Сыныптан тыс жұмыс
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз»
Музыка фон
1 - жүргізуші:
Пай - пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ,
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға.
Тағзым жасаймын қырларға,
Шүкірлік етемін қашан да,
Осы бір Отанда тұрғанда.
2 - жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі тіл білгірлерінің«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты 9-сынып оқушыларының арасында өтетін топтық сайысына қош келіпсіздер !
Интеллектуальдық сайысымызды бастаймыз.
- Олай болса, зор құрмет көрсете, бүгінгі білім бәйгесіне қатысушы екі топ мүшелерін ортаға шақырайық. (Топтағылар екі жаққа тұрады) .
1 - жүргізуші:
Әділ қазы-ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл,-дей келе,сіздерді қазылық ететін алқа мүшелерімен таныстырып өтейік.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(қазылар алқасын таныстырып өтеді)
2 - жүргізуші:
Әр кезенде сайыскерлерімізге қойылатын талап та, шарт та қатал. Ол талап пен шарт туралы әр кезең барысында хабарлап отырамыз.
1-жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! - Енді ойын шартымен таныстырып өтейін.
Сайыс алты кезеңнен тұрады, берілген тапсырмаларды дұрыс, нақты жауап беріп, жоғарғы ұпай алған топ жеңімпаз деп атанады.
1 кезең-сайыскерлердің өзін-өзі таныстыру. (Топтың атымен, ұранымен, топ мүшелерімен таныстыру)
2 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға кідіріссіз жауап беру)
3 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
4 келесі кезең- «Білімді мыңды жығар» Мұнда бізде 10.20.30 ұпайы бар ұяшықтары бар .Әрқайсысында 3 сұрақтан .Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдап алады.Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса , басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.
5 кезең –«Өнерлі өрге жүзер»Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар ән шырқап,өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
6 кезең «Мақалшылар сайысы»
7 кезең - «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
(бейне презентация өз ұнаған елі туралы мемлекет тілінде айтып беру)
8 кезең - «Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын» деп білімізді көрсетейік. Шығармашылық жұмыс. / постер құру
2-жүргізуші :Сайыстың тәртібі, барысымен таныс болдық ,ойынымызды бастайық. Қазылар алқасы әр топтың орындауынан кейін, бағасын қойып отыруларыңызға сұраймыз.
І. Топтардың өздерін таныстыру сәті.
1-топ
Біздің топ: Мұрагер
Біздің ұран: Тіл бар жерде –өмір бар
Біздің өлеңіміз : Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
- Армысыздар , ардақты халқым менің,
Бөлісейік бұл күннің алтын кенін.
Тілді сүйер қауымға басымды иіп,
Сәлемдесіп,жүздесу – салтым менің.
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін ?!
Жаңға күш, жаңа қуат тілеуменен
Өзіңе дем беремін сайыскерім.
Бар өнерді енді ортаға салайық,
Бұл сайыстан үлкен сабақ алайық.
«Мұрагер» қабыл алғай сәлемді.
2-топ
Біздің топ: Құлагер
Біздің ұран: Ана тілі- жүрек үні
Біздің өлеңіміз: Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Жанбыз ғой берік ұстар қазақ салтын.
Сол салттың бір тармағы – сәлемдесу,
Аман ба үлкен кіші, барша жалпың?
Таныстырсақ – «Құлагер» тобымыз,
Нысанаға тиер бүгін оғымыз.
Тағы да біз асыр сала кездестік
Бір арнаға түйіскендей жолымыз.
Келдік, міне, қайтадан қалыс қалмай,
Тағы да өтер бұрынғы жарыстардай.
Бұл сайысты тезірек бастайықшы,
Біздер тұрмыз тордағы арыстандай.
ІІ. «Бәйге» сайысында Қазақстан тақырыбына арналған ,тіл ,әдебиет саласы бойынша сұрақтарға кідіріссіз жауап беру керек.
«Мұрагер» тобы
1-топтың сұрақтары:
1. Биыл 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
2.Қазақстанның төл мерекелері қандай?
3. Қазақстан қандай мемлекет?
4.Қазақстан қай елдермен шектеседі?
.5. Қ.Р. тәуелсіздігін қашан алды?
6..Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қай тіл?
7..Қазақстан Республикасының президенті - кім?
8.Қ.Р. астанасы қай қала ?
9.Әнұранның авторлары кімдер?
10.Тудың түсі қандай?
11.Қазақстан халықтары тілдері күні қашан?
12.Тудың авторы кім?
