Разработка урока казахского языка по теме Бірлік пен ынтымақ елі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың басымды мақсаты-тәрбиелік, өйткені сабақтың тақырыбы-«Бірлік пен ынтымақ елі»

8 Б сынып-оқушылардың білім деңгейі орташа (білім сапасы 41 пайыз)-топта 12 оқушы:

«5»-2 оқушы оқиды

«4»-3 оқушы

«3»-7 оқушы

Сабақты мен деңгейлік курсының 7 модулін пайдаланып, құрастырдым.

Дарынды балалар алдын ала тапсырмалар алды-олар басқа топтарға Қазақстан тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырды

Нашар оқитын балалар-физминутка өткізді

Сабақтың әдебиетпен байланысы болды, өйткені әдеби мәтіндермен жұмыс жасады.




























Сабақтың тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ елі

Сабақтың мақсаты:

1/ Отанымыз, халқымыздың қайырымдылығы, Қазақстандағы 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұратындығы туралы әңгімелеу

2/ ауызша, жазбаша тілдерін дамыту

3/ топта жұмыс істеу арқылы бірлік пен ынтымақтастық қасиеттерінің дамуына ықпал ету, Отанымызды қастерлеу, сүю, мақтан етуге тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


Тренинг «Мен саған тілеймін»-2 минут


  1. Эпиграфпен жұмыс-2 минут

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Ала-порознь

Түгел-вместе



  1. Бірлік туралы біздің Президент Н.Назарбаевтың сөзін тыңдаймыз.


  1. Жаңа материалды оқыту. Тапсырмалар:2+1 минут



Мақал-мәтелдерді дұрыс құрастырыңдар және Отан туралы 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.

а/ Тірлік, бар, бірлік, бар, жерде.

ә/ Жоқ, тозады, ел, бірлігі,

Бар, ел, озады, бірлігі.



б/ Алды, ынтымақ, ырыс.

в/ Бірлікте, күш.


г/ Көзі, бірлікте, береке.

д/ Жұмыла көтерген жүк жеңіл.


Сергіту сәті-2 минут




  1. Әдеби мәтіндермен жұмыс7-8+4 минут



Көптеген ақын-жазушылар өз шығармаларында «бірлік, татулық» тақырыбын ашқан. Мысалы, А.Байтұрсынов Крыловтан аударған «Лебедь, рак и щука» мысалында, ұлы Абай атамыз қара сөздерінде, ал М. Мағауин «Бір атаның балалары» әңгімесінде. Қазір сіздер әдеби мәтіндермен жұмыс жасайсыздар.


Мысал мазмұны бойынша тапсырмаларды орындаңдар.


  1. Мысалды мәнерлеп оқып шығыңдар.

  2. Мысал кейіпкерлері кім?

  3. Олар не және қайда тартты?

  4. Жүк неліктен орнында тұр?

  5. Ғибрат бар жолдарын тауып оқыңдар.

  6. Бірлік туралы 2 мақал жазыңдар.


Тапсырмалар:

  1. Абайдың «Отыз сегізінші сөзінен» үзіндіні мәнерлеп оқып шығыңдар.


  1. Абай туралы не білесіңдер?


  1. Оның қандай шығармалары бар?


  1. Абай адам баласын қор қылатын қандай үш нәрсені атайды?


  1. Солардың ішінде қайсысы адамды хайуандарға айналдырады?


Мұхтар Мағауин

«Бір атаның балалары»

Тапсырмалар:

  1. 7-ші сыныпта өткен Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесінен үзінділерді оқып шығындар.

  2. Ахаң неліктен неміс баласын алды?

  3. Ахаңды қандай адам деп есептеуге болады? Осы оқиғадан қандай мінез көрінеді?

  4. Неміс баласы Зигфрид Вагнер неліктен жетім болып қалды?

  5. Ұлы Отан соғысы туралы не білесіңдер?

  6. Әңгіме неліктен «Бір атаның балалары» деп аталады?





  1. Бекіту-(пікір алмасу)-3-4 +2минут

а/ «Бірлік» тобының тапсырмасы:

Адамдар арасында бірлік болу үшін не істеу керек?

(сурет, кластер, сызба арқылы көрсетуге болады)


ә/ «Жастар» тобының тапсырмасы:

Адамдар арасында бірлік болса, не болады?

(сурет, кластер, сызба арқылы көрсетуге болады)


б/ «Жігіттер» тобының тапсырмасы:

Адамдар арасында бірлік болмаса, не болады?

