Антон Макаренко атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Менің денем
Сыныбы: 2 «Ә»
Ағылшын тілі мұғалімі: Темірбек Балжан Нүркенқызы
2016 жыл
Күні: 15.11.2016
Appearance Unit 3. Lesson l
Сабақтың тақырыбы: My body.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Жарыс, ойын, топтық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Му body» тақырыбы бойынша жаңа сөздікті еңгізу, This is a.../ These are ... құрылымының аясында зат есімнің жекеше және көпше түрін қолдануды белсендіру, тақырыптық лексиканың орфографиялық дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқылған лексиканы белсенді ету сөздік қорды байыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; сабақтағы өз іс-әрекетін өз бетімен бағалау білігін дамыту; өз - өзін таныстыра алуды дамыту.
Тәрбиелік: өз отбасының үлкен/кіші мүшелері/ мұғалімдермен/ сыныптастармен амандасу және үлкендерді сыйлауға баулу. Үй және мектеп жеке меншіктеріне күтіммен карауға тәрбиелеу. Жеке бас тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
пәндік: мұғалімнің, диктордың сөзін тыңдау арқылы ағылшын дыбыстарын дұрыс айту; сабақтың a head, a shoulder, a knee, a toe, a hand, leg, left, right оқу, жазу және сөйлеуде колдану; жаңа сөздерді ауызша және жазбаша қолдануда орфографиялық нормаларды сақтау.
тұлгалық: ағылшын тіліне деген қызығушылықты көрсету, тілдік қарым-қатынастың (тілдік этикеттің) техникасын қалыптастыру.
жүйелік-әрекеттік: бұрын үйренген тілдік материалды тақырып аясында ақпарат сұрауда қолдану, лексикалық-грамматикалық құрылымды күнделікті өмірде қолдану.
Сабақты материалымен қамтамасыз ету:
мұгалім үшін: CD ойнатқыш, көрнекі материалдың жинағы;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, мотивациялық сертификаттар, смайликтар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану (дене мүшелері).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру сәті.
Good morning, children! I’m glad to see you! How are you?
Good morning, teacher! We are fine. And you?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
Балалар, біз өзіміз, туысқандарымыз, достарымыз туралы әңгімелей аламыз. Солай емес пе? Ағылшынша біз не айта аламыз? Естеріңе түсіріңдер. Жарайсыңдар! Ал енді, біз сыртқы келбетті сипаттауға үйренеміз. Бірақ, алдымен қажет сөздерді жаттап алуымыз керек. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Му body».
Мұғалім «body» сөзінің мағынасын түсіндіруі тиіс.
Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
Біз сөйлегенде қолданатын сөздердегі ағылшын әріптерін дұрыс айтып үйренеміз
/е/, дыбысымен жұмыс.
Say: pen, Ben, hen, head, bed, leg, vet.
Great job, children!
Іс-әрекет тәсілі мен жаңа білімді меңгеру.
Оқулықпен жұмыс.(Топқа бөлу: 1 және 2 саны арқылы топты екіге бөлу)
1-жаттығу. Listen and learn the new words.
Track 16.
Ben: a head, a shoulder, a hand, a knee, a leg, a toe.
Жаңа сөздермен танысқаннан кейін, оқушылардан мынадай жай сөйлемдерді құрастыруды сұраңыз:
This is a head. This is a shoulder. This is a knee. This is a toe. This is a hand. This is a leg.
Мұғалім тыңдалымнан кейін лексиканы бекітеді. Мүғалім сөздерді айтады, ал оқушылар оларды оқулықтың суреттерінде көрсетеді. Олар көрсетіп қана қоймай, оларды атайды. Мұғалім оқушыларды орындарынан тұрғызып, өзі айтқан дене мүшелерін көрсетуді сұрайды. E.g. Show me your head/ hand/ leg/ shoulder, etc.
«Бинго» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: сөздікті бекіту, тыңдалым арқылы қабылдау дағдысын дамыту.
Ойынның өту барысы: Оқушыларға бинго парақшаларын таратып, мұғалім ағылшынша сөздерді айтады. Оқушылар бинго парақшаларынан сол сөзді байланысты суретті тауып сызады. Кім бірінші аяқтайды, сол оқушы бинго деп айтуы керек.
Грамматикалық құрылым
Сабақ тақырыбының аясында This is a... / These are құрылымының жекеше және көпше түрінің қолданылуын белсендіру.
This is a toe - These are toes.
This is a shoulder - These are shoulders.
This is a knee - These are knees.
Түсінгендерін алғашкы бекіту.
2-жаттығу. Say. This is a... / These are...
Оқушылар осы құрылымды қолданып, суреттерді сипаттау тиіс. (Оқушыларды өздеріне таныс тәуелдік есімдіктерді қолдану арқылы бұл құрылымды кеңейтуге ынталандыру керек.)
Keys:
These are (his) knees.
These are (her) shoulders.
These are (his) toes.
This is (her) head.
This is (her) hand.
This is (his) leg.
Мұғалім сол мен оң колын кезекпен көрсету арқылы left, right сөздерін еңгізеді. This is my left hand. And this is my right hand.
Сергіту сәті.
Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes.
Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes.
And eyes, and ears, and mouth,
And nose.
Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes.
Іс-әрекет тәсілін және білімдерін бекіту.
Дәптермен жұмыс.
жаттығу. Name the body parts. Write.
Мақсаты: сабақтың белсенді лексикасы бойынша орфографиялық дағдыларын дамыту.
Оқушылар суретте бейнеленген дене мүшелері мен сөздерді сызықпен қосуы тиіс. Сөздер қоршауда берілген: a head, a shoulder, a knee, a toe, a hand, a leg.
«Кубик» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Оқушыларда үш тілде ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның өту барысы: Екі топтан бір- бірден оқушылар тақтаға шығып кубикті лақтырады, кандай сурет шықса сол сөзді үш тілде айтуы тиіс.
жаттығу. Complete the sentences.
Мақсаты: сабақтың белсенді лексикасы бойынша орфографиялык дағдыларын This is а... / These are... құрылымында дамыту.
Оқушылар суреттерге сүйене отырып, құрылымның керекті нұсқасын жазуы тиіс.
Keys:
These are my shoulders.
This is my head.
These are my ten toes.
These are my hands.
жаттығу. Guess the body part. Write and match.
Оқушылар сөздерді тауып, әртүрлі дене мүшелеріне жазады. leg, hand, head, shoulder, knee, toe.
Сабақты қорытындылау.
Мұғалім қателерге назар аудармай, жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне жағымды орта кұрып, әр оқушының жұмысын бағалайды және сабаққа қорытынды жасайды.
Бағалау. Смайликтерді жинау арқылы бағаланады. 7-10 ға дейін 5, 4-7 ге дейін 4, 1-3 ге дейін 3 деген бағамен бағаланады. Ең көп смайлик жинаған балаға мотивациялық сертификат беріледі.
Үйге тапсырма беру.4, 5-жаттығулар.
Рефлексия
Балалар мнау алма ағашы. Егер сабақты жақсы түсінсеңдер қызыл алманы іліңдер, сары алманы орташа түсінсеңдер, ал жасыл алманы сабақты түсінбесеңдер ілесіңдер.