Етістіктің шақтары ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Етістіктің шақтарын қайталау

Білімділік мақсаты:
Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, салыстыру, тест, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар

Сабақтың жүру барысы

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
166 - жаттығудың орындалуын тексеру
«Келер шаққа мен де арман, сенім артамын» ой - толғау жазу

ІІ
I Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Біліміңді байқап көр
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2. Шақтың қандай түрлері бар?
3. Осы шақ дегеніміз не?
4. Нақ осы шақ қалай жасалады?
5. Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
6. Ауыспалы өткен шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
7. Келер шақ деген не?
8. Келер шақтың қандай түрі бар?
9. Келер шақ қалай жасалады?
10. Өткен шақтың қандай түрлері бар?

Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
1 - топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз.

2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2030» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.

3 - топқа келер шақтағы сөйлемдер

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты – өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.

Берілген етістіктерді жекеше. көпше түрде жіктеу
Алып келді
Келе жатыр
Оқытты
Күледі
Жылайды
Тыңдайсың

Оқулықпен жұмыс 169 - жаттығу
1 - топ мәтінді оқиды
2 - топ мазмұнын баяндайды
3 - топ 5 етістікті тауып, талдайды

Дәптермен жұмыс 168 - жаттығу етістіктерді теріп жазып, талдау
Елбасы жолдауындағы үш тұғырлы тіл саясатымен байланыстырып, слайдтағы Астана суреттеріне сай келетін етістіктерді орыс, ағылшын тілдерінде айту

Мағынаны ажырату. 

-Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіздер?
 
-Шақтың қандай түрлері бар?
 
-Шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?
 
-Осы шақ деген не? Нақ осы шақ қалай жасалады?
 
-Қалып етістікткрінің ерекшеліктері неде?
 
-Осы шақтың мағынасы мен жасалуында шақтың басқа түрлерінен қандай ерекшелік, айырмашылық бар?
 
-Ауыспалы келер шақтың, ауыспала осы шақ пен Ауыспалы өткен шақтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
 

-Келер шақ деген не? Келер шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
 
-Өткен шақтың қандай түрлері бар. Жасалуы.
 

Бекіту Интерактивті тақтамен етістіктің шақтарын қайталауға арналған тест жұмысын орындау
IV Сабақты бекіту
Ой – толғаныс Қазақстан: бүгін, кеше, ертең

V Үйге тапсырма: Етістіктің шақтарын қайталау
Ой - толғауды толықтыру
Бағалау


VI Бағалау