Сабақ жоспары:
Күні: 31.01.15ж
Сыныбы: 10 «Ә»
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: халық ақыны Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылығын дамыту, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Жамбыл өлеңі арқылы туған елі мен жерін сүйетін, асқақ арман, биік мұратқа талпынатын ұлттық рухтағы ұлан тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,жинақтау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Ж.Жабаевтың портреті, оқулық.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, сабақтың құрал-жабдықтарының, сынып бөлмесінің әзер екенін тексеру. Сұрақ қою стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Абайдың туып өскен ортасы, алған білімі туралы
қосымша әдебиеттерде, элоктрондық қорды пайдаланып, айтып беріңдер.
2.Абайдың ақын болып қалыптасуына әсер еткен жайлар туралы не білесіңдер?
3.Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны, қазақ поэзиясына енгізілген жаңалықтары туралы айтып беріңдер?
4.Ақынның өнер, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің негізгі идеясы не?
5. Ақын поэмалары туралы не білеміз?
6. Қара сөздер дегеніміз не?
ІІ.Жаңа сабақ
Біз өткен сабағымызда қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі өтетін тақырыбыз «Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы». Жалпы, Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар. Сондықтан болар, бір-бірімен тығыз байланысты. Екі ойшыл да шығармаларындағы ең басты тақырып – халық жайлы ерекше жыр толғайды. «Қазақ поэзиясының алыбы» атанған Жамбыл мен қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абайдың арасында қаншама ортақ ерекшеліктер бар. Екі ғасырдың куәсі болған Жамбылдың жасына Абай жетпегенмен, замандасы секілді ұлы көтерілістер мен соғыстың куәсі болмаса да, ол өзі өмір кешкен ғұмыры бойына өз заманының қатігез басқыншыларын, халықты қанаған жауыз отаршылдардың езгісін көрген болатын. Жамбыл: «Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Қарсы келер Абайдың кім бетіне!» -дей отырып, Абай құдіретін басқалардан ерекше мойындап, Абай шығармаларынан нәр алған. Мұхтар Әуезов Абай жайлы «Абай үні, Абай лебі, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» дейді. Ал Жамбылға «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға береді. Міне, осыдан біз Абай мен Жамбылдың бүкіл халыққа, әріптестеріне, ұрпақтарына үлгі тұтарлық, сыйлы да қадірлі жандар болғанын ұғынамыз. Жамбылдың Абай баласы Әбдірахманға арнаған өлеңі.
Жалғызбын деп жүрмесін
Сәлем айт,барсаң Абайға,
Кеңесі кеткенталайға.
Ауырды жеңгенқаражер,
Сабырлы болсынқалайда!
Бір жұтқан судайдүниесің,
Ащысын татыпкүймесін.
Жапанға біткенбәйтерек,
Жалғызбын депжүрмесін!
Кемелге келгенасыл-ай,
Тасқынды тәңірбасуы-ай!
Нар көтергенауырға
Арқасын тоссынжасымай!
«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.
Аттандыру.
Атаңнан бата ал ,балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған....
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған! »
Хош, хош балам! Хош айттым,
Қолымды міне, шошайттым!
1.Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
2.» Сұрақ-жауап» тәсілі
- Өлең кімге арналған?
- Ұлы Алғадайға арналған.
- Өлең не туралы?
- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.
Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы22ақпандаДнепрпетровскоблысы, Синельникова қаласындаерлікпенқазатабады.
3. Түсіндірмекүнделігі (оқушыларөздерітолтырады).
Өлеңдегісөз Оқушытүсінігі
Арлы
ар сақтағыш, ұяты бар
Абырой
ар, ұят
атақ, дәреже, бедел
Ағат
жаңсақ, жаңылыс, теріс
Аңғарлы
әріденойлапбілетін, толғамды
4. Әдебиет теориясы.
Бата да, қоштасу да – халықпоэзиясыныңшағынтүрлерінежатады.Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдергебақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда қоштасу, т.б.
ІІІ. Бекіту үшін сұрақтар.
«Жуан,жіңішкесұрақтар» стратегиясы:
- Жамбыл кім? Қай жылы дүниеге келді? (жыршы, дастаншы, айтыскер, ақын. 1846 ж.)
- Жамбыл туралы не білеміз?
- Өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай Аронұлы. Ол - )
Кімдермен айтысты? (Құлмамбет, Досмағамбет, Сарыбас, Айкүміс, Бақтыбай, Шашубай )
ІV. Қорытынды:
Ұлы Отан соғысындағы Алғадай сияқты ерлердің ерлік істерін әңгімелей отырып, оқушы бойындағы ерлік қасиеттерді ояту. «Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері», «феномен - феникс» атағымен қалды .
V. Бағалау: ______________________________________________________
Үй тапсырмасы: Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру» өленің жаттау.
« Біз соғысты көрген жоқпыз!» тақырыбына шағын шығарма жазу.