Сабақ жоспары Ауылга саяхат (1 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


2-сабақ: Ауылға саяхат

Мектеп: №

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

1 сынып «Қазақ тілі»

Қатысқаны:Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:

1.2.3.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну;

1.3.4.2. Ауыл туралы айту, сөз және сөз тіркесін қолдану;

1.5.1.2. Сурет бойынша екі-үш сөйлем құрастыру.

Табыс критерийлері

Оқушылардың жоғарғы жетістігі: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады

Оқушылардың орташа жетістігі: мұғалім көмегімен етістікті үш жақта қолдана алады

Оқушылардың төмен жетістігі: саяхатқа қайда баратынын/бармайтынын айта алады.

Тірек сөздер

Тұрады, көмектесу, шөп шабу, малдар, жақсы көремін, көлдер, таулар, жолыңыз болсын!

Оқыту әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталату, «Шаттық шеңбер» тренингі, сергіту жаттығулары, иллюстрация, «Есте сақта» ойыны, деңгейлік тапсырмалар, видеоролик

Қажетті ресурстар

Ауыл суреттері, фильм, интербелсенді тақта, қима қағаздар, асық, қоржын.

Күтілетін нәтиже

Ауылға байланысты сөздермен сөйлем құрай алады;

Барғысы келетін ауылдың табиғатын суретке бейнелей алады.



Сабақтың барысы:

Қалыптастырушы

бағалау


І.Қызығушылығын

ояту

(МК) «Шаттық шеңберін» тұрғызып, «Қошақаным» туралы ән айтқызады.


(А) Мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Шапалақ соғу


Білу

(МК) Суретке қарап,сұраққа жауап беріңдер.

-Жазда сен қайда барасың?

-Ауылда кім тұрады?

-Сен кімге көмектесесің?

-Саяхатта не істейсің?

-Сен ауылды жақсы көресің бе?


(А)Суретке қарап отырып, мұғалім сұрағын мұқият тыңдап жауап береді.





Смаиликпен бағалау


Ой қозғау(шақыру)

Мұғалім интебелсенді тақтадан «Ауыл туралы» фильмнен үзінділер көрсетеді.Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.Атасы мен әжесі туралы сұрайды.

(А) Оқушылар фильмді көреді,не көргендерін сипаттайды, ауылда тұратын атасы мен әжесі туралы өз ойларымен бөліседі.


Жарайсыңдар! Қолпаштау сөздерін қолдану


ІІ.Мағынаны тану

Кел, сөйлесейік. Суретке қарап, ауылға саяхатқа барасың ба? деген сауал қояды.

Белсенді болайық. Қима қағазбен жұмыс.


(Т) Оқушылар кезекпен суретке қарап отырып жауап береді. Тауға бару,мал бағу,суға шомылу...

(А) Оқушылар қолдарындағы қи бойынша «Атам қайда? Әжем қайда?» деп іздеу салады.

Смайликпен бағалау


Түсіну

(МК) Суретті көру арқылы жаңа сөздермен таныстырады.Мәтінді мұқият тыңдайды.


(А) Оқушылар сынып алдында не түсінгендерін айтады.

Марапаттау, қолдау.


Жазылым

(МК) жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындайды. 5-тапсырма. Сәйкестендіріп үш сөйлем жаз (тақтамен жұмыс)

(Ж) Жазу үлгісі бойынша берілген тапсырманы орындайды.Кім ауылда не істейді?



Сергіту

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Оқушылар мұғаліммен бірге қимылдарды жасайды.

Мадақтау айту


ІІІ. Ойтолғаныс

(шығарма.тапсырма)

І топ. Ауылға саяхат» топпен постер жасау

ІІ топ. Сызба бойынша сөйле

Автовокзал...(-ға барамын)

Билет кассасы... (-нан билет аламын)

Автобус тұрағы...(-на барамын)

Автобусқа...(-қа мінемін)...

(А) Оқушылар ұжым болып, жеке де өз ойларымен бөліседі.

Сызба бойынша саяхат туралы айтып береді.



Асық бойынша ұпай жинау, бағалау


Жинақтау (бекіту)

Деңгейлік тапсырмалар.

ІІІд. Өлең не туралы?

Күнтізбе парағын,

Ақтарып қарадым.

Каникул болысымен,

Әжеме барамын.

Алақай!Алақай!

ІІд. «Есте сақта» айдарындағы сөздермен жұмыс жасайды.Мұғалім сөз айтады,оқушылар сол сөзді жылдам және дұрыс айтуы керек.

Ід. Суретті қолданып сыныптасыңа сұрақ қой. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушыларға суретті қимақағаздарын үлестіріп береді.

(Т)Оқушылар жауабын «ауыл туралы » деп айтуы керек.






(Ж) Оқушылар естеріне сақтаған сөзді дәптерлеріне қатесіз жазу қажет.



(Т) Оқушылар алған қимақағаздары арқылы бір-біріне сұрақ қояды, сұраққа жауап алады.

Бірін-бірі бағалау


Бағалау

Формативті бағалау.Жинаған асықтарын санап, сол бойынша бағаланады.


Ұпай жинау


Үйге тапсырма





Кері байланыс (рефлексия)

(МК)Мұғалім тақтаға ағаштың суретін іледі.Оқушыларға қызыл және жасыл алма(фишка) таратылады. Сабақ ұнаса қызылалма, ұнамаса жасыл алманы жапсырады.Қызыл алма піскен тәтті, балалар сүйіп жейді, ал жасыл алма қышықыл піспеген, балаларға ол онша ұнай қоймайды.

Балалар қызыл және жасыл алма туралы мәлімет алған соң, өз бағаларын береді.

Сабақ бойы кім қанша асық жинаса, сол бойынша бағаланады.


Смаиликпен бағалау