Урок Күз мезгілі 7 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Еркибаева Нұрсұлу Олжабайқызы

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы Макин орта мектебі

Апта 3

Күні 14.05

Сәрсенбі

Сабақ

Қазақ тілі

7-сынып

Оқушылар саны -12

Сабақтың тақырыбы: Күз мезгілі

Сілтеме

Оқулық: Т.М Артықова, Б.Немеренова Алматы, Атамұра, 2007- жыл

Интерактивті тақта, оқулық, маркер, қағаз, бағалау парағы.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың күз туралы алған білімдерін толықтыру.

Міндеттері

Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамытып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, талдау, ауызша-жазбаша



Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Амандасу

  2. Кезекшімен сұхбат

Амандасады

Оқушылар сұрақ қояды


Үй жұмысын тексеру 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тыңдайды, бақылайды.

Мәтінді әңгімелейді.

Жаңа сабақ 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өлеңді тыңдайды.

Сұрақ қояды

Не естідіңдер? Не туралы?

Тыңдайды, ойлайды, өз ойын ортаға салады.


Оқушының жауабы.

Сөздікпен жұмыс 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сөздерді тақтада көрсетеді.

Тапсырма беру


1-топ -Сөз тіркесін құрайды

2-топ -сөйлем құрайды

Өлеңмен жұмыс 10 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өлең береді.

Маркер, қағаз таратады.

Оқиды, аударады, талдайды, сурет салады, қорғайды.

Грамматикалық тапсырмалар 8 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-топқа 2-тапсырма сөз тіркесінің аудармасын өлеңнен тауып жазады.

2-топ 3-тапсырма Сурет бойынша әңгіме жазады.


Деңгейлік тапсырмалар орындату.

Оқушының жауабы.

Топпен орындайды, тақтада жазады, түсіндіреді, басқа топ жазып алады.

Қорыту. 4,5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Блиц-турнир ойыны бойынша әр топқа сұрақтар таратады.

Тілші мен сұхбат беруші сөйлеседі.

Бағалау 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Бақылау парағына ұпайларын қояды.

Үйге тапсырма 0,5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмаларды беру. (тақтадан көрсету)

Өлеңді жаттау.

Күнделікке жазады.

Түсінбесе сұрайды

Әр сабақ бойынша рефлективтік есеп. (болжау)

7–сыныпта 14- мамыр күні «Күз мезгілі» тақырыбына сабақ өткізбекшімін. Сабағымның мақсатын: оқушылардың күз туралы алған білімдерін толықтыру. Оқушылармен амандасу, психологиялық ахуал туғызу, оқушыларды жасыл, сары түсті қағаз таратып, топқа бөліп алмақпын. Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту барысында оқушы-оқушы арасында диалогқа түсіріп, кезекшілерді сұхбаттастырмақпын. Үйге берілген тапсырманы өздері дайындап келген кластер бойынша әңгімелетемін. Оқушылардық дарындылықтарын байқамақпын. Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлатып, жаңа сабақты ашып алмақпын. АКТ-ны қолданып, сөздік жұмысын орындатпақшымын. Сөздерді тізбектетіп оқытпақпын, оқыту себебім барлық оқушыларды жұмысқа қатыстыру. 1-топқа –сөз тіркесін құрғыссам, 2-топқа-сөйлем құрғып, оқушылардың өзін-өзі реттеуін көргім келеді. Өлеңмен жұмыс істеу үшін оқушыларға қағаз, маркер таратамын. Оқушыларға өлеңді оқытып, талдатып, суреттетіп, суретін қорғатып, оқушылардың дарындылығын байқағым келеді. 1- топ 2- тапсырманы орындайды, сөз тіркесінің аудармасын өлеңнен тауып жазғызамын. 2-топ 3-тапсырманы орындайды, сурет бойынша әңгіме жазады, оқушыларды диалогқа түсіремін. Оқушылар топпен орындайды, түсіндіреді, тақтада жазады, басқа топ жазып алады. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. Олардың дарындылығын анықтағым келеді. Сабақты қорыту үшін блиц-турнир ойынын жүргіземін. Оқушылар тілші мен сұхбатшы болып сөйлеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Үйге тапсырма беремін. Оқушыларға сабақ туралы өз ойларын стикерге жазғызып, ілгізгіземін.

















