Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Астана қаласы Білім басқармасы
№59 мектеп-лицейі
[pic]
Тақырыбы
ОҚЫТУДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕГІ ҮШ ӨЛШЕМДІ ДЕҢГЕЙЛІК ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Изей Нұржамал Жақсыбайқызы
ОҚЫТУДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕГІ ҮШ ӨЛШЕМДІ ДЕҢГЕЙЛІК ӘДІСТЕМЕСІ
Н.Ж. Изей
№59 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Астана қаласы
“Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ”- деп атап өткен
Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне
шақырды.
Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл –мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны
үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп,
жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді.
Н.Ә.Назарбаев
«Баланы оқытудың мақсаты – оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз -ақ дамуға қабілетті ету»
Эдгар Хабард.
Оқыту, білім беру нәтижесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Заман талабына сай оқыту үшін инновациялық технологиялардың ролі өте зор.
Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол – оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі.
Проблеманың болу себептері:
Оқушылардың сөздік қорларының аз болуы;
Өзіне деген сенімнің болмауы;
Өз ойларын ашық айта алмауы;
Бірін-бірі тыңдай, бағалай алмауы;
Өз беттерінше ізденістің болмауы;
Енжар тыңдаушы ғана болу;
Сабаққа деген белсенділіктің, қызығушылықтың болмауы;
Өзге тіл және сабақтан басқа сөйлейтін орта жоқтығына орай оқушылар үйренгендерін тез ұмытуы;
Өзіндік шешу жолдары:
Осындай туындаған проблеманы шешудегі мақсатым – оқушыға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі – өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге назар аударып келемін.
Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға, дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді деңгейлік әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы» басты маңызды рол атқарады.
Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі:
Оқушыны үнемі әрекетке қосады;
Үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады;
Тілдік категориялардың лексика-грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді;
Оқушы әрі талдай, әрі алға жылжи отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында лингвистика саласындағы оқытудаң үш өлшемді деңгейлік жүйесі оқушыларға тіл меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ереже бойынша қайталау, пысықтау,бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, кроссворд, қызықты грамматика,тесттік сұрақтар, оқушыны ойландырып, іскерлік ойындар мен тренингтер, оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны дефференциалды оқытуға ыңғайлы, оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша жаттап алуға лайықты, өткен сабақтарда меңгерген білімдерін пысықтауға бағытталған болуы тиіс. Тапсырмалар оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек. Тапсырманың танымдалығы мен қызықтылық жақтары ескеріледі.Мысалы, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жазба жұмыстары сияқты қажетті сөздерді жаттады,”Менің үй-ішім”,”Үй хайуанаттары,” ”Ұлы адамдар өмірі,”Жыл мезгілдері,”т.б. тақырыптарды мәнерлеп оқып аударып түсінігін айтады. Жалпы лингвистиканың барлық саласынан жеңіл, көлемі кішкентай, түсінуге қолайлы тапсырмалар беріледі. Бірінші деңгей тарпсырмалары зердесінде мәңгілік жатталып қалатындай қысқа және нұсқа болуы тиіс. Екінші деңгейдегі тапсырмалар мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар. Оқушының сөйлеу тілін дамыту мақсатында мәтінді оқы, мәтінге ат қой, мәтін бойынша сұрақ қой, керекті сөздерді тауып жаз т.б. көптеген тапсырмалар орындалады. Сурет бойынша әңгіме құрады. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер жазады. Өлеңді сөздерді түсінеді, екі бағанадағы сөздерді сәйкестендіреді. Оқушының ойлау,сөйлеу қабілетін жетілдіретін тапсырмалар. Үшінші деңгейдегі тапсырмалар танымдық іздену түрдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Кроссвардтар шешеді. Берілген мәтіннің астына сұрақтарын өзі ойлап жазады. Проблемалық жағдай туындайды. Лексикалық,тілдік, фонетикалық сұрақтарға жауап беріп, грамматикалық, синтаксистік талдау жасайды. Өзіне керек материалды іздеп тауып оқиды.
Төртінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша оқушылардың ауызша жауаптары қисынды, дәлелді болуы тиіс. Оқушылардың білімдерімен іскерлігіне, дағдыларына қойылатын талаптармен таныстырып отыру керек. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бергенде нашар, алғыр оқушы деп деңгейлік тапсырмалар бөлектеп берілмейді.тапсырманы да ауыр жеңіл деп бөлуге болмайды. Бір оқушыға ауыр тапсырма, келесі оқушыға жеңіл болуы мүмкін. Барлық оқушыға І,ІІ,ІІІ деңгей тапсырмалары бірдей беріледі, орындау барысында әр қушы өз деңгейіне көтеріледі, өз күшін сезеді,өзін -өзі бағалайды. Оқушыға тапсырма бергенде оның ықпал ету пәрменділігі, маңызы тәрбиелік мәні ескеріледі. Берілген тапсырма оқушының іске деген жауапкершілігін арттыра алуы тиіс. Берілген білім алушылардың ой- елегінен өтіп қана қоймай, сезіміне әсер еткен жағдайда ғана, білім мен сенімге айналады.
5- сыныпқа өткізілген сабағымда оқушылар деңгейлік тапсырмалар арқылы өз жұмыстарын көрсетті, өз деңгейіне көтерілді. Жаңа сабақ барысында оқушылар диолог оқи отырып санауды және жаңа сөздерді меңгереді. Оқушыларға лексикалық және тілдік таппсырмалар бере отырып олардың басты назары тілдің жүйелік ерекшелігіне аударылады. Оқушы ана тілінен басқа екінші тілді үйрене келе, ойды жеткізудің жаңа тілдік мағыналарын меңгереді. Екінші тілде сөйлеу арқылы жаңа ұғымдармен танысады. Оның ойлау жүйесі дамиды. Сабақты үнемі диолог түрінде өткізу де тиімсіз.Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту үшін мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы деңгейлік тапсырмалар пайдаланылады және осы деңгейлік тапсырмаларды ескере отырып ІІІ -топтың оқушыларына дұрыс есімдікті және to have етістігін дұрыс орнына қойыңдар және to be етістігін жіктеңдер делінген тапсырмалар беріледі. ІІ -топтың оқушыларына, берілген хатты толықтыру, есімдіктерді дұрыс қою. І- топтың оқушыларына сурет бойынша әңгіме құрау. Осы берілген деңгейлік тапсырмаларда, оқушылардың білім шамасы ескеріледі.
Қандай нәтиже алынды?
Тапсырмаларды орындау барысында алған білімдерін дәлелдеп, жетістік-теріне қарап, қабілетіне қарай тереңдетеді;
Алған білімдерін түрлі жағдайда қолдана біледі;
Оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді;
Сабаққа деген қызығушылығы артып, белсенділігі жоғарылайды;
Алған білімдерін өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дамыта алатын тұлғаға айналады.
Қорытынды:
Оқытудың үш өлшемді деңгейлік жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Оқушыларды осы технология жетістіктері арқылы шығармашылығын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру басты мақсат. Өйткені жас дарынмен жұмыстың ауыртпалығы мен қуанышын бірге тартатын адамдар да, оның шығармашылық қабілеттерін де ашатын кілт мұғалім қолында.
Қорыта келе, «Нашар ұстаз ақиқатты өзі айтып береді, жақсы ұстаз оқушыны ізденуге итермелейді», дегендей оқушының қызығушылығын жоғалтпай жұлдызын сөндіріп алмай уақытылы танып, дамытып, құрметтеу ұлт мақтанышы боларлықтай қылу әрбір ұстаз міндеті, ол өз шеберлігін, білімін жетілдіріп және жүзеге асырғанда ғана жетістіктерге қол жеткізуге болады. Ал ағылшын тілін оқыту- қиын да қызықты жұмыс.Өмір талабы күн сайын өзгеріп отырған заманда ұрпағымыз өмір көшімен ілесіп тіл мәдениетін дамыту үшін жұмыстарға құлшыныс жасауды әрбір ұстаз міндетім деп түсінгені жөн.
Ж.Қараевтың үш өлшемді деңгейлік тапсырмалар арқылы өткізілген шығармашылық сабағым.
