Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама «Тілдерді қолдану мен дамытуды 2010 - 2020 жылдарға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатына арналып жасалған.
Тілде талай - талай қызық бар. «Өнер алды – қызыл тіл» дейді халық. Сол өнердің де, білімнің де алды, негізі, қоғамдық қарым – қатынастың құралы болып табылатын тілде талай - талай қызық, алуан түрлі сыр бар.
Мақсаты: Пайымдай қарап, тереңірек талдап, біздің ана тіліміздің сөздік қоры бай, мағынаға мол, оралымды тіл екенін көрсету.
Өзектілігі: Оқушылардың қатысымдық, тілдік қабілеттерін дамытуға, сауатты жаза білуге, өз ойын қазақ тілінде ауызекі сөйлеу мәнерінде жеткізуге тырысады. Грамматика саласы бойынша ағымды білімдерін кеңейтеді.
Міндеттері:
1. Күнделікті өмірде, ортада қолданатын қарапайым сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдану үшін грамматиканы қызықтырып, жеңілдетіп беру.
2. Тілдің тұрмыстық, әлеуметтік - мәдени, отбасы және жұмыс т. б. салалар бойынша әңгіме талдау, ең қажетті лексикалық қорды жинақтау.
3. Тақырыптардың, сұхбаттардың мәнін коммуникативтік дағды мен
біліктілігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Қарапайым деңгейде:
1. Мәтіндерді оқып, мағынасын болжайды, шешімін табады.
2. Өз ойын монолог ретінде ауызша не жазбаша жеткізеді, қысқа көлемді әңгіме жазады, сөйлемдерді сауатты жазады.
3. Көрген суреттер, тыңдаған жағдаяттар бойынша сөздің мазмұнын түсінеді, өз пікірін білдіреді.
4. Кез келген әрекеттерді, құбылыстарды ауызша суреттейді, мазмұндайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. Шын кітап
4. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.
5. Интернет желісі
6. «Тіл дамыту» Арман-ПВ баспасы, 2013 жыл