1- сыныпқа ағылшын тілінен сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Күні:
Сынып: 1

  Тақырыбы: Хайуанаттар. Хайуанаттар бағында.

Мақсаты: 1. Оқушыларға,хайуанаттар бағында тақырыбын түсіндіру, хайуанаттарға байланысты сөздерді  оқыту,суреттердің  аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету; 

2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту,
сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;

3. Табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс,
аударма, сұрақ-жауап т.б.

Көрнекіліктер: хайуанаттардың  суреттері, ереже.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:       - Сәлеметсіздер ме,оқушылар! Hello, children!
Оқушыларды түгендеу
Кітап,дәптерлеріңбар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:         
Қазір қандай сабақ?

-Ағылшын тілі
-Ағылшын тілі неше рет болады?
-Бүгін аптаның қай күні?    
-Қандай ай?
-Қандай мерекелер бар

-Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:                   

  -Аңдар туралы не білесідер?

-Аңдардың атауларын айтыңдаршы?                                    

2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз  хайуанаттар мен танысамыз
Хайуанаттар бағымен таныспас  бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.

Жаңа сөздермен таныс
Хайуанаттар бағы- зоопарк, 
орман-лес,
қорқақ-трус.         
-Аю,піл арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі,қоян, кірпі.

-Піл қандай? - elephant       
- Піл үлкен, күшті.
-Қоян қандай?- rabbit
- Қоян кішкентай, қорқақ.
2.Жұмбақ шешу
                                                                                                                                               
Тәтті көрсе, бал салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.      Аю-bear            

                                                                                                                                        
Сергіту сәті.

Мәтінді түсініп оқы.

Біздің қалада үлкен хайуанаттар бағы бар. Хайуанаттар бағында біз автобуспен барамыз. Хайуанаттар бағында аңдар, құстар көп. Біз каникулда хайуанаттар бағына барамыз.
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар, біз бүгін хайуанаттар бағы туралы не үйреніп білдік

Хайуанаттар бағында қандай аңдар болады? 

Сен хайуанаттар бағында болдың ба?

Бағалау:  Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық.


 4. Қорытынды кезеңі: Оқушылар, үй жануарлары мен хайуанаттардың айырмашылығын айтып бер. Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер.