Ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары.
Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге өзіндік ой- талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Шетел тілін ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым- қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым-қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтыың мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым – қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар , қарым- қатынас ситуатциялары, мәтіндер, тілдік материалдар, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігі іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Жеке тұлағаның қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты- коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, модульді оқыту технологияларының негізгі қағидалары—балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық – саяси өмірге белсене араласуға қабілетті, өзіндік пікірін анық жүиелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету.Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында білім берудегі тиімді жолдарын атап айтар болсам,
Дамыта оқыту технологиясы.
Модульдік оқыту технологиясы.
Ойынды оқыту технологиясы.
Жеделдетіп оқыту технологиясы.
Жекелеген оқыту технологиясы.
Бүгінгі таңда білім жүйесін жоғарыда айтылған әдістерден бөлек дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттілігі туады. Дамыта оқыту мен тұлғаны қалыптастыру идиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы. Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі.
Оқушыны үнемі әрекетке қосады.
Үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуына ынталандырады.
Тілдік категориялардың лексика- грамматикалық құрылымын игеріп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген. Сабақтың құрылымы төмендегі ретпен жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыру.
Деңгейлік тапсырмалар түрлері.
Тест немесе сұрақ- жауап.
Өзіндік жұмыс.
Рейтинг немесе мониторинг арқылы білім деңгейін саралау.
Өзім сабақ беретін мектеп орта білім беретін болғандықтан, мен сабақтың күнделікті жоспарын аса жауапкершілікпен жоспарлап, сабақтың әр этапына көңіл бөлуімді қажет етеді.Жоғарыда аталған технологияларды сабақтың әр бөлімінде пайдалану сабақтың жүруін әрі оқушылардың тақырыптың лексика- грамматикасын ұғынуға жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамасында Біз күдіктенбейтін жаңа білім мен жаңа технологияның пайда болуы, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI ғасырға білім ғасыры деген анықтама беруге мүмкіндік береді деген болатын. Яғни қазіргі кезеңде бұрынғы қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және технологияларды пайдалана отырып, келешек ұрпақтың сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталын дамыту - өмір талабы.