Открытый урок по казахской литературе на тему Құран Кәрім (5 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Киябаева Салтанат Сансызбаевна.

Сынып: 5 «А»

Пән: қазақ әдебиеті.

Тақырыбы«Қасиетті Құран Кәрім жайында»

Мақсаты: Қасиетті Құран туралы жалпы мәлімет беру.


Міндеті:1.Оқушыларға Қасиетті кітаптың мазмұны мен  құрылысына шолу жасау.

2.Оқушылардың сөздік қорың,ойлау қабілетін, тілін дамыту.


3.Инабаттылыққа,адамгершілікке,әдептілікке, әділдікке, білімге талпынуға тәрбиелеу.



  Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,ой толғау,сұрақ-жауап,топтық жұмыс.


Көрнекілігі: кішігірім көрме,интерактивті тақта, кітаптар, плакаттар,түрлі түсті қарындаштар,стикерлер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих,дінтану.



Сабақ құрылымы:


1. 
Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, ынталандыру)


2. Өткен тақырыпты қорыту « Шешендік сөздер»


3. Үй тапсырмасын тексеру.


4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау.


5. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


6. Сергіту сәті.


7. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Сөздік жұмысы.Жоба қорғау.


8.Үйге тапсырма.


9. Бағалау.




I.Ұйымдастыру кезені: Амандасу.


   Өткен сабақта біз шешендік сөздермен таныстық.Оқушылар жаттаған шешендік сөздер үлгілерін айтады.

Енді сол бойынша сұрақтарға жауап берейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Зымыран сұрақтар:


«Жас ұлан» тобына.


Шешендік сөздер дегеніміз не?


  • Шешендік сөздерді кімдер айтқан?


  • Шешендер кімді даярлаған?


  • Төле бидің шәкірті кім?



 «Бәйтерек » тобына.


Қазыбек би қалмақ ханының алдына неше жасында барған?


  • Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні


  • ·Тайкелтірдің алдына келген екі кісі не үшін дауласты?



  • ·Қазыбек би  Бұқар жыраудың көңілін сұрамақ болып келгенде,Бұқар жырау не деді?


III.Жаңа сабақ:

1.

а)Балалар, сендер бүгін сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар.Мұқият тыңдап отырыңдар.Сабақ соңында түсінгендеріңді плакатқа түсіріп жоба қорғайсыңдар.


ә)Бүгінгі сабақтың эпиграфы Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі: «Саясат күнде өзгереді, ал дін тұрақты.Біздің тегіміз-түрік,дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз»

Сыйынарымыз – Алла, тегіміз – түрік, табынарымыз – қасиетті Құран Кәрім.


Сабағымыз қасиетті Құран Кәрім жайында болмақ.


Намаз оқыған мұсылмандарды діншіл, ұлтшыл деп қудалауға ұшыратқан кеңестік саясат халқымызды дінінен алшақтатып жіберген еді. Қудалауға ұшыраған дініміз қайта оралып, ұрпақ тәрбиесіне қызмет атқарып отырғаны – еліміздің тәуелсіздігінің жемісі.

Қандай іске кіріссең де Бисмиллаһир- рахманир – рахим деп бастау керек.

Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Сонда сол істің сауабы тиеді, істеген ісің жақсылыққа бастайды.

Міне, біз де бүгінгі сабағымызды 

Бисмиллаһир – рахманир – рахим деп бастаймыз.

Слайдтағы суретке қарайық.Осы суретке қарағанда қандай ой келеді?


 б)Құран – Ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдебиетінің классикалық үлгісі.

Дүние кілті - Құранда.

Ішінде қазына жатыр.

Кілтті ал да, ашып қара.


Құр сәнге қойғаннан пайдасы жоқ. Пайдасы – ішіндегі қасиетті сөзінде. Оны жаны да, тәні де таза пенде парақтап, ішіндегі ұлы сөзді бойына сіңіргенде ғана киелі ілімнің қасиеті дарымақ. Әр адам әр кезде Құран ұстар алдындағыдай таза, пәк жүрсе, дүние, мүмкін, басқаша болар ма, қастық, жауыздық деген мүлдем болмас па еді?!


Құранға дейін Забур, Таурат, Інжіл кітаптары түсірілген. Аллаһ Тағала Құранды түсіру арқылы алдыңғы кітаптардың үкімін жойды. Ал Құран қияметке дейін ешқандай өзгермейді.

Діни кітаптардың соңы Құран болса, пайғамбардың соңы Мұхаммед (саллуллаһу – ғалайһи - уәссалам) болған. Құран Кәрімде 25 пайғамбардың есімі аталған, бұл пайғамбарлар жеке қауымдарға, бөлек халықтарға жіберілген болса, Мұхаммед – тұтас дүниежүзі халықтарының ең соңғы пайғамбары. 

г). Құран Кәрім аяттарын Алла тағала Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллуллаһу – ғалайһи - уәссалам) 23 жыл ішінде әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты уаһи (хабар) түсіргенін, кейін халиф, сахаба, хафиздер арқылы Құранды толық етіп жинап, кітап қылып шығарғандығы.

д)Құрандағы сүрелер меккелік және мединалық болып бөлінеді.Меккелік-92 сүре,ал мединалық - 22 сүре. Барлығы 114 cүре.

Ең ұзақ сүре – 2-ші сүре. “Бақара” деп аталады.Ол 286 аяттан тұрады. Ең қысқа сүрелер – 103-ші,108-ші және 110-шы сүрелер. Олар 3 аяттан тұрады.

2.

а)Ең қысқа сүре-«Ықылас»және «Фатиха» сүресін тыңдайық.

(Аудио тыңдалады.«Ықылас» , «Фатиха»сүресі. )

Бүл сүрелерді 3 рет оқыса, сауабы, оң ниетпен тілеген тілектің тигізер пайдасы өте мол. Сондықтан да намазда, өлім – жітімде де жиі оқылады.

ә)Алла тағаланың рақымымен тәуелсіздікке,еркіндікке қол жеткізіп,бүгінгі ұрпақ өзінің Алланың құлы екенін сезініп,иманға бет бұрды.Республикада облыс,аудан,ауыл, көлемінде мешіттер салынуда.


б)
Астанадағы «Хазрет Сұлтан» мешіті, Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті,Қандағаштағы «Нұртай» мешіті, Меккедегі «аль-Харам» мешіті.

3) Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқып шығу.

Сұрақтарға жауап беру.


IV.Сөздікпен жұмыс.


Құран - Ислам дініндегі қасиетті кітап араб тілінде “оқу”деген мағынаны береді

Сүре  - (араб сөзі) -“қатар”,“дәреже”

Бақара – сиыр

Аят – Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі

Ағузу билләһи мин аш-шайтони-р-раджим - қуылған шайтаннан Аллаһтан пана іздеймін

Бисмилләхир Рахманир Рахийм - Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.



V.Жоба қорғау. Оқушылар жобаларын қорғайды.Оған үйден дайындап әкелген қосымша мәлімет қосады.

VI. Сабақты қорытындылау 

Аллаға сену ұлтымыздың бірлігін нығайтады. Дініміз – халқымыздың ұйытқысы, отаншыл ой санасының асыл арқауы. Еліміздің келешегі үшін Алланың қағидаларына мойынсынуымыз қажет.

Бағалау.


VII. Үйге тапсырма: Құран Кәрім жайында оқып келу, «Ықылас», «Фатиха» сүрелерін жаттау.