Қазақ тілі орыс сыныбына5

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Күні: 15.10.16 Сыныбы: 5б Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Жеңіл әрі пайдалы
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік
Қажетті материалды толық игеру, практикалық түрде пайдалану арқылы сөйлеу тілін дамыту
ІІ Дамытушылық
Оқушыларды іздендіре отырып, оқу еңбегінің түрлері мен тәсілдерін үйрету арқылы оқушы бойындағы іскерлік пен дағдыны дамыта түсу.
ІІІ Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі:
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау
Көрнекіліктері:
интерактивті тақта, стикерлер, кеспе қағаздар
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушы назарын аударту :
-Бүгін нешесі?
-Қазір қай сабақ?
-Қазір нешінші сабақ?
-Сыныпта кім жоқ?
Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ
Мотивация жасау. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын өздерінің табады.Тақырыпқа байланысты суреттерді көрсетіп оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Балалар ,назар аударайық
-Тақтада нелер бейнеленген? (алма, алмұрт, жүзім, сүт, айран)
-Олар қандай тағамдар? (пайдалы)
Сонымен,балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз – пайдалы тағамдар.

Жаңа сөздермен жұмыс (бұл сөздер дыбысталу керек.Тыңдалым әрекеті)
Сиқырлы аудармашы арқылы жаңа сөздермен таныстыру:
дұрыс тамақтану-правильное питание
Таңертеңгі ас-завтрак
Түскі ас-обед
Кешкі ас-ужин
Денсаулық-здоровье
Керек-нужно
Бірнеше оқушыға мәнерлеп оқытамын.Сөз тіркестерін айтқызамын
Мәтінмен жұмыс.
Ас –адамның арқауы. Адам дұрыс тамақтану керек. Таңертеңгі, түскі, кешкі асты бір мезгілде ішу керек. Ет тағамдары мен сүт тағамдары, сәбіз, қызанақ, қияр, алма, алмұрт, өрік, шие, қарақат сияқты көкөністер мен жемістер адамның денсаулығына пайдалы.
А) Мәтінді өзім мәнерлеп ,айтылуын назар аудара оқимын.
Ә) Оқушыларға оқыту
Б) Мәтіннің мазмұнын түсіну
Топтық жұмыс
1 топ-Мәтінге сұрақтар қойыңдар.
2 топ- «тамақтану» сөзін жіктеу. Тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыру.
3-топ -Жаңа сөздердің астын сызыңдар.
(Бұл тапсырмаларды парақшада орындауға беремін. )
Лексикалық тапсырма Топ мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топ мәтін бойынша әңгімелейді. Топ мәтін бойынша сурет салады. Сергіту сәті Б) Грамматикалық тапсырма

Мәтін ішінде қарамен жазылған сөздерге

1-Топ мәтін бойынша буынға бөліп жазады. Буын түрлерін анықта.

2-Топ кесте бойынша тәуелдік жалғауын дұрыс табу


[pic]

3-Топ мәтін ішінен көптік жалғауы бар сөздерді жазу.

5.Ой толғау.Ақпаратты сүзу.

Сүзгіш үш топқа беріледі.

  1. Пайдалы және зиянды тағам салу

Қорытынды

[pic]

Жасырынбақ (жасырылған сөздерді тап ). Үй тапсырмасы:



І деңгей. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы эссе жазу.

Бағалау