0008 - нұсқа
Бірыңғай жуан дауысты дыбыстардан тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Нілжан.
В) Қанат.
С) Орден.
Д) Бөдене.
Е) Ербол.
Буын түрлерінің санын анықтаңыз.
А) Үш.
В) Екі.
С) Бір.
Д) Бес.
Е) Төрт.
Негізгі түбір сөзді анықтаңыз.
А) Өнім.
В) Сау.
С) Жолдас.
Д) Сауын.
Е) Көрме.
Топтау сан есімін белгілеңіз.
А) Бес.
В) Бесінші.
С) Бес жарым.
Д) Бес-бестен.
Е) Бесеу.
Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз.
А) Қалт-құлт.
В) Тырс.
С) Даң-дұң.
Д) Дүрс.
Е) Зу.
Сөйлемді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.
Айналасы көкке бой созған ақ шатырлы үй көрінді.
А) Бұйрықты сөйлем.
В) Құрмалас сөйлем.
С) Лепті сөйлем.
Д) Сұраулы сөйлем.
Е) Хабарлы сөйлем.
Синоним сөздерді табыңыз.
А) Кір, кірме, лас.
В) Жота, жөнде.
С) Дәуір, кезең, заман.
Д) Жыр, жыртық, жыртыс.
Е) Зерек, зауал.
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Өскен өркен.
В) Бетінен оты шықты.
С) Қызыл күрең.
Д) Түскі ас.
Е) Бүгінгі хабар.
Архаизмге жататын сөздер тобын белгілеңіз.
А) Хан, патша, адырна.
В) Ғарыш, саяжай, жебе.
С) Биқасап, барымта, ұрын бару.
Д) Күн, жеті, тұщы.
Е) Ұжым, ғылым, жәшік.
Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.
А) Балаша.
В) Қашса.
С) Сөзсіз.
Д) Қайғы.
Е) Үйшік.
Сөйлемдегі көмекші есімнің қосымшаларын анықтаңыз.
Төсектің үстінде бала уатқан Зере бар.
А) Тәуелдік жалғау+жатыс септік.
В) Тәуелдік жалғау+табыс септігі.
С) Жұрнақ+жатыс септік.
Д) Тәуелдік жалғау+табыс септігі+жатыс септігі.
Е) Тәуелдік жалғау+жіктік жалғау.
Сын есімнің салыстырмалы шырайы кездесетін сөйлемді табыңыз.
А) Ешкі лағы аппақ, сүйкімді екен.
В) Біп-биік төбе басында қарайған адамдар.
С) Сүп-сүйкімді қыз бала мектептен шыға келді.
Д) Үстінде түсі күреңдеу күзен ішік.
Е) Бұл – жиырма екіге жаңа шыққан аласа бойлы жігіт.
Сөйлем ішіндегі есімдіктің түрін , тұлғасын анықтаңыз.
Әжем түтіндеткен самаурынның қасында отырып маған ғана сөйлейді.
А) Өздік есімдігі, ілік септігінде.
В) Сілтеу есімдігі, табыс септігінде.
С) Жіктеу есімдігі, барыс септігінде.
Д) Белгісіздік есімдігі, барыс септігінде.
Е) Сұрау есімдігі, шығыс септігінде.
Тәуелдеулі септелген тұйық етістікті табыңыз.
А) Тағы да жалғыз жортуылға түсті.
В) Одан бергі жер- жалпақ ақ көде мен сары селеу.
С) Ата-анасы батасын айтып, қызын беруге ырза болған.
Д) Барлық емдердің ішіндегі бұның іздеген шипасы осы екен.
Е) Егер сенбесең, келіп көруіңе болады.
Сын есім шырайларының жұрнақтары жалғанған негізгі үстеуді белгілеңіз.
А) Шикілей, жаздай.
В) Кешірек, кештеу.
С) Тотыдайын, тотыдай.
Д) Осылай, бұлақтай.
Е) Аздау, сонша.
Қисыса байланысқан тіркесті табыңыз.
А) Қоян жүрек.
В) Бүгін келді.
С) Менің еңбегім.
Д) Сіз білесіз.
Е) Алғашқы таныстық.
Айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Мұны естіген соң Қожаш қуанып, Ғайшаны көргенше асығып отырды.
В) Бәйбішең тірісінеде де, өлген соң да байдың төсегін салатын, самауыр қоятын бала еді.
С) Бір күні түс кезінде көлдің жел жағынан шаңдатып шауып келе жатқан бір орыс,бір қазақ көрінді.
Д) Осы елде бір қыз ұзатқан тоц болып, кешке ойынға жұрт жиналып еді.
Е) Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билер ақылшы болады.
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Өзіңе қарай дос таңда.
В) Ыстық асты үрлеме.
С) Оған келуге болмайды.
Д) Әкесі мен шешесін кенже ұлы асырайды.
Е) Ол – әкесінің шаңырағының иесі, мұрагері.
Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Ұмытып барады екем, бүгін баратын бол.
В) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың.
С) Байқаймын, ауыл әлі алыста.
Д) Әукім – әукім, торпағым.
Е) Рас, сізді күтіп отыр едім.
Еліктеу сөзден болған қос сөзді белгілеңіз.
А) Балпаң-балпаң жүрді.
В) Ашпалы-жаппалы қағаз.
С) Өзіне-өзі ренжулі.
Д) Ат-мат.
Е) Арба-арба отын.
Сұраулық шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Алдыңғы күнгі істі тындырып қойғанбысың
В) Балақай-ау келегің жақсы болды
С) Оның ашуланбағаны орынды
Д) Ол туралы айтып келген-ді
Е) Сен ол туралы сұрама
Түсіндірмелі салаласты белгілеңіз.
А) Ақыл – адамға көрік, сабыр – ақылға серік.
В) Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.
С) Өзі сақ кісінің ісі де сақ: жарамас іске жуымас.
Д) Сынап – химиялық элементтердің бірі.
Е) Олхалықтың ойымен өмір сүреді, халыққа қызмет етеді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.
А) - Сіз қайсар екенсіз! – деді дәрігер.
В) Сіз қайсар екенсіз – деді дәрігер.
С) «Сіз қайсар екенсіз»,деді дәрігер.
Д) Сіз қайсар екенсіз, – деді дәрігер.
Е) - Сіз қайсар екенсіз! деді дәрігер.
Тырнақшаның қойыоу себебін анықтап, дұрысын жазыңыз.
Сарқылмас сөзі таудың бұағындай,
Сиқыр сөз көлдің сұлу құрғындай.
Жортады желмаядай шал кеңеске,
«Осылай болған екен шырағым-ай».
Іс-қағаздар стиліне тән ерекшелікті көрсетіңіз.
А) Сөйлемдер, негізінен, номинативті, екі негізді болып келеді.
В) Э кспрессивті сөздер қатысады.
С) Сөйлемдердің интонациясы мітінне әсерлік беру үшін айрықшы құрылады.
Д) Сөз экспрессивті, екпінді болады.
Е) Тұжырмыды ойлады бір терминге келтіріп айтады.