[link] жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды.
Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.
Өлеңді мәнерлеп оқу. «Менің Республикам».
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары
Менің көгім- мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің.
ІV. Өлеңді сатылай кешенді талдау жұмысы.
Қазақ поэзиясына елеулі еңбек қосқан ірі дарын иесі Сырбай Мауленов. 2
Тақырыбы:
Ұшы - қиыры жоқ ұлан байтақ Республикамыз, тамаша мекеніміз туралы.
3
Идеясы:
Туған Отанына деген сүйіспеншілігін насихаттау, туған жеріміздің әсемдігін дәріптеу.
4
Жанр түрі:
поэзия (өлең)
5
Шумақ:
3
6
Тармақ:
12
7
Бунақ:
3
8
Буын:
11
9
Ұйқас түрі:
а,а,б,а Қара өлең ұйқасы
Тау/ды көр/сең// күн кө/зі/мен// та/лас/қан. 11б а
Ас/пан көр/сең //Ай мен Күн/ге/ /жол/ ашқан, 11б а
Ме/нің бай/тақ// Рес/пуб/ли/кам// тау/ла/ры 11б б
Ме/нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген// сол ас/пан. 11б а
Сөздік жұмыс.
ұлан-байтақ-кең-байтақ
Ай мен Күнге жол ашқан-аспан айдың,күннің еркін жүретін жолы,поэтикалық қолданыс болып табылады.Отан да солай адамдарға жол ашқан деген ұғымға жақын.
Көкжиек-аспан мен жердің қиылысу сызығы
Түскі аспан-ашық аспан деген ұғымда
V.Балалар бізге ертегі кейіпкері Алдар көсе ұялы телефондарымызға тапсырма жолдапты қане сол тапсырмаларды орындап көрейікші.
VI. Үйге тапсырма: «Менің Республикам» өлеңін жаттау.
«Менің елім», «Туған жердей жер болмас», т.б. тақырыптарына оқушылар қабілеттеріне қарай ой толғау, өлең жазу, сурет салу.