Конкурс на тему «Сөздің көркі – мақал»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Сөздің көркі – мақал» тақырыбындағы сайыс

Білімділік мақсаты: мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу,

олардың тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін

дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: мақал арқылы адамгершілікке, отансүйгіштікке,

мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, қазақ

тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: мақалдар жазылған плакаттар, қабырға газеті,

Ы. Алтынсариннің әңгімелері, бүктеме


Сайыстың барысы

Кіріспе сөз:

Тәуелсіздік – қыран құсым самғайтын,

Ошақ оты онсыз түзу жанбайтын.

Тәуелсіздік – алтын көпір аялы,

Бүгін менен болашақты жалғайтын.

Иә, биылғы жыл – Қазақ елі үшін ерекше жыл! Халқымыздың сан ғасырлар бойғы арманы жүзеге асып, бодандықтың бұғауынан босап, тәуелсіздігімен қауышқанына, азат ел болғанына жиырма жыл толғалы отыр. Бұл - қатардағы көп мерекенің бірі емес, бірегейі, үстіміздегі 2011 жылдың басты оқиғаларының бірі! Тәуелсіздігіміздің 20 жылында еліміз ғасырға бергісіз жолдан өтті, ауқымы жағынан орасан табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры жылдан-жылға нығайып, жаңа да жас мемлекетімізді бүкіл әлем танып, мойындады.

Еліміз тәуелсіздік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты сөз мәйегін теруге құлшыныс арта түсуде. Ойды ұштап, қиялды қанаттандыратын мақал-мәтелдер де қайтадан рухани серігімізге айнала бастады.

Көп тіл білсең – көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Сайыстың ұраны:

«Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады»

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – мақал-мәтелдер. Тілімізде «Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақал-мәтел ықшам әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақал-мәтелдерде нақыл, ақыл айтылады. Мақалды көп біліп, көп қолданған адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.



[pic]













Сайысымызға қатысатын топтармен таныс болыңыздар.


«Алғырлар» тобы мен «Тапқырлар» тобы

Қазылар айтады енді әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Бүгінгі «Мақал-мәтел» сайысында

Жеңіске жетер дейміз сөзі мықты.


Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасын тағайындап алайық.


Білімдіден шығар алғыр шешен,

Салт-дәстүрді білген ғой барлық көсем.

Сайра, шәкірт, суырыл, шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең, - деп жарысымызды бастайық.


- Ар ма, ардақты ағайын көз көрген,

Алдарыңызда тіл – сайысы – «Сөзмерген»

І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады.

Кестедегі сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру.


п і ш

б е с

ү ш

о н


ы с т ы қ

ү й

О т а н

м е м л е к е т



б і р д і

а қ ы л д ы

б і л і м д і

б і л е к т і


б і л і м

б і л і м с і з

т а м а қ с ы з

ү й с і з


ІІ кезең: Суретшілер байқауы


Тал бесікте тербетсе – бел баламыз,

Батылдыққа үйретсе – ер боламыз,

Ата салтын жадымызға сақтайтын,

Қадам басып, болашаққа біз барамыз.

Берілген мақал негізінде сурет салу

1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

2. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.


ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады

Әр топтан бір оқушы шығады. Бір минуттың ішінде кім көп мақал-мәтел айтады?


«Тапқырлар» тобының орындауында ән тыңдаңыздар.


ІҮ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады.

Биыл Ыбырай атамыздың 170 жылдық мерейтойы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ертегілер оқырман жүрегіне жол тапқан.

«Алғырлар» тобы Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін, «Тапқырлар» тобы «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа» әңгімесі бойынша сахналық көрініс дайындап келген. Сол әңгімеде қолданылған мақал-мәтел-дің мазмұнын ашу.

Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр –

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен,

Қай жұрт болсын толассыз осыған құл.

«Алғырлар» тобының орындауында « Ертегілер» биін тамашалаңыздар.


Ү кезең Адамның сәні - өнер, білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы,

Сөздің сәні - өнегесі, нақылы,

Пікірдің сәні – ең пайдалысы, мақұлы – дей отырып, ендігі кезекті «Сөзжұмбақ» шешуге берейік.


ҮІ кезең


Мақал-мәтел ғасыр шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі тоғысқан. Халық аз сөзге көп мағына сыйғызған.

«Орныңды тап» ойыны. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып, қажетті орындарына қойып, сол сөзден мақал құрайды. Мақалдың мазмұнын түсіндіреді.


Бойларыңда от бар екенін байқадық,

Жүректерде шоқ бар екенін байқадық,

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің

Айналаң бәрі сенің көрерменің

Тілеймін дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

Сөз кезегін қазылар алқасына берсек.