Күні: 08.12.2016
Сынып: 5 «А», «Б», «В»
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Атырау – екі құрлыққа ортақ қала
Сабақтың мақсаты
Білімдік: Қазақстан қалалары туралы түсініктерін кеңейту,Атырау қаласының тарихымен, жер байлықтарымен таныстыру.
Дамытушылық: тіл байлықтарымен сөздік қорларын толықтыру.
Тәрбиелік: Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы ой ұшқырлығын тәрбиелеу.
Сабақтың тәсілдері:
Білім көздеріне қарай:ауызша, көрнекілікті
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына қарай:әңгімелеу, баяндау
Дидактикалық міндеттерге қарай: түсіндіру, тақырыпты бекіту
Оқушының танымдық әрекетіне қарай, мұғалімнің оқу үрдісіндегі қызметіне қарай: түсініктемелі-көрнекілікті
Жұмыс түрлері: жекеше, жалпысыныптық
Көрнекілігі: суреттер, кесте, оқулық
Сабақтың түрі: жаңа сабақты (білімін) бекіту сабағы
Ұйымдастыру кезеңі: Қатыспаған оқушыларды анықтау
Тіл кеңестігін қалыптастыру үшін сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы диалог жүргізу:
Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыруда істелетін іс-әрекеттер, жұмыс түрлері: кластер, кесте толтыру, сұрақ-жауап жүргізу (ауызша, жазбаша, тақырыпты бекіту, практикалық тапсырмаларды орындау)
Негізгі бөлім
І. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
Балалар , сендер қандай елде тұрасыңдар?
Иә, біздің еліміз өте үлкен,онда көптеген қалалар бар. Биік таулар, терең өзендер мен теңіздер, қалың орманды өлкелер, кең жазықты далалар бар. Ал енді ойын ойнайықшы . Қандай қаланы білесің ?
Атырау – екі құрлыққа ортақ қала
1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.
Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала.
« Атырау» атауына қашан ауыстырылды?
1991 жылы. Оған дейін қала Гурьев деп аталды.
Атырау нелермен шектеседі?
Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.
Атырау қаласынан қандай өзен ағып өтеді?
Танымал Жайық өзені. Жайық қаланы Ероупа және Азия аймақтарына бөледі.
Қалада қандай мәдени орындар бар?
Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры, Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді.
Қала көшелері қандай?
Кең, атаулары ерекше: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, т.б.
Бұл қаланың ерекшелігі қандай?
Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі - қаланың мақтанышы. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.
Енді мен Атырау қаласына саяхатқа барамын.
2-тапсырма. Диалогпен септік жалғаулары бар сөздерді бір бағанға, тәуелдік жалғаулары бар сөздерді екінші бағанға үлгі бойынша теріп жазыңдар.
Септік жалғауы Тәуелдік жалғауы
құрлықтарының - І.с. құрлықтары – ІІІ жақ
шекарасында – Ж.с. шекарасы - ІІІ жақ
3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құраңдар.
1 . Атырау қаласы, шектеседі, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресейдің, Астрахань облысымен, және.
2. Қалада, бар, тарихи-өлкетану, мұражайлары, Өнер.
3. Атыраудағы, кітабына, енген, Әлемдік Рекордтар, көпір.
4. Барамын, мен, Атырауға.
Үй тапсырмасы: 4-тапсырма. «Атырау – екі құрлыққа ортақ қала» тақырыбында мәтін құраңдар.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырғандарды бағалаймын.
Күні: 08.12.2016 Қолы:_____________