Сабақтың тақырыбы: Азық -түлік дүкенінде

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Азық түлік дүкенінде

1.Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тақырып туралы түсінік беру. Азық-түлік тақырыбы бойынша жұмысты жандандыру.

2.Дамытушылық: Аударма жұмысына көп көңіл аудару, сөз тіркесін дұрыс құрау қабілетін дамыту, буынға дұрыс бөлуге үйрену.

3.Тәрбиелік: Әдептілік тақырыбында әңгімелер жүргізу.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, тестілеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1. 1 – тапсырма. Төмендегі берілген сөздерге септіктердің жалғауларын жалғап жазу.

2. 2 – тапсырма. Азық-түліктің бағасын көрсетіп, сөйлемдер құрастыру.

3. 3-тапсырма. Диологты жолдасыңмен бірге оқып, толықтыру.

4. 5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Мұғалім сөзін септеу.

Атау с. кім? мұғалім

Ілік с. кімнің? мұғалімнің

Барыс с. кімге? мұғалімге

Табыс с. кімді? мұғалімді

Жатыс с. кімде? мұғалімде

Шығыс с. кімнен? мұғалімнен

Көмектес с. кімммен? мұғаліммен.

5. Жаңылтпаш туралы түсінік беру, дәперлеріне 3-4 жаңылтпаш жаздыру.

1. Көк базарда күзде бәрі бар,

Барып бәрің, бәрін ал.


2. Жапалақтап қар жауды,

Алқапты аппақ ақ қар жапты.

3. Қыста боран болар, қар болар.

Қыздар шәлі орамал оранар.

4. Таң атты ма,

Таң атпады ма?

Таң атпаса,

Оятпа Таңатты да.

6. Жаңа сабақты бекіту. Жаңылтпаштарды оқытып, тілдерін жаттықтыру. өздері білетін жаңылпаштарды айтқызу.

7. Үйге тапсырма беру. 4-тапсырма. Септіктерді жаттау.

8. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.