Қысқа мерзімді ашық факультатив сабақ жоспары
Муканова Динара Жайнатовна №17 ЖББ орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мақсаты:Өткен тақырыпты қорытындылап, сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойларын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; оқушылардың өзін-өзі бағалау жұмысын дамыту.
Сынып: 6Б Факультативтің тақырыбы
Киелі сандар
Сабақтың мақсаты
Тақырыпты меңгерту, ой - өрісін, сөздік қорын дамыту.
Әдептілікке, мәдениеттілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру; диалогтік қарым-қатынас барысында сыйластық таныту және өзгелердің ой-пікірін тыңдау қасиеттерін жетілдіру
Күтілетін нәтиже
Қолданатын әдістер
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы: Коллаж, Стикердағы сұрақтар,
Керекті жабдықтар
Интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, флипчарттар, стикер, маркерлер
Орындалатын жұмыстар жазбасы . Мұғалім оқушылардың топтық жұмыс жасау барысын қадағалайды, бағыттайды, тиісті жағдайда белсенділік танытпай отырған оқушыларға жұмысқа кірісуіне көмектеседі.
І.Кіріспе:
3мин
ІІ.Тұсаукесер:
8мин
ІІІ.Негізгі бөлім
ІҮ. Қорытынды
Мұғалімнің әрекеті
Мұғалім: оқушылармен сәлемдеседі, музыка фонында психологиялық ахуал құрады «Сынған телефон».
-Сәлеметсіңдер ме? Сабағымызды бастамас мен сендерге сәттілік тілеймін! Сендерге құпия сан жасырамын. Бір-бірлеріңнін құлақтарына сол құпия санды сыбырлап жеткізесіңдер. Соңынан мен айтқан сан мен сендер айтқан санның сәйкестігін тексереміз.
Мұғалім: Олай болса 1,2ге саналып екі топқа бөлінейік.
Мұғалім: Жайғасып болсаңдар тақтаға назар аударайық.
Ой қозғау.
-Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
- Бұлар қандай сандар деп ойлайсыңдар?
- Біз сонымен не істейміз деп болжайсыңдар?
-Мақсатымыз қандай болмақ?
-Қандай нәтиже шығаруымыз керек?
Мұғалім: Мәтін тыңдайық. Мұқият тыңдаңдар!Есте сақтап алыңдар.
Мұғалім: 1 топ сендер жеті қазынаға , ал екінші топ үш арсыз бен үш байлыққа коллаж құрыңдар 2 минут уақыт беріледі
Мұғалім: Мәтінмен жұмысты жалғастырамыз. Мәтін бойынша әр топ үш сұрақ пен оның жауабын берілген стикерларға жазуы тиіс.Жазғаннан соң топтар алмастырады. Бұл стикердағы сұрақтар деп аталады
Мұғалім:Берілген сан есімдердің грамматикалық мәніне көшейік. Тақтада сендерге үлгі көрсетілген. Берілген сан есімдерді түрлендірейік
Рефлексия Бір сөзбен бүгінгі факультатив сабақты қорытындылайық.
Көршіңді бағала
Сен жарадың!
Сенің жұмысыңа қанағаттанамын!
Келесі сабақта жақсы жұмыс жасайтыныңа сенемін
Үйде менің киелі саным деген тақырыпта ойланып көріңдер
Оқушылардың әрекеті
Оқушылар: шеңбер құрып, бір-бірлерінің құлақтарына жасырған санды сыбырлайды.
Оқушылар: бірінші, екіншіге саналып екі топқа бөлініп отырады
Оқушылар: ойланады, берілген сұрақтарға жауап береді және өзінің іс-әрекеті жөнінде де айта кетеді
Оқушылар:Мәтінді тыңдайды.
Оқушылар:мәтінді еске түсіріп коллаж жасай бастайды тақтаға іліп қорғайды үш тілде сандарды айтып шығады.
Оқушылар: мәтін бойынша үш сұрақ оған жауаптарды басқа стикерларға жазады. Келесі топпен алмасады. Тексеріп, шапалақ арқылы бағалайды.
Оқушылар: Сан есімді үлгі бойынша түрлендіре бастайды.
Оқушылар: стикерға бір сөз жазып тақтаға жапсырады
Оқушылар:көршісін бағалайды.