Пән мұғалімі: Искакова С.Т.
Сынып: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы : Спорт. Спорт түрлері.
Сабақтың мақсаты: Спорт түрлері туралы түсініктерін молайту, тіркесті сөздермен сөйлемдер құруды үйрену.
Сабақтың міндеттері:
білімділік- спорт түрлері туралы түсініктерін молайта отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, мәтінді түсінуге,ойды жүйелеп айтуға үйрету;
дамытушылық- сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
тәрбиелік-қазақ тілін үйрене отырып, спорт түрлерінің атауларын, адамға пайдалы екенін дәлелдеу , салауатты өмір салтын ұстанатын, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Түрі: аралас, жаңа білімді игеру сабағы.
Тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, дамыта оқытудың элементтері,өз бетімен жұмыс жасау әдісі.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, слайд, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: спорт, дене тәрбиесі, тарих,тіл.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.Сабаққа даярлығын есkеріп, орындарына отырғызу.
ІІ Ойқозғау. Сабақтың тақырыбын анықтау.
Полезный,красота, терпеливость, благодарный, игра (сөздерді аудару, бірінші әріптерінен сабақтың тақырыбын шығару)
Спорт
Сабақтың мақсатын айтқызу.
Спорт дегеніміз не? Қандай ассоциация туғызады?
Спорт – денсаулық, сұлулық, футбол, жанкүйер, мұз айдын, олимпиада, женімпаз, жеңіс, жүлдегер, ойын...
Спорт түрлеріне қысқаша сипаттама беру. Жазғы мен қысқы спорт түрлері.
Қазақстан спортшыларының жетістіктері (презентация)
Қорытынды: біздің еліміздің мақтанышы.
Мәтінмен жұмыс. Спорт түрлері.
Спорт денсаулықты жақсартады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор.Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.
Спорттың күнделікті қолданыстағы мынадай түрлерін атай аламыз:коньки, шаңғы тебу, қол күрестіру, футбол, волейбол, баскетбол, бокс, еркін күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, тейквондо, дзюдо, велоспорт, жүзу,т.б.
Егер адам осы спорт түрлерінін бірімен айналысса,өмірде маңызды жетістіктерге жетеді.
мәтіндегі таныс емес сөздерді теріп жазу
жақсартады – улучшает
дамып келеді – развивается
күнделікті қолданыста – каждодневный, обычный
жетістіктер – достижения
жүзу – плавание
еркін күрес – вольная борьба
маңызды - важный
Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
1. Спорт нені жақсартады?
2.Спорттың маңызы қандай?
3.Спорт бүгінде қалай дамып келеді?
4.Спорттың күнделікті қолданыстағы түрлері қандай?
5.Адам спортпен айналысса, қандай жетістіктерге жетеді?
Қорытынды. Әр топ өз түсінгенін айтады.
Тұжырым : Не түсіндіңдер?Өз ойың.
Топтық жұмыс. Сөйлесу.
1топ. Шаңғы тебу спорты
2топ. Футбол ойыны
3 топ. Жүзу.
Сергіту сәті
Оң аяқ Біресе төменге Иіліп оңға бір
Сол аяқ Біресе жоғары Иіліп солға бір
Жаттығу оңай-ақ Жаттығу оңай –ақ Жаттығу оңай-ақ
Жазбаша жұмыс
1 топ. Жіктеу (спортшы) Сөйлем құрастыру
2 топ. Тәуелдеу ( спорт) Сөйлем құрастыру
3 топ. Септеу (күрес спорты) Сөйлем құрастыру
Қорытынды.
1 топ. Мектепте, спорттық, біздің, жарыс, өтті (сөйлемдерді дұрыс құрастырып, синтаксистік талдау жасау)
2 топ. Спортшыларының, төзімді, жетістіктерге (морфологиялық талдау)
3 топ. Маған спорттың барлық түрі ....(сөйлемді аяқтап, синтаксистік талдау жасау)
Топтастыру. Мәтін бойынша шағын тақырыптық қорғау жасау
Денсаулықты жақсартады өмірде маңызды жетістіктерге жеткізеді
Спорт
Салауатты өмір салтын Спорт
қалыптастырады
елімізде жақсы дамып келеді
Рефлексия. «Ойлан тап» ойыны
Интерактивті тақтамен жұмыс
7 2012 жылы Лондон Олимпиадасы
Қандай спорт түрлерінен болды?
Өтілген тақырыпты тұжырымдап , қорытындыға келу.
ХІ Үйге тапсырма. 171 бет, 1 тап., сөздік
ІІІ деңгей. Сұрақ-жауап.
ІІ деңгей. Диалог құрастыру.
І деңгей Мәтіннің мазмұнын айту.