Орал қ.
№34 А.Тайманов ат. мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
А.Ж.Утегалиева
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Әдеби ертегілер туралы түсініо.
ІІЖ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.
VІ. Түсінік тексеру:Берілген үлгі бойынша ертегіге жоспар құр.
Ата –ананың қуанышы.
а/ .........................................
ә/ .........................................
б/ .........................................
Саржанның өлімі.
а/ .........................................
ә/ .........................................
б/ .........................................
Толағай – ел мақтанышы.
а/ .........................................
ә/ .........................................
б/ .........................................
4.Кейіпкерлерге мінездеме бер.
5.Ертегіден автор қолданған көркемдік құралдарды тауып жаз.
Теңеулер: ____________________________________________________
______________________________________________________________
Эпитет.: ______________________________________________________
____________________________________________________________
6.«Толағайтау» тақырыбына сурет сал және өлең құрастыр.
Суретпен жұмыс:
Суреттерге қарап оның ертегіге қандай қатысы бар екені анықталады, суретке тақырып қойылады.(жұппен)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру (Венн диаграммасы)
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.
2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.