«Күз мезгілі» рефлективті есеп.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

7 –сыныпта 14- мамыр күні «Күз мезгілі» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: оқушылардың күз туралы алған білімдерін толықтыру деп алдым. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал туғыздым. Оқушыларды жасыл, сары түсті қағаз таратып, топқа бөліп алдым. Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту үшін кезекшімен сұхбат жүргіздім. Үйге берілген тапсырманы оқушылар өздері дайындап келген кластерлері бойынша Диана, Аружанның әңгімелерін тыңдадым. Осы жерде оқушылармен диалогқа түсіп, үй жұмысын бекіттім. Оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқып, оқшыларды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттадым. Сұрақ қойып, жаңа сабақтың тақырыбын ашып алдым. Оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аударып, сөздік жұмысын тізбектеп оқытып, жазбаша жұмыс орындатқыздым. 1-топ–сөз тіркесін құрды, 2-топ-сөйлем құрып, дәптермен жұмыс жасып, оқушылар өзін-өзі реттейді. Тапсырма орындауда мұғалім мен оқушы арасында диалогтық оқыту болды. Аружан мен Батырхан сөйлем құруда, Айгүл мен Юлия сөз тіркесін құруда белсенділік жасады. Топтық жұмыс барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлады, оқушы мен оқушы арасында диалогқа түсті. Осы тапсырмаларды орындауда көшбасшылық жасадым. Паша өз тарапынан басқа сөз тіркестерін құрып, өзінің дарындылығын танытты. Өлеңмен жұмыс істеу үшін оқушыларға қағаз, маркер тараттым. Оқушылар өлеңді оқып, талдап, суреттеп, суреттерін қорғады. Осы тапсырманы орындатқандағы мақсатым оқушыларды сын тұрғысынан ойландыру, дарындылықтарын тану, топпен жұмыс істеуге баулу. Сабақта Айгүл мен Диана өз дарындылығын байқатты, Батырхан сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз идеяларын ортаға салды.

1- топ 2- тапсырма бойынша сөз тіркесінің аудармасын өлеңнен тауып жазды. 2-топ 3-тапсырмадағы сурет бойынша әңгіме құрды. 1-топ жазылған сөз тіркестерін оқыды, 2-топ сурет бойынша құрған әңгімелерін ортаға салып, оқушылар бір-бірімен диалогқа түсті. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тараттым. Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың дарындылығын анықтап, жас ерекшелігіне сай білім беруді көздедім. Гүлхан осы тапсырмаларды орындауда өзінің дарындылығын танытып, 1-деңгейдің тапсырмасын орындады. Диана да осы деңгейге жеткенмен өз күшіне сенбей, мен істей алмаймын,- деп 1-деңгейді орындаудан бас тартты. Әр оқушы өз дәрежесіне сай тапсырмаларды орындады. Батырхан оқушылардың ішіндегі жасы үлкен болса да, деңгейлік тапсырмаларды толық орындай алмады. Аружан, Михаил, Юлия екі деңгейдің тапсырмаларын орындады. Айгүл, Аслан екеуі толық орындамағандықтан өз деңгейіне байланысты бағаларын алды. Оқушылар өзін-өзі бағалаған кезде, тапсырманы толық орындамағанына көзі жетіп, қойылған бағаға келісті.

Сабақты қорыту үшін блиц-турнир ойынын жүргіздім. Оқушыларды тілші мен сұхбатшы болып, диалогқа түсті. Оқушылар өзін-өзі бағалады. Үйге тапсырма бердім. Оқушылар сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, кері байланысқа түсті.

Келесі оқу жылында осы сыныбыммен тәжірибемді әрі қарай жалғастыруды ұйғарып отырмын.



Пайдаланған әдебиет:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.