The theme of the lesson: Parts of the body
The aims of the lesson:
1. To enlarge pupils vocabulary, to pay attention to their pronunciation, to teach to work creatively
2. To enrich students knowledge, concerning the theme;
3. to develop pupils’ skills on reading, translating, asking questions to each others.
Type of the lesson: Creative lesson
Methods of the lesson: ZH. Karaev’s level tasks.
Procedure of the lesson:
I. Awakening stage.
Find the rhyming twins.
Buy nose
These eye
Bear hair
Head please
Rose red
In planning daily lessons, I try to use different activities and exercises. Zhaunbay Karaev’s level tasks are useful for arising interest in learning. It consists of four levels:
1-кезең тапсырмалары.
Common (student’s) level. At this stage, students are given simple and easy tasks.
Look at the picture. Read and learn the new words. (оқушылар оқулықтағы дене мүшелерінің аттарын үйренеді және электронды оқулықтан айтылуын тыңдап, есте сақтап жеткізіп беру керек.)
2-кезең тапсырмалары.
Algorithmic level.
At this stage, students do various tasks, which make them think a lot. These tasks may include the new grammar structures, verbs which have just been explained or it may be in the form of revising.
Task 1. Learn to read the new words and sentences: first read them to yourself, then aloud as quickly as you can. (оқулықтан жаңа сөздер мен сөйлемдерді шапшаң оқу керек және электронды оқулықтағы тапсырма бойынша шағын тест тапсырады. Онда слайдтағы көрсетілген қуыршақ дене мүшесін қозғайды. Берілген үш сөзден қозғалған мүшені анықтау керек.)
Task 2. Can you complete the sentence. Click and drag the correct answer into the Word Machine. New words can help you.
To move – қозғалту
To nod – изеу
To wriggle – бүгу, майыстыру
To pinch – шымшу
Look at my – - – (arm, eye, hand)
1. I am moving my …( hands, eyes, head)
2. This is my … (eye, arm, leg)
3. What am I moving now? (nose, mouth, chin)
4. I like to move my …(hands, mouth, feet)
5. Wriggle your … (fingers, thumb, toes)
6. Nod your …(hands, head, eyes)
7. Pinch your … (cheeks, eyes, nose)
8. Check out my … (head, ears, hand)
9. Can you use your tongue and touch your … (eye, nose, ear)
3 –кезең тапсырмалары.
Creative level.
It is the most interesting stage for pupils, as I have remarked. This level gives them an opportunity to reveal their talents and abilities in poetry and drama.
Task 1. Role play the dialogue.
Example: – What do you hear with?
I hear with my ears.
What do you see with/
What do you eat with?
What do you walk with?
What do you write with?
What do you think with?
Task 2.Complete the sentence below by clicking on the letters to form the missing words.
I use my __ to smell (nose)
I use my __ to see. (eyes)
I use my __ to eat. (mouth)
I have ten __ (toes)
I use my __ to hear.(ears)
I use my __ to taste (tongue)
I use my__ when I think. (head)
I use my __ to walk (legs)
I have eight __ and two thumbs. (fingers)
I use my __ to write. (hands)
Task 3. I suggest a task to make up a short poem on the basis of the work they have just read. In this case, I give them a structure to which they will refer:
What can’t you do without…?
Without your tongue
You cannot talk.
Without your feet
You cannot walk.
Without your eyes
You cannot see.
Without your heart
You cannot be.
Without my___
I cannot____.
Some of the students made up such poems.
Without my nose
I cannot smell.
Without my mouth
I cannot eat.
Without my leg
I cannot run
Without my ears
I cannot hear.
This work helps a lot in practicing the vocabulary and grammar.
4-кезең тапсырмалары
A search level.-
It involves students into research works and projects. For example, by finding the right word for each gap and reading the text.
Оқушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін, келістіре баяндай білуге дағдыландыру, ағылшын тілінде жазылған шығармалардың тіл байлығын стилін, әр сөздің атқаратын идеялық- эстетикалық жүгін жете меңгерту, кітаптарды өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдыларын қалыптастыру, адамзаттың ғасырлар бойғы жасаған рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру, сөйтіп егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын, ізгі тағылымдарын, салт- дәстүрі, тарихи құндылықтарын шетел тілі арқылы таныту пән мұғалімдерінің басты мақсаты болуы тиіс.