Тест по казахскому языку

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...































0001 – нұсқа


  1. Бірыңғай еріндік дауыстылардан тұрған сөзді ажыратыңыз.

А) Бару, қайту.

В) Кассир, экватор.

С) Кету, ояну.

Д) Торсық, жабдық.

Е) Тұру, жүру.


  1. Екі буынды сөзді табыңыз.

А) Қант.

В) Еш.

С) Тарс.

Д) Серт.

Е) Салық.


  1. Қос сөзді көрсетіңіз.

А) Бел буу.

В) Бейне жазба.

С) Тез-ақ.

Д) Бас басына.

Е) Суығын-ай.


  1. Топтау сан есімді табыңыз.

А) Елу.

В) Елуге тарта.

С) Елу-елуден.

Д) Елу шақты.

Е) Елуінші.

  1. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Жүргіншілер кілт тоқтады.

А) Анықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Толықтауыш.

Д) Бастауыш.

Е) Пысықтауыш.


  1. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.

Ойпаттар дегдіп, қырттар кебе бастады.

А) Салалас сөйлем.

В) Жай сөйлем.

С) Лепті сөйлем.

Д) Хабарлы сөйлем.

Е) Сұраулы сөйлем.


  1. Ауыспалы мағынадағы сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Жаңытпаш барлық халықтардың әдебиетінде бар.

В) Жел мінезді адамда мұрат болмайды.

С) Оңтүстіктен жел соқты.

Д) Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі.

Е) Ажар ағасымен жидек теруге барды.


  1. Синонимдер қатарын табыңыз.

А) Жаман, нашар.

В) Жаттау, оқу.

С) Сұйық, қатты.

Д) Жоқ, бар, аз.

Е) Адам, еркек.



























































  1. Интернационалдық термин сөздер қатарын табыңыз.

А) Футбол, градус, балық.

В) Депутат, биржа, витамин.

С) Шахмат, теңдеу, антоним.

Д) Электр, жер, кітап.

Е) Химия, анықтауыш, полк.


  1. Кейінді ықпалды белгілеңіз.

А) Келе көр.

В) Жанпейіс.

С) Ішсе.

Д) Ала көз.

Е) Ашса.


  1. Күрделі зат есімдер қатарын көрсетіңіз.

А) Көкшетау, ауыл-аймақ.

В) Айтыс, ашудас.

С) Аялдама, азық-түлік.

Д) Жақсылық, Арал теңізі.

Е) Қойшы, күйші.


  1. Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын табыңыз.

А) Қысқы, бөлек.

В) Өнерлі, сөзшең.

С) Қазба, еспе.

Д) Ақшалай, соншалық.

Е) Сыршыл, бітік.



  1. Жіктеу есімдігіне қатысты қатарды табыңыз.

А) Сұраулық мәнді сөздер.

В) Жақтық мағыналы сөздер.

С) Сілтеу мағыналы сөздер.

Д) Қимыл мәнді сөздер.

Е) Шақтық мағыналы сөздер.


  1. Болымды етістікті табыңыз.

А) Бармаған.

В) Оқиды.

С) Келген жоқ.

Д) Бермес.

Е) Көрмейді.


  1. Мөлшер үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

А) Енді бір-бірінің босап кетуіңне жол жоқ.

В) Ұлжан барған жерінен тез кетті.

С) Шырағым-ау босқа әуре болдың ғой.

Д) Үлгермеушілердің қатары анағұрлым азайды.

Е) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.


  1. Көсемшелі етістікті тіркесті белгілеңіз.

А) Өзгерген өңір.

В) Қабылданған шешім.

С) Ойша іздеді.

Д) Жақсы сөйлейді.

Е) Сөйлей кірді.


  1. Етістіктен жасалған күрделі баяндауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Ұлы күрес ұлы сенімдер дәуіріне жалғасты.

В) Ұлттық рухымызды жаңғыртайық.

С) Шәмші дарыны ән өнерін биікке көтерді.

Д) Алты-жеті ақ үйдің ортасынан Ұлпан өз отауын да танып келеді.

Е) Қоғамдағы билік пен саясат адам факторына бетбұрыс жасауға міндетті.


  1. Толымсыз сөйлемнің ерекшелігін көрсетіңіз.

А) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіріліп айтылады.

В) Ойға қатысты сөйлем мүшелері толық қатысады.

С) Сөйлем мүшелерінің бәрі қатысады.

Д) Іс-оқиғаның атауы ғана болады.

Е) Тек тұрлаулы мүшелер ғана қатысады.


  1. Сөйлеушінің ризалығын білдіретін қыстырма сөзді белгілеңіз.

А) Мүмкін.

В) Біріншіден.

С) Бәсе.

Д) Ақырында.

Е) Демек.




  1. Әр-түрлі өлшем атауы болып табылатын белгілерге қосымшаның қалай жалғанатындығын анықтаңыз.

А) Дәнекер арқылы жалғанады.

В) Бірігіп жалғанады.

С) Дефис арқылы жазылады.

Д) Жіктік жалғауының алдынан жалғанады.

Е) Крігіп жазылады.


  1. Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.

В) Қалқам, қиын болмаса игі еді.

С) Кең болсаң, кем болмайсың.

Д) Мәліктің сапардан келгеніне жарты сағат болғанды.

Е) Біз түн жамылып аттанып кеттік.


  1. Мезгіл сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Кенжебек орынды жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.

В) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.

С) Көтем енді келсе де, күн ысып кетті.

Д) Көктем болғанымен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.

Е) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асыға қоймады.
































































  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Осы өнерді қайсем де меңгеремін – деп , ішімнен өзіме-өзім ант еттім.

В) «Осы өнерді қайтсем де меңгеремін! – деп, ішімнен өзіме-өзім ант еттім.

С) Осы өнерді қайсем де меңгеремін! – деп, ішімнен өзіме-өзім ант еттім.

Д) «Осы өнерді қайсем де меңгеремін!» – деп, ішімнен өзіме-өзім ант еттім.

Е) Осы өнерді қайсем де меңгеремін! – деп ішімнен өзіме-өзім ант еттім.


  1. Төл сөзге қойылған тыныс белгісін көрстеіңіз.

Құшақтап тұрып «Жұлдызыңыз жарқырай берсін» – деп,құттықтадым.

А) Қос нүкте, тырнақша, үтір.

В) Қос нүкте, тырнақша, леп белгісі, сызықша.

С) Үтір, сызықша, леп белгісі, қос нүкте.

Д) Сызықша, үтір, тырнақша, сұрау белгісі.

Е) Тырнақша, сызықша, леп белгісі.


  1. Стиль түрін анықтаңыз.

Жауапкершілігі ұлан-асыр істе асқар шыңнан көріну – баршамызға парыз.

А) Публицистикалық стиль.

В) Ресми стиль.

С) Ғылыми стиль.

Д) Ауыз екі сөйлеу стилі.

Е) Көркем әдебиет стилі.