(сурет, кластер, сызба арқылы көрсетуге болады)


  1. Топ басшылары дайындаған тапсырмалар: сұрақтарға жауап



  1. Қорытынды:5 минут

Пікір алмасу. Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болып жатыр, мысалы Сирия, Мысыр, Түркияда. Ал біз, балалар, бақытты елміз, өйткені бізде соғыс жоқ.

Соғыс-бейбітшілік. (кестені толтыру)


Тапсырма: кестені толтырыңдар. Соғыс не әкеледі? Бейбітшілік дегенімізді қалай түсінеміз?

















8.Сабағымызды Әл-Фарабидің сөзімен аяқтағым келеді.-1 минут

Әл-Фараби былай деген:"Адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық-қайырымды халық.Егер халықтар бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесіп отыратын болса ,бүкіл жержүзі осылайша қайырымды болмақ".

Рефлексия. -2 минут

-Бүгін сабақта оқушылар арасында бірлік болды ма?

(«Әрқашан күн сөнбесін» әні қосылады) Мен бақытты баламын, өйткені ... –әр оқушы сөйлемді аяқтайды (әр топ стикерлерге жазып, тақтаға іледі)

Үй жұмысы-қалау бойынша-1 минут

«Менің Отаным-Қазақстан» шағын шығарма

диалог «Отан туралы»

«Қазақстан» тақырыбына 7-8 сұрақ құрастыру























































Сабаққа үлестірмелі материалдар

Ахмет Байтұрсынов

«Аққу, шортан һәм шаян» («Бірлік»)



Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,

Жегіліп,тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Тартады Аққу көкке, шаян кейін,

Жұлқынды суға қарай Шортан шіркін.



Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады,

Тартса да бар күштерін аямай-ақ,

Асылы, жүк орнынан қозғалмады.



Оншама ол жүк артық ауыр емес,

Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес.

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,

Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.



Жігітттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.



[pic]



Мысал мазмұны бойынша тапсырмаларды орындаңдар.


  1. Мысалды мәнерлеп оқып шығыңдар.


  1. Мысал кейіпкерлері кім?


  1. Олар не және қайда тартты?


  1. Жүк неліктен орнында тұр?


  1. Ғибрат бар жолдарын тауып оқыңдар.


  1. Бірлік туралы 2 мақал жазыңдар.




















Абай Құнанбаев «Отыз сегізінші сөз» («Жігіттер»)



Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық.

Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.

Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.

Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады.

Надандық-невежество

Еріншектік-лень

Залымдық-злодейство



Тапсырмалар:

  1. Абайдың «Отыз сегізінші сөзінен» үзіндіні мәнерлеп оқып шығыңдар.



  1. Абай туралы не білесіңдер?



  1. Оның қандай шығармалары бар?



  1. Абай адам баласын қор қылатын қандай үш нәрсені атайды?



  1. Солардың ішінде қайсысы адамды хайуандарға айналдырады?



Мұхтар Мағауин

«Бір атаның балалары»

Тапсырмалар:

  1. 7-ші сыныпта өткен Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесінен үзінділерді оқып шығындар.

  2. Ахаң неліктен неміс баласын алды?

  3. Ахаңды қандай адам деп есептеуге болады? Осы оқиғадан қандай мінез көрінеді?

  4. Неміс баласы Зигфрид Вагнер неліктен жетім болып қалды?

  5. Ұлы Отан соғысы туралы не білесіңдер?

  6. Әңгіме неліктен «Бір атаның балалары» деп аталады?



Ахаң ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

-Айналайын, жүр үйге кеттік. Апаң күтіп отыр ...

Кешіне Ахаң бүкіл ауылды баласының асық жілік ұстатар тойына шақырды.

-Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә,-деді Ахаң.

-Әйткенмен де, дәл осы баланы таңдауыңызға не себеп?-деп сұрар еді көңілі жақын замандастары.

-Маған бәрі бірдей еді,-дейтін Ахаң.- Әйтсе де көп жетімнің ішіндегі шын жетім осы екен. Обалынан қорықтым ...

Көп ұзамай Ахаң тұрғылыстарымен бас қосқан жерде бөтен сөзді қойып, үнемі баласының жайын әңгімелейтін болды.

Сөздік:

асық жілік ұстатар той-праздник в честь взросления ребенка

шын жетім-настоящий сирота

құдайға күнә-грех перед богом

пайғамбарға шет-чуждо пророку










Бағалау парағы



Оқушының аты-жөні

Оқушының бағасы

Топ басшысы-ның бағасы

Мұғалімнің бағасы

Орта баға

Бердібаева Д.

Ескендіров М.





Светин Г.





Семенов Н.





Бағалау критерийі:

1/ топта жұмыс істегенде белсендік үшін

2/ жауаптардың сауаттылығы