Мектепалды даярлық тобы
(орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың
тақырыбы
Жемістер, көкөністер
Мақсаты
Білімділігі: Жемістер мен көкөністер атауларын үйрету.
Дамытушылық: Салыстыра ,ажырата білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасын түсіне білуге баулу.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі:
суреттер, көкөністер
Күтілетін нәтиже
қияр, қызанақ,сәбіз, көкөніс сөздерін білу;
қазақ тіліне тән дыбыстарды анық,дұрыс айту дағдысын игеру;
көкөністің түстерін ажыратып дұрыс айтуды меңгеру керек.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері
Педагогтің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге.
Шаттық шеңберді құрып, амандасады.
Ұйымдастырушылық –ізденушілік
Қызығушылығын ояту.
Сурет бойынша балаларды көкөніс атаулармен таныстырады.
-Кө-кө-ніс. Күзде көкөністер піседі.
-же-міс-тер. Жазда жемістер піседі.
Дыбыстық жаттығулар орындайық: менен кейін қайтала.
Ө-ө-өсті –көкөніс.
Іс-іс-іс-пісті көкөніс.
Яр-яр-яр-бұл қияр
Нақ-нақ-нақ –өсті қызынақ.
Біз-біз-біз-үлкен сәбіз.
Тапсырма.
Мұғалім сурет көрсетеді.
-Бұл не ? Бұл –көкөніс.
-Бұл не ? Бұл – жеміс.
Тапсырма. Мұғалім көкөністер мен жемістердің суреттерін көрсетеді.
Тапсырма. Мұғалім жаңа сөздермен таныстырады.
Бұл- анар,өрік,қауын,жүгері,сарымсақ.
Сергіту сәтін орындап жіберейік.
Суретті көрсетіп.
Тапсырма. Мұғалім көкөністер мен жемістердің сұлбасын көрсетеді.
Тапсырма. Мұғалім өлеңді оқиды, мазмұнын түсіндіреді.
Хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары орындалады.
Балалар буын жаттығуларды қайталайды.
Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратады.
Суреттермен жұмыстарды орындайды. Балалар атауларын атайды.Тыңдайды,қайталайды.
Балалар жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, есте сақтайды.
Балалар сұлбасын сәйкестендіреді.
Балалар өлеңді тыңдайды, қайталайды, есте сақтайды.Не туралы екенін айтады.
Рефлексиялық -түзетушілік
Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет.
Сұрақтар:
1.Қандай сөздерді үйрендіңдер?
2. Қызанақ не? Өрік не?
Орнымыздан тұрайық,
Түзу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық.
Балалар сабақты қорытындылап, білгендерін айтады.