Бекітемін: _________
Мектеп директоры:
К.К.Султангазин
« » ____________2014ж.
Сабақ жоспары
Күні: .04.14ж
Пән: Әдебиет
Сынып: 6-сынып
Тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары»
Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құралдар, интернет
Мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту,кейіпкердің ішкі жан дүниесін ұғындыру,"соғыс" ж/е "бейбітшілік" сөзінің мәнін ашу, топта бірлесе отырып жұмыс істеу.
Күтілетін нәтиже: Шығармадағы оқиғалармен танысады,мазмұндай алады, бейбітшілік пен соғыстың мәнін ажырата алады, кейіпкерлерді және олардың іс-әрекетін саралай біледі.Топта белсенді жұмыс істейді ,ой – пікірін жеткізеді, мәдениетті сөйлейді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Қолданылатын әдістер: топтық, жеке, «Ой қозғау» ,«Өзара оқыту,ой бөлісу» стратегиясы,проблемалық сұрақ, мәтінмен жұмыс , «Болжау»,«5 сұрақ» стр-сы, «Алғыс білдіремін» рефлексиясі.
Керекті құрал-жабдықтар: түрлі суреттер, қима қағаздар, ИКТ, компьютер, постерге арналған қағаздар,маркерлер, стикерлер,бағалау парақтары, телефондар.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті
Амандасу. Оқушыларды шеңберге жинайды,бір-бірлерін сипаттауды ұсынады.Сабаққа қандай көңіл-күймен келгенін білу үшін тақтаға смайликтерді ілгізеді. Түрлі суреттер арқылы топтарға бөледі .
Оқушы әрекеті
Оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірлерін сипаттайды. Смайликтерді іледі.Оқушылар суретке қарап топтарға болінеді.
Уақыт
5 мин
Модуль
А кезеңі Білу
Түсіну
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушы зейінін тұрақтандыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабақта қазыр алыс шетел Прага қаласында тұрып жатқан Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті жазушы Мұхтар Мағауинның 1973 жылы балалармен жастарға арналған үздік шығармалардың Республикалық жабық конкурсінде 1 бәйге алған “Бір атаның балалары” туындысымен танысқан болатынбыз. Олай болса, біз бүгін сол әңгімеде көтерілген негізгі мәселе, түйінді ой, кейіпкерлер әлеміне бірлесіп талдау жасаймыз. Яғни 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Жаңа сабағымызға кіріспес бұрын, үйге берілген тапсырмаға назар аударайық. Үйге жазушы шығармашылығымен танысу берілген.
І топ “Ізденушілер”
Жазушы өмірбаянын хронология бойынша әнгімелеу.
ІІ “Зеріттеушілер”
Әр жылдары жазылған еңбектерімен таныстыру.
Ой қозғау. Ал енді бәріміз назарларымызды мына суретке аударайық. (Соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысы, жауынгер азаматтар т.б. суреттер көрсетіледі) Осы суретті көз алдымызға ой елегінен өткізіп, бір сәт ойланып көрейікші. Олай болса, әсерлі ойымыз бізді қайда жетелейді?
(“Бір атаның балалары” повесіне)
Ендеше осы сурет пен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?
(Иә, әңгімеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұрыс майданындағы ауыртпалық пен қарапайым халықтың күйзелісі баяндалады. Шығармада осындай көріністер айқын суреттеледі).
Олай болса, бізде міне сурет арқылы шығарманың өн бойына еніп, тереңіне үңіліп талдау жасап көрсек.
Мағынаны тану. Өзара оқыту, ой бөлісу стратегиясы арқылы мәтінді үзіктерге бөліп беремін, оқушылар оқып болған соң топ ішінде бір- біріне кейін келесі топқа түсіндіреді.
І топ -"Бастаудан"- Ахмет шалдың аттан түсуіне дейін;
ІІ топ-Зигфридті қалап алуынан Зекен болып оянуына дейін.
Оқушылар дайындап әкелген презентацияларын көрсетіп таныстырады,тақырыпқа шығып,мақсат қояды. (топтық жұмыс)
Формативті бағалау ( «2 жұлдыз,1 тілек » әдісі )
Оқулықпен жұмыс істейді: мәтінмен танысады,өзара оқытады,ой бөліседі.
10 мин
7 мин
АКТ
ОЖЕСОжО
ОмОЖТ
СТО
В кезеңі Қолдану
Талдау
Зигфридтің Зекен болып қалыптасуы.
«Болжау» страт-сы арқылы оқушылар пікірін білу.
Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен үзінді Кімнің сөзі?
Ал,ағайын, тегіс жиналсақ, сөзіме құлақ сал.
Неміс деп,орыс,қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә.
Менің ағам әлі тірі.
Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау.
басқарма
Ахмет
Конақ бала
Дәуренбек
Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру.
Кейіп-керлер Іс-әрекеттері
Мінездеме
Ахмет
Зигфридті таңдайды, ат қойып,той жасайды,бағады,тәрбиелейді.
Адал,балажан,қонақжай,еңбекқор,мейі-рімді,парасатты,ақылды кісі.
Зиг-фрид
Тез тіл табысады,тіл үйренеді,еңбекке араласады.
Тіл алғыш,пысық,көпшіл,ақылды,жайда-ры,бауырмал,кекшілдігі жоқ.
Дәурен-бек
Сақтандырады,таяз ойланады,қыңыр сөйлейді.
Қыңыр,ашушаң,өр мінезді.
Оқулықпен жұмыс
Мәтіннен тұрақты тіркес,мақал-мәтел,бейнелі сөздерді табу.
Тұрақты тіркестер Мақал-мәтел
Теңеу сөз,портрет
Оқушылар пікірін білдіреді,тапсырмаларды топпен орындайды. Екі топ жазғандарын оқиды. Формативті бағалау (Бас бармақ)
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
1мин
2 мин
2 мин
7 мин
ОҮБжОБ
ТжДБО
С кезеңі Жинақтау
Бағалау
Топтастыру
І топ
Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастырыңыз.Қалған кейіпкерлері бойынша.
аңғал қонақжай ашушаң
ұяң Кейіпкерлер әлемі
өмір мінезді
жомарт діншіл мейірімді жайдарлы
ІІ топ
Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын?
адамгершілік мейірімділік әдептілік
Намысшыл болу Тәрбие әлемі жамандық атаулыдан
жирену
имандылық тазалық достық
Балалар шығармадағы кейіпкерлер әлемі сіздерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар, повестің атауы дұрыс таңдалған ба? Зигфридің тағдыры арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?
Оқушыларға «5 сұрақ» стр-сы бойынша сабақты бекіттіреді. Не? Қашан? Қайда? Қалай? Егер....болса, не болады? т.б.
Оқушылар орындаған тапсырмалардың нәтижесінде жинаған ұпайлары бойынша және сұрақтарға берген жауаптарын ескере отырып білімдерін бағалайды.
Балалармен «Алғыс білдіремін» рефлексиясін өткізеді.
Сұрақтарды құрастырып,жауап береді.
Топ көшбасшылары бағалау парақтарын толтыып,айтады.
Формативті және жиынтық бағалау.
Балалар ұялы телефонмен сабақ үшін СМС арқылы бір-біріне алғыс білдіреді.
3 мин
3 мин
2 мин
2 мин
ОБжК
Үй тапсырма-сы
І топ
Зигфридің қазіргі замандас достарына хаты (Болашаққа хат)
ІІ топ
Зигфридке хат жазу
1 мин