Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Еркибаева Нұрсұлу Олжабайқызы | Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Макин орта мектебі |
Апта 3 | Күні 18.05 | Сабақ Қазақ тілі | 7-сынып Оқушылар саны -12 |
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты |
Сілтеме | Интерактивті тақта, бағалау критерийлері, диктант мәтіні. |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды сауатты жазуға баулу. |
Міндеттері | 1.Сауатты жазу. 2.Өзін-өзі бағалау. |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Әдіс-тәсілдері | Сұрақ-жауап, ауызша-жазбаша |
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | 1. Сауаттылықтарын тексеру. 2.Оқушылардың бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалауы. |
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Амандасу
| Амандасады. |
Үй жұмысын тексеру 7 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Үйге берілген өлеңді тексеремін. | Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. |
Жаңа сабақ 25 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Мәтінді оқу.
Диктантты жазғызу. Диктант мәтінін тарату. Критерийлер тарату. | Тыңдайды. Қиын сөздерді талдайды. Жазады Тексереді. Бағалайды |
Қорыту. | 5 мин |
«Диктант» сөзіне синквейн жазғызу. | Оқушылар жазады. |
Бағалау | 5 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Бақылайды, бағалайды. | Бақылау парағына ұпайларын қояды. |
Үйге тапсырма 1 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Тапсырмаларды беру. (тақтадан көрсету) Өткенді қайталау. | Күнделікке жазады. Түсінбесе сұрайды |
Әр сабақ бойынша рефлективтік есеп. (болжау)
7 –сыныпта 18- мамыр күні «Бақылау диктанты» тақырыбына сабақ өткізуді жоспарлап отырмын. Сабағымның мақсатын: оқушыларды сауатты жазуға баулу деп алдым. Сабағымды амандасумен, оқушылардың көңіл күйлерін білумен бастамақпын. Кезекшілердің сұхбатын тыңдауды да жоспарладым. Үйге берілген өлеңді мәнерлеп оқытамын. Тақтаға көңіл бөлгізіп, не істейтінімізді ашып алмақшымын, дәптерлеріне күнді жазғыздыртамын. Мәтінді мәнерлеп оқып, талдаттырамын. Диктантты жазғызамын. Жазылған диктантты басынан бастап, оқып тексертпекшімін. Диктантты жазып болған соң, грамматикалық тапсырма орындатуды жоспарладым. Жазылған диктант мәтінінен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазғызамын. Диктанттың мәтіні мен тапсырманың жауабын АКТ-ны қолданып, интерактивті тақтаға шығарып, оқушыларға өз жұмыстарын өздеріне тексертпекшімін. Диктантты бағалау критерийлері жазылған қағаз таратып, оқушылар өз жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Сабақты қорыту үшін «диктант» сөзіне синквейн жазғызуды жоспарладым. Үйге өткенді қайталауға бермекшімін.
«Бақылау жұмысы» рефлективті есеп.
АКТ-дың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.
7 –сыныпта 18- мамыр күні «Бақылау диктанты» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға баулу. Сабағымды амандасумен, оқушылардың көңіл күйлерін білуден бастадым. Кезекшілердің сұхбатын тыңдадым. Үйге берілген өлеңді оқушыларға кезекпен мәнерлеп оқыттым. Гүлхан мен Диана, Аружан ғана мәнерлеп оқыды. Тақтаға көңіл бөлгізіп, не істейтінімізді ашып алдым, дәптерлеріне күнді жазғыздым. Осы жерде мұғалім мен оқушы арасындағы диалог жүргізілді. Мәтінді мәнерлеп оқып, оқушылар мұқият тыңдады.Сұрақ қою арқылы тағы да оқушылармен диалогқа түстім. Диктантты жазғыздым. Жазылған диктантты басынан бастап, оқып тексерттім. Диктантты жазып болған соң, жазылған диктант мәтінінен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазғыздым. Осы жұмыс істеу барысында оқушылардың СТО қабілетін дамытуды мақсат еттім. Барлық тапсырмалар орындалғасын диктанттың мәтіні мен тапсырманың жауабын АКТ-ны қолданып, интерактивті тақтаға шығарып, оқушыларға өз жұмыстарын өздеріне тексерттім. Оқушыларға бағалау критерийлері жазылған қағаз тараттым, оқушылар өз жұмыстарын бағалады. Аружан, Диана, Гүлхан, Айгүл өз жұмыстарын тексеріп, бағалады. Михаил, Паша, Дима да өз жұмыстарын тексеріп, критерийлер бойынша бағалады. Настя өз жұмысын тексеріп, өзіне үштік баға қойды. Юля өз жұмысына бестік баға қойдым, өйткені бір ғана қатем бар,-деді. Сабақты қорыту үшін «диктант» сөзіне синквейн жазғызуды жоспарлаған едім, уақытым жетпегендіктен осы тапсырманы орындаған жоқпын. Келесі сабағымды жоспарлағанда осы кемшілігімді болдырмаймын. Жеті модуль арқалы білім беруді жалғастырамын.
Пайдаланған әдебиет:
Мұғалімге арналған нұсқаулық.