Сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым
Мектеп: Красное поле негізгі мектебі
Күні:19.05.16
Мұғалімнің аты-жөні: Мухамеджанова Гулназ Нурлановна
Сынып:2
Қатысқандар:12
Қатыспағандар:-
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
2.3.4.1.Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:мәтінді мұқият оқып, сұраққа жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді оқып, сұрақ қоя алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақ қойып, жауап бере алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: мәтінді қатесіз оқиды, мәтін мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша сұрақ қояды, сұрақтарға жауап бере алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
ұстаз, мейірімді, білімді, әдемі, ақылды, сыйлаймыз, дарынды
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ұстазым, мейірімді ұстаз, әдемі ұстаз, ақылды ұстаз, асыға күтеміз, жақсы көреміз
Талқылауға арналған сұрақтар: Сенің ұстазың кім? Ол қандай? Ұстаздарыңа қандай тілек айтасыңдар?
Алдыңғы оқу
Менің мектебім
«Стоп кадр» әдісі арқылы мектеп туралы видеоматериал көрсете отырып, өткен сабаққа шолу жасау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы
10мин.
Эпиграф
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің - туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген панаң бар.
«Бұйрық.Рай» тренингі.Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Мектепке келе жатырмын (жүреді), сыныптасымды көрдім (сәлемдеседі), мұғалім келді (тынышталады), бестік баға алдым (қуанады).«Тұрғындар.Үйшік.Қалашық»тәсіліарқылы топтастыру.
«Ой шақыру» стратегиясы.Миға шабуыл.
Сенің алғаш мектепке келген күнің есіңде ме?
Онда сені кім қарсы алды?
Сені қалам ұстауға үйреткен кім?
Сөздікпен жұмыс.Мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп оқиды. Сканерлеп оқиды (қазақ тіліне тән дыбыстарды атап өту)
Ұстаз-учитель, мейірімді-добрый, білімді-грамотный, әдемі-красивый, ақылды-умный, сыйлаймыз-уважаем, дарынды-одаренный
Интербелсенді тақта
Ватман
маркер
Ортасы
25мин
Тапсырма бермес бұрын оқушыларды бағалау дескрипторымен таныстырамын.
Бағалау дескрипторы
Жаңа сөздерді қатесіз, жүргізіп, дауыстап оқыса-3-2-1балл
Мәтінді мәнерлеп оқыса-3-2-1балл
Мәтін мазмұнын түсініп сауатты оқыса-3-2-1балл
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя білуі-3-2-1балл
Сұрақтарға қатесіз, дұрыс жауап бере алуы-3-2-1балл
Жалпы балл-11-15 – бестік баға
6-10 – төрттік баға
1-5 – үштік баға
Қалыптастырушы бағалау. «Пеналыңды толтыр» (қалам «өте жақсы», қарындаш «жақсы», өшіргіш «төмен»)
1-тапсырма.Оқылым
Интербелсенді тақтадан «Ұстаз» мәтіні көрсетіледі. Алдымен мұғалім оқиды.
Ұстаз
Біздің ұстазымыз – Айман Жәнібекқызы. Ол – мейірімді, ақылды жан. Ұстазымыз оқуды, жазуды үйретеді. Біз оны сыйлаймыз, жақсы көреміз.
Мәтін екі топқа беріледі.
1-топ мәнерлеп оқиды
2-топ түсініп оқиды
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі жүргізіледі.Топтық жұмыс.Әр топ сұрақтар құрастырып, екінші топқа сұрақтарын оқиды, дұрыс жауап берілсе крестик, дұрыс жауап берілмесе нөлдік белгі қояды.
[pic]
(Бағалау дескрипторын айтып кету)
3-тапсырма. «Денотты граф» әдісі.Жеке жұмыс.
Ұстаз
Білімді, мейірімді
Үйретеді, айтады, жақсы көреді
Ұстаз, мұғалім
Сергіту сәті.«Тілектер себеті» әрбір оқушы ұстаздарына алғыс, тілектерін білдіру арқылы тілектер себетін толтырады.
5-тапсырма.Топтық жұмыс.
«Екінші анам» постерге әр оқушы бір сөз, сөз тіркесі немесе бір сөйлеммен жазады, оқып береді.(мысалы, әдемі, ақылды, ол бізді жақсы көреді)
1-топ суреттеп жазу тәсілі
2-топ мақтанып жазу тәсілі
Ватман
Маркер
Себет
Гүлдер
Соңы
10мин
«Ассоциация»әдісі арқылы тақырыпты бекіту.
[pic]
Рефлексия. «Қуаныш, өкініш аралы» әдісі(осы сабақ ұнады, көп нәрсе білдім, үйрендім десе қуаныш аралына, керісінше сабақ ұнаған жоқ, дұрыс жауап бере алмадым, көңіл күйім жоқ десе өкініш аралына смайликтер жапсырады. Сол арқылы кері байланыс жасаймын. Келесі сабақ жоспарыма енгіземін.) арқылы сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма жаңа сөздерді жаттау
Қосымша ақпарат