С.Сейфуллин Ақсақ киік.Ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ әдебиеті

Уақыты:16.01.2017

Кабинет: №3 (5 «б»)

Мұғалім:

Сабақтың атауы

С.Сейфуллин « Ақсақ киік»өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпымақсаттар

а)Сәкен  Сейфуллин өмір жолы мен  шығармашылығынан тереңірек түсінік беру. « Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын меңгер
те отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; 
ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: тест,сұрақ-жауап, иллюстрациялық баяндау, түсіндіру,  синквейн

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті,шығармалары, Қазақстан картасы ,видео

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау


  1.Сұлтанмахмұт Торайғыров  кім  ?

А )  әнші             Ә)   ғалым                       Б)    ақын, жазушы

2.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылы дүниеге келген  ?

А)   1865 ж             Ә)   1569ж                        Б )   1893 ж

3. Сұлтанмахмұт қай жерде дүниеге келген ?

А) Көкшетау облысы      Ә) Орал облысы           Б) Ақтөбе қаласы

4.Оның алғашқы ұстазы кім болған ?

А) Абылай      Ә)  Нұрғали                   Б) Әсет

5.Қай журналда хатшы болып жұмыс жасайды ?

А) « Айқап »          Ә)  «Дала»              Б)  «Қазақ»

6.Сұлтанмахмұттың поэмаларын ата

А) « Еспенбет »       Ә)  «Адасқан өмір»        Б ) « Медғат - Қасым»

7.Оның алғашқы туындысы қалай аталады ?

А)  «Қамар сұлу»     Ә)  «Сұлушаш»     Б) «Ботағөз»

8.Ақынның бір өткір өлеңі не деп аталады ?

А ) «Бір адамға »       Ә)  «Жаз»      Б)  «Гүл»

9. Ақынның оқу - ағарту тақырыбына жазған өлеңін көрсет

А) «Жарқынбай»      Ә) «Шәкірт ойы»                 Б) «Жазғы қайғы»

10.Сұлтанмахмұт қай жылы қайтыс болады ?

А)  1478 ж             Ә)  1236ж            Б)  1920 ж

 Жауап кілттері :

1 Б      4 Ә        7 А      10 Б

 2Б        5 А       8 А

3А       6 Ә        9 Ә

Оқушылар бір- бірін тексереді, жауап кілттерін пайдалана отырып.

Қане,балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?

 Қазір жыралыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.

Тест сұрақтары:

1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде. С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж.Көкшетау облысында.

2. Жамбылдың шығармасы. А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс`` С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім`` 3.Жамбылдың ұстазы кім еді? А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай

4.``Өтеген батыр``дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы,шұрайлы жері қай жерде еді? А) Қызылорда В) Жерұйық С) Қазығұрт Д) Сарыарқа

5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндеиді? А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.

6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды? А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.

Мағынаны тану


 Мақсатымен таныстыру.

-Балалар,біз бүгін қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі ,

ақын ,қоғам, мемлекет қайраткері үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмір жолымен, оның "Ақсақ киік " атты өлеңімен танысамыз.

(слайд № 1)

Балалар, өлеңнің бастапқы жлдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.Арқа, яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жалтқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты құмды, шөлді жер.

Киік дегеніміз не? Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Киік шөлді жерді мекендейді. Оның мүйізі медицинада дәрі – дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті мен мүйізі бағалы.

Ал ,енді «Ақсақ киік» өлеңімен танысу үшін ең алдымен киік туралы және Бетпадала туралы мәліметпен танысамыз.(слайд №2)

1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмысы слайд №3

Шөл – суға тапшы аймақ.

Бетпақдала – Арқаның шөл даласы

Киік,бөкен-аша тұяқты,жүйрік аң

Бетеге- дала өсімдігі

Қос- далалықта паналайтын баспана

Сегіз көштік-сегіз көшіп, әрең өткен

Таңы – жануардың сұлу мүсіні

Киік – аталық жануар

Бөкен – аналық жануар

( слайд №5 Бетпақдала туралы)

Оқушылар өздері өлеңді мәнерлеп оқып шығады

Сатылай кешенді талдау

I.Авторы:Сәкен Сейфуллин

II.Шығарманың аты: Ақсақ киік

III.Тақырыбы: Киіктің зары

IV.Жанр түрі:поэзия

V.Идеясы: табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау.

VI.Шумақ саны: 4 шумақты

VII.Тармақ саны:4 жол(17 тармақ)

VIII.Бунақ саны: 4 бунақты

IX.Буын саны:11 буынды

X.Ұйқас түрі:а,а,б,а (қара өлең ұйқасы)

XI.Әдеби теориялық ұғымдар:

а)эпитет:

ә)теңеу:

XII.Түсіндірме сөздік:

XIII.Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні:

Қосымша мәлімет

Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың "Жез киік” әні,С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған. Сөзі:Несіпбек Айтовтікі Әні: Жалғас Назаровтың өлеңімен аяқтаймыз.

Дертімді менің қозғама

Онсызда ғұмыр аз ғана,

Айталмай кеткен сырың бар

Жадырып тұрған жазға да.

Адасып жүрген ақбөкен!

Қай жаққа ауып барасың

Қай жақтан пана табасың

 Өзегі өксік дүние-ай

Өртеніп, күиіп- жанасың!

Асарсың шаршап сан қырдан,

Ақ боран шығар алдыңнан

Қорғансыз болып тұрған соң

Жақсылық күтпе тағдырдан.

Шексіз ғой мынау қара жер,

Өзіңді өзің пана көр

Ажалдан қашқан тіршілік,


Сабақты қорытындылау

Кесте толтыру

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады