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз – пайдалы қазбалар қоймасы. Жас мемлекетіміздің даму қарқыны зор. Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтаныш етеміз. Туған Отанымызды, халқымызды құрмет тұтамыз.

Қазір Қазақстан Республикасына байланысты өлең жолдарын 6 «Б» сынып оқушылары орындайды.

2-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - XX ғасырдың соңында тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті. Н.Ә.Назарбаев 1940 ж. Алматы облысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында өмірге келген. Қырыққа жетпей ел басшылығына араласты. Қырық төрт жасында Үкімет төрағасы болды. 1991 жылғы 1-жел- тоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

1999жылы Республика Президентін бүкіл халық болып 7 жылға қайта сайлады.Нұрсұлтан Әбішұлы – елдің қамын ойлап,өз халқының қадір –қасиетін жанымен ұғатын және сол халқының бақытты болашағы үшін күш – қайратын бүтіндей арнаған азамат.Ол – бүкіл дүние жүзі халықтарының арасында беделі зор саяси қоғам қайраткері.

Ал қазір 6 «И» сынып оқушысы күй орындайды.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік рәміздері –Туы,Елтаңбасы және Әнұраны бар.Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленген.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған:Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев,әнін жазған:Ш.Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992жылы 4-маусымда қабылданды.Авторлары: Ж.Мәлібекұлы мен Ш.Уәлихан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Ш.Ниязбеков. 6 «А» сынып оқушыларының Рәміздер туралы өлеңдерін тыңдайық.

2-жүргізуші: «Отан үшін отқа түс,күймейсің»,- демекші отансүйгіштік - әрбір азаматқа керек ұлы қасиет.Өз Отанын,өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны,патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйіңнен басталады.Кімде-кім ата-анасын ардақтаса,бірге туған бауырларымен тату болса,өзінің өскен ауыл,қаласын,туған ұлтын сыйлап,қадірлесе,сол адам отаншыл болады.

Отаның - өз үйің.Елді,Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес,іспен дәлелде!

Мұғалім сөзі: Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.Келіп тыңдағандарыңызға рахмет!