Менің мектебім. Сөз. Сөз тіркесі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың   тақырыбы:  Менің мектебім. Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     лексиканы  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: лексиканы  меңгеру, өз мектебі  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Жазғы  демалысты  қалай өткізгендерін сұрау. Өтілген тақырыптарды  еске түсіру.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді оқыңдар. Мәтінді негізге алып, өз мектебің туралы әңгімелеңдер. «Менің мектебім».

2 – тапсырма. Мәтіннен төмендегі сызба боынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар, оларды аударыңдар. Үлгі: мектепте оқимын-учучь в школе

Зат есім+естістік, сан есім+зат есім, сын есім +зат есім

3 – тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құраңдар.

Үлгі: Менің мектебім Төле би көшесінде орналасқан.

                 Ережемен  жұмыс

Лексика – сөз мағынасын  және сөз байлығын  зерттейтін  ғылым.

               ІV. Бекіту бөлімі

   Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

 

3 – тапсырма 35 бет

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау





Ереже:

Заттың саның, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Мысалы: бір, жеті, он бес, он сегіз.

Дара сан есім дегеніміз бір сөзден тұратын.Мысалы: бір, үш, сегіз, жеті.

Күрделі сан есім дегеніміз екі немесе одан да көп сөздерден тұратын сан есім. Мысалы: он сегіз, жиырма төрт, қырық екі.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып,сан есімдерді тап.

«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Біздің мектеп үлкен және екі қабатты.Біздің мектебімізде 162оқушы оқиды.Мектебімізде «Оқушыларға арналған ереже» бар: жақсы оқу,тәртіпті,үлгілі болу.Міне, бұл - мектептің басты міндеті.

2-тапсырма.

1.«Мектеп» сөзі қай тілден шыққан?

2.Ол қандай ұғымды білдіреді?

3.Мектеп қандай және неше қабатты?

4.Ол қай көшеде орналасқан?

5.Мектепте оқушыларға арналған қандай ереже бар?

3-тапсырма.

Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.

Үлгі:дара сан есімдер:үш, бес, ...

күрделі сан есімдер: қырық бір, ...

3, 41, 68, 7, 56, ,60, 4, 27, 9, 70, 32, 5,13,1,5.

4-тапсырма.

Карточкамен жұмыс . Диалогты толықтырыңдар.

-Сенің ұлтың кім?

- ........

-Сенің атың,фамилияң

кім?

- ......

-Сен нешінші сыныпта

оқисың?

- .......

- Сен неше жастасың?

- ........

              ІV. Бекіту бөлімі

5-тапсырма

Сөздердің ішінен сандарды тап.

Түбір

Алтыбақан

Дербес

Сегізкөз

Сонымен

Желтоқсан

Тоғызқұмалақ

Қырықты

Кекіл

Жетістік

Күшік

Балтыр

Төртбақ

              V. Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау, “Менің мектебім”туралы шығарма жазу

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау