0002 – нұсқа
Бірыңғай жуан буынды сөзді табыңыз.
А) Тану.
В) Арбакеш.
С) Сөзшең.
Д) Қасен.
Е) Өсу.
Тасымалдауға келмейтін сөзді ажыратыңыз.
А) Достық.
В) Қазына.
С) Өнер.
Д) Дәстүр.
Е) Шыншыл.
Жаңа сөздің жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Бірігу арқылы.
В) Септік жалғауы арқылы.
С) Тәуелдік жалғауы арқылы.
Д) Жалғау арқылы.
Е) Көптік жалғау арқылы.
Күрделі сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қырық елу үй.
А) Дефис.
В) Сызықша.
С) Қос нүкте.
Д) Нүкте,
Е) Үтір.
Еліктеу сөзді табыңыз.
А) Дүңк.
В) Бірақ.
С) Қарағым-ау.
Д) Құрау-құрау.
Е) Сонымен.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.
Біреулер көкпар тартып жүрген жоқ па
А) Бұйрықты сөйлем.
В) Жай сөйлем.
С) Хабарлы сөйлем.
Д) Лепті сөйлем.
Е) Сұраулы сөйлем.
Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыңыз.
А) Сағат, сандық, кебеже.
В) Қысқа, шолақ, ұзын.
С) Жер, дала, өмір.
Д) Бұзаубас, бүйі, жылан.
Е) Шөміш, ожау, бақыраш.
Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Ол әдейі, қасақана жасаған жоқ.
В) Өнерлінің өрісі кең.
С) Саулық-қозылы қой.
Д) Екі аққу ақ күмбездей суда жүзіп жүр.
Е) Бала көрер таңды көзбен атырды.
«Залал» сөзінің баламасын анықтаңыз.
А) Тоңазу, мұздау.
В) Қарапайым, жұпыны.
С) Қасақана, әдейі.
Д) Зиян, шығын.
Е) Қаскүнем, зианкес.
Орфоэпиялық заңдылыққа сәйкес жазылған сөзді табыңыз.
А) Көз бояу.
В) Атты кісі.
С) Есікті ашшы.
Д) Құшша ұшу.
Е) Жазушы.
Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.
А) Маңы, жеңіл.
В) Төбесі, бұрғы.
С) Ортасы, жүрісі.
Д) Жаны, арасы.
Е) Тұсы, тарағы.
Есім сөздерден жасалған сын есімдер қатарын көрсетіңіз.
А) Оқыр, кеткіз.
В) Берекелі, оқырман.
С) Қазандай, торсықтай.
Д) Оқытқыз, жаздыр.
Е) Табиғат, әлемдей.
Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетініз.
А) Олар, менмін.
В) Сонмен, мынауыңыз.
С) Оған, маған.
Д) Барлығы, сенсің.
Е) Қаншасы? кімі?
Мына етістіктердің ішінен салт етістікті табыңыз.
А) Қаз.
В) Әпер.
С) Көтер.
Д) Кес.
Е) Көмектес.
Себеп-салдар үстеуді табыңыз.
А) Сөзіне ешкім құлақ аспаған соң, әдейі іркіліп, үнсіз қалды.
В) Шұбар қаршығасын жұртқа амалсыз көрсетті.
С) Көзбе-көз қасқырға мал талатып тұра ала ма?
Д) Келгендер үй ішіне әрең амандасты.
Е) Ауылдан тысқары жерде мал жайылып жүр.
Матаса байланысқан сөздерді табыңыз.
А) Жылқыға шапты.
В) Келешек ұрпақ.
С) Қатты ұстады.
Д) Балаша жылады.
Е) Еңбек нәтижесі.
Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Қазақ жеріне көктем келді.
В) Ақберді Базаралының үйіне келді.
С) Ербол Абай сөздеріне сүйсініп отыр.
Д) Екеуі ымырт жабыла бергенде, Бөкенші жайлауы – Жәнібекке тартты.
Е) Жығылған күреске тоймас.
Жақты сөйлемді табыңыз.
А) Оның біле түскісі келді.
В) Көз көрім жер.
С) Туыстарыма жетудің сәті түсе қалды.
Д) Сол егінжайда комбайн жүр.
Е) Таяқ тастам жер.
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бұған ,айталық, тағы да екі литр су құямыз.
В) Ал сонда Шәкен мен Мақаш қайтпек?
С) Күн батқан, қызыл шапақ тарап барады.
Д) – Қоя тұрыңыз! – деді Шолпан.
Е) Сенің айтқан сөзіңе ойланып тұрмын.
Біріккен сөзді табыңыз.
А) Тілегім күннен-күнге артылады.
В) Алдағы қыздардың қақ ортасында ақ сұр ат мінген бір қыз келеді.
С) Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Д) Қазақтың қонақжайлылығына не жеткен!
Е) Сылдыр-сылдыр сылдырлады, сай күлді.
Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.
А) Оқымады.
В) Келгенбісің.
С) Менмен.
Д) Ерікпеш.
Е) Арман.
Жалғаулықты себеп-салдар салаласты анықтаңыз.
А) Бір жағы, жастығы шығар, ықты-жарды тыңдатпай, ақыл-қайратың бойыңа сыймай тұрады.
В) Алдымен, осы мекемедегі кедергілерді қадағалады: мекеменің жұмыс бағытында ауыз толтырарлықтай жаңалық жоқ еді.
С) Сол сызат достықтарына да, өмір жолдарына да екі айырым бағыттың белгісін көрсеткен.
Д) Жолдасыңа адал-ақ жігіт екенсің, ақылыңды да, талантыңды да аямайсың.
Е) Жұмыстың қиындығына мойымассың деген үмітім бар, өйткені қайратың көп.
Автор сөзінің ортасында келген төл сөзді анықтаңыз.
А) Бетін жуып, отырды төрге барып,
Құрт берді сары майды және салып.
В) Еңлік аттандырарда: «Қош аман бол, келіп жүр, Кебек»,-деді.
С) Кебек сонда шалға айтты: -Ей, ақсақал,
Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.
Д) «Қайда жүрсең, аман жүр, батырым»,-деп,
Бел асқанша артынан қарап тұрды.
Е) «Иесімен ас тәтті»,- деп Еңлікті
Шақырып ап екеуі отырды жеп.
Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылатындығын анықтаңыз.
Қызыл сөзге тағы да салынғанбысың, балақай
А) Сұрау белгісі, леп белгісі.
В) Сызықша, көпнүкте.
С) Леп белгісі, сызықша.
Д) Сұрау белгісі, нүкте.
Е) Тырнақша, леп белгісі.
Іс-қағаздар стиліне тән ерекшелікті көрсетіңіз.
А) Тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп айтады.
В) Экспрессивті сөздер қатысады.
С) Сөйлемдердің интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.
Д) Сөз эспрессивті, екпінді болады.
Е) Экспрессивті сөздер қатыспайды.