13.Айт(ораза, құрбан) қандай мереке?
14.А.Құнанбайұлы – кім?
15.Қазақ әдебиетінде « Үш бәйтерек » деп кімдерді атаған?
«Құлагер» тобы
2-топтың сұрақтары:
1. Биыл Ата заңымызға неше жыл?
2. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
3. II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның — Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Бұл қай жол?
4.Қазақ тілі мемлекеттік мәртебені қашан алды?
5.Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
6. «Наурыз» мерекесі қашан тойланады?
7.Ұлы Отан соғысының қазақ батыр-қыздары.
8. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
9.Астанаға елордасы қашан көшірілді?
10.Ұлттық валютамыз қай жылы шықты?
11.Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
12..Елтаңбаның авторлары кімдер?
13.Қазақстан ассамблеясына неше жыл?
14Қазақтың атақты хандарын ата.
15.Қазыбек, Әйтеке, Төле- кімдер?
3 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» Ендігі тапсырма қазақ халқының салт-дәстүрлері,әдет-ғұрпымен байланысты болмақ. Суреттелген салт-дәстүрдің қандай түрі екенін анықтау.
Сұрақтар: І топқа
Нағашы деген кім?
Ұлттық киімдерді атап бер.
Бет ашар туралы не білесің?
Сырға салу деген не?
Ұлттық ойындарды атап бер.
Тұсау кесу деген не?
ІІ топқа
Құда, құдағи дегендер кімдер?
Ұлттық тағамдарды ата?
Шілдехана деген не?
Қымыз қалай жасалады?
Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
4 келесі кезең «Білімді мыңды жығар». Мұнда бізде 10.20.30 ұпайы бар ұяшықтары бар .Әрқайсысында 3 сұрақтан .Оқушылар әр салаға арналған ұяшықтарды өздері таңдап алады.Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса , басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.
Ғылым
10-Қ.Сәтбаев ,ол кім болған?
(қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, академигі)
20-Әл-Фараби туралы не айталасыңдар?
(- Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор)
30-Н. Назарбаев-кім және ғылымның қай саласында еңбектері көп жазылған?
( экономика ғылымдарының докторы )
Тарих
10- Президентті кім сайлайды?
20-“Алтын адам” ескерткіші қай жерден табылған?
30- Үш жүзді біріктірген хан?
Өнер
10-Ш.Айманов туралы не айталасың?
20-Құрманғазы кім?
30-Ә.Қастеев- кім?
Спорт
10-Б.Саттарханов- «Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері?
20-Винокуров кім?
біздің жерлесіміз велоспортшы ?
30-Б.Тұрлыханов- грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы?
5 кезең –Өнерлі өрге жүзер .Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар ән шырқап, өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
6 кезең- Мақалшылар сайысы.
1-жүргізуші : Мақал-мәтел- бабадан қалған мұрамыз.
Мақалды жалғастыр.Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – адамның ой-пікірін қысқа, дәл айтып жеткізушілік. Ол үшін мақал-мәтелдердің маңызы зор. Сондықтан келесі бөлім мақалды жалғастыр деп аталады. Тапсырма мақалдың екінші бөлігін тауып айту. Ата - бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.
Ол: Ел мен Жер және Ана тіліміз. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Олай болса Отан. ел мен жер, ана тіліміз туралы мақал - мәтел, өлең білеміз бе?
1-топтың
1.Отансыз адам – ……?(Ормансыз бұлбұл)
2. Отан отбасынан........ (басталады)
3.Туған жер-........(алтын бесік)
4.Туған жердің қадірін?.........(Шетте жүрсең білесің)
5.Ер елінде ,.........(гүл жерінде)
2-топтың
1..Отан ….. (Оттан да ыстық)
2.Ер жігіт ел үшін туады,.........(Ел үшін өледі)
3.Отан оттан да .........(ыстық)
4. Батыр туса---------------------(ел ырысы)
5. Туған жердей жер болмас............. (туған елдей ел болмас) ...
7 кезең - «Сөз тапқанға қолқа жоқ »
(бейне презентация өз ұнаған елі туралы мемлекет тілінде айтып беру)
8- кезең - «Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын» деп білімізді көрсетейік. / постер
1-жүргізуші : Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Оқушылар, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Қазылар алқасына, оқушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз!
2-жүргізуші: «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқы үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай біліңдер
1- жүргізуші:Көңіл қойып тыңдағаңыздарға көп-көп рахмет!
Сау-сәлемет болыңыздар!