Тақырып: Үштұғырлы тіл интелектуалды сайыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:20.09.2016ж

Сынып: 8-10

Сайыстың тақырыбы: “The Kingdom of three languages”

Мақсаты:

1.     Оқушыларды өз ана тілін қастерлеуге баули отырып,ағылшын тілін үйрету.

2.     Өзге тілді білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.     Өз тілін құрметтеп, өзге тілді білетін еліміздің білімді де, жан жақты патриот азаматын тәрбиелеу.

жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақ, орыс және ағылшын тілі  пәндерінің бірігуімен  22 қыркүйек « Тілдер күніне » орай өткізгелі отырған «Үш тұғырлы тіл »  атты сайысымызға қош келдіңіздер!

жүргізуші: Good afternoon, dear teachers and students! Today is the «Languages day» therefore we want to invite you to our competition. The lesson consists of 5 parts.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған 8-10 сынып оқушылары.

Біздің жарысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1)    Адасқан әріптер

2)    Бәйге

3)    Жорға

4)    Полиглот

5)    Көкпар

-         Қымбатты қонақтар, жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылармен, құрметті ұстаздарымызбен таныс болыңыздар!

Ал енді жарысқа қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.

8 сынып

10 сынып

11 сынып

1 – кезең. «Адасқан әріптер» кезеңінің тапсырмасы бойынша берілген сөзтізбеден 2 минут ішінде 10 сөзді тап.

         Бұл тапсырмаға қойылатын ұпай – 10.

2 – кезең. «Бәйге» 1 минутта 10 сұраққа жылдам жауап беру керек. Әр бір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

8 сынып

  1. Англияның астанасы  [link]  қай өзеннің үстінде тұр? (Thames)

V. «Жорға»

Бұл сайыста оқушылар берілген сөздерден сөйлемдер құрайды.

I топ

1.     subject \  my \   is   \  English   \  favourite

2.     wants   \ to \   be \   he \ lawyer  \  a

II топ

1.     o’clock  \  go \  I  \  9  \   school  \ morning  \  the  \ in   \to / at

2.     USA  \ I  \ have  \ to  \ the    \ never   \  been

III топ

1.     language  \ Kazakhstan  \ is  \ state   \ Kazakh   \ of  \ the

2.     I/ three / speak / language


4-кезең «Полиглот» Бұл кезеңнің шарты мақалмәтелдерге түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі баламасын айтады.

Жоғары ұпай саны 5.

8 сынып

1)    Өнер алды қызыл - ..... (тіл-язык-language)

2)    Оқу .... азығы,

... ырыс қазығы. (білімзнание – knowledge)

3)    ... өрге баспас. (өтіріклож – lie)

4)    .... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. (тоқсандевяносто – ninety)

5)    Көп сөз күміс,

Аз сөз ... (алтын – золото – gold)

10 сынып

1)    Ойнап ... де,

Ойлап ... (сөйле – говори – speak)

2)    Тіл адам ойының ...(айна – зеркало – mirror )

3)    ... тамған тілден у тамар. (бал – мёд – honey)

4)    Сөз тапқанға қолқа ... (жоқ – нет – not)

5)    ... сөз – жарым ырыс. (жақсы – хорошо – good)

 

11 сынып

1)    ... оттан да ыстық. (Отан – родина – motherland)

2)    ... азбайды,

Білім тозбайды. (ақыл – ум – mind)

3)    ... жоқ адам – тұзы жоқ тағам. (дос – друг – friend)

4)    ... өнері кілемде, сөз өнері өлеңде. (қол – рука – hand)

5)    Сабыр мен ... бәрін де жеңбек. (еңбек – труд – labor)

 

5 –кезең «Көкпар» адасқан сөздерді орнына қой. Бұл кезеңде әр топ берілген тақырып қа мағыналы мәтін құрайды. Ұпай саны 5.

8 сынып My school (Менің мектебім)

9 сынып My favourite language (Менің сүйікті тілім)

10 сынып KZ is my Motherland (Менің Отаным –Қазақстан )

5 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады.

         «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, - дей отырып, бүгінгі «Үш тұғырлы тіл » атты сайысымызды аяқтаймыз.