Сабақ жоспары:
Күні: 28.11.2015ж
Сыныбы: 9"А"
Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. ә) тәрбиелік: Ұлттың сүйген ұлы тұлғалар өмірін үлгі ете отырып, патриоттыққа, егемен елдің еркіндігін бағалай білуге тәрбиелеу. б) дамытушылық: Бұқар поэзиясын күллі әлемге паш етіп, жолын қуар жас дарындарды анықтау, білімділікке, алғырлыққа, жылдамдыққа баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жырау суреті, Абылай, Бөгенбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев суреттері Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, биология, география, тарих Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. 2. Үй жұмысын сұрау. «Домино» ойыны Сұрақ – жауап: 1. Мінезі жаман адамға, Енді қайтып жуыспа Тәуір көрер кісіңмен, Жалған айтып суыспа – деп, келетін өлеңнің аты. Жауап: «Еділ бол да, Жайық бол».
2. Қазтуған жырау қай ғасырда өмір сүрген? – Жауап: ХҮ ғасырда
3. Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?! өлеңін жалғастыр.
4. Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңін жатқа айтып бер.
5. Ақтамберді жыраудың бір өлеңін жатқа айт. («Жауға шаптым ту байлап», «Күлдір-күлдір кісінетіп»)
6. Шал ақынның өлеңін жатқа айт. («Бұл дүниенің мысалы», «Ата-ананың қадірін», «Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар»). Жаңа сабақ. ХҮІІІ ғасыр қазақ тарихында өшпестей ізін қалдырды. Өйткені ол кезең, қазақ халықтарының қасіретті, қайғы табын салуымен ел есінде. Жоңғар шапқыншылары қазақ елін басып алу үшін бірнеше мәрте шабуылдар жасаған. Солардың ең үлкені – 1723 жылғы қазақ елінің үдере көшіп, елін-жерін тастап кетуге мәжбүр болып, қызын күң, ұлын құл етіп алған оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалады. Одан кейінде 1726 жылы Бұланты өзенінің бойындағы, 1729 жылғы Балқаш көлінің оңтүстік жағасындағы соғыстардың барлығында қазақ қолы жеңіске жетіп отырды. Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген – Қанжығалы Бөгенбай болатын. 1741 жылы қалмақтар қайта шабуыл жасап, қазақ елі тағы да қырғынға ұшырайды, тек Ресей патшалығының көмегімен қазақ елі аяғынан нық тұрып, Жоңғар мен Қытай арасындағы соғысты ұтымды пайдаланып, Жоңғарларға қарсы көтеріліс ашып, 1723-1741 жылдар аралығында айрылған барлық жерлерін қайтарып алады. Осындай қиын-қыстау заманда өмір сүріп, қазақ халқының ауыр қасіретін жырға қосқандардың бірі – Бұқар жырау Қалқаманұлы. “Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді”.
Сабақты қорыту:
Бұқар қай жылы дүниеге келді? – 1668 жылы
Бұқар қай ханның кеңесшісі болған? – Абылай ханның
Абылаймен соғысқан қалмақ ханы – Қалдан Серен
Алғаш рет қалмақтарды жеңген батыр – Бөгенбай батыр
Бұқар жырау өлеңдерінің құрылысы неше буынды? – 6-7 буынды
“Өлмегенде не өлмейді” деген сұраққа Бұқар қалай жауап берген? – Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Үй жұмысы
“Ей, Абылай, Абылай!” өлеңінен үзінді жаттап келу.
Бағалау.