Ашық сабақ Қазақ тілі Наурыз - жыл басы (3 сынып )

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ахметова Т.А. СОШ№35 имени Ю.Н. Павлова

Тақырыбы: Наурыз- жыл бас.  3-сынып.
Сабақ түрі:  саяхат.
Сабақ типі: аралас,топен жұмыс,жұппен жұмыс,жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, суреттер, плакаттар,үлестірмелі материалдар.

Әдістері: сұрақ – жауап, сөйлесу, ойын әдісі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту, оқушылардың сөздік қорын молайту, Наурыз мейрамы туралы білімдерін молайту; 
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын кеңейту. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: : ұлттық дәстүрімізді танып - білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 
ІҮ. Үйге тапсырма беру 
Ү Сабақты қорыту, бағалау 
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, балалар! 

1.Бүгін қай күн? (9 ақпан)
2. Аптанын қай күні? (Дүсенбі)
3. Қазір қай жыл мезгілі?(Қыс)

4. Қыс айларын ата? (Желтоқсан,қаңтар,ақпан.)

5. Қыс  мезгілінен  кейін  қандай  мезгіл  келеді? (Көктем)

6. Көктем  айларын  ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)

7. Науырыз  айында  қандай  мерекелер  бар? (8 наурыз,

22 наурыз)


Балалар шеңбер жасап түрайық неге ұқсайды кішкентай шарға шарымызды үлкеитеиік үлкен шарға айналды.

Балалар,  терезеге  қараңдаршы!  Далада  күн  сәулесі  жарқырап  тұр.

Бізге  сәулесін  шашып  тұр. Сәуле  сендердің  тұла бойларыңа  тарап,  жандарыңды  жадыратып  тұр. Көңіл – күйлерің  көтеріледі. Қане, бір – бірлеріңе  жымиыңдар. Бір – бірлеріңе жақсы тілктер айтайық :Денсаулық ,Бақыт ,Көңілді күй тілеимін. Рахмет! Ендеше  сабағымызды  бастаймыз.

Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабақ түрі – саяхат. Қарағанды қаласынан Наурыз мерекесін көруге Астана қаласына саяхатқа атанамыз.Кане балалар кім жоқ тексереиік? Біздің сыныпта он бір бала, санайық. Рахмет! Отырыңдар. Саяхатқа аттану үшін, сендер үйде дайындап келген  тапсырманы айтайық: Үйге  қандай  тапсырма  берілді.

(C Қалиевтің  «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр»  өлеңдерін  жаттап  келу).

2)  «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр»  өлеңін  бірнеше  оқушыдан  сұрау.
Қазір біз сендермен саяхатқа аттанамыз (слайд)
Бірінші слайд: бірінші аялдама -«Наурыз- жыл басы»

Оқушыларды екі топқа бөлеміз

Жаңа тақырыпты түсіндіру 
Балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Наурыз-жыл басы». Қане, дәптерімізді ашайық, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар. 

- Балалар, сендер Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер? Қане, әр оқушы қолын көтеріп өз білгенін айтсын. 
- Жақсы , балалар. Бүгін біз сендермен Наурыз мейрамы туралы әңгімелесеміз. 

Наурыз –жыл бас. Наурыз - жаңа жыл. Қазақстанда Наурыз мейрамын 22 наурыз күні тойлайды. 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Адамдар мейрамға дайындалады. Әжелер мен аналар ұлттық тағамдар, Наурыз көже әзірлейді, жастар үлкендерге көмектеседі, аула тазалайды.Ұлттық ойындар ойналады. Наурыз мейрамында адамдар бір бірін құттықтап, қонаққа барады. Аталар мен әжелер бата береді.

Екінші слайд: екінші аялдама
Енді, жаңа сөздермен танысайық. 
Теңеледі- равняются, приравнивается ,становятся одинаковыми 
Аула-двор 
Наурыз құтты болсын!- С праздником Наурыз!

Наурыз көже - молочно - просевной кислый суп
Бата-благославение 




Қазір мәтінді оқимыз, аударамыз. 
Науры-жыл басы. 22 Наурыз- үлкен мереке.Күн мен түн теңеледі. Адамдар ауланы тазалайды, ағаш егеді, наурыз көже пісіреді. Олар бір-біріне қонаққа барады. Наурыз құтты болсын! 
Ал енді , сұрақтарға жауап берейік. 
1. Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде тойланады? 
2. Наурыз мейрамы ненің белгісі? 
3. Наурызда адамдар не істейді? 
4. Адамдар бір бірін қалай құттықтайды? 

Үшінші слайд: үшінші аялдама

Енді жазбаша жұмыс орындайық. Карточкамен жұмыс назар аударайық.

Мұнда көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіру керек. 
Наурыз мейрамы б...сталды. Әжем наурыз к...же пісірді. Анам бауырс...қ пісірді. Әпкем дастарқ...н жайды. Мен ауланы таз...ладым. 

Төртінші слайд: төртінші аялдама

Енді балалар аялдамаға тоқтап демалайық сергітіу сәті

Келесі орындайтын жаттығуымыз , сөздердің аудармасын табу. 
Шаг- қадам, 
Человек- . . . . 
-
Звук-үн, 
Солнце-... 
Ребенок-бала 
Двор- ... 
Шерсть-жүн, 
Ночь-... 
Сон-түс, 
Птица-.... 
Деньги-ақша, 
Сад-..... 

Керек сөздер: түн,адам,аула,күн,бақша,құс.

Астанаға клдік Наурыз мерекесіне енбі не істеиміз наурыз көже ішіп бауырсақ жеиік.

Наурыз мейрамында ұлттық тағамдар жасалады.(слайдта ұлттық тағамдардың түрлері шығады)
Тағы қандай қазақ ұлттық тағамдарын білесіңдер?
1. Бауырсақ
2. Ет
3. Құрт
4. Ірімшік
5. Май
6. Қаймақ


- Балалар, жеті түрлі тағамнан қандай тағам пісіріледі?(Наурыз көже)
- Жеті түрлі тағамдарды атайықшы?
- тары, құрт, жүгері, арпа, айран, тұз және ет.
Топен жұмыс

1 топ

Наурыз көже қалай дайындалады

(айран,жүгері,ет,арпа,құрт,түз,тары.) қандай дәмді тәтті.

2 топ Бауырсақ – қазақ ұлттық тағам
Бауырсақ қалай дайындалады

(үн,су,түз,ашытқы,май.) тәтті екен.


Наурыз тойы күні жиналып ойын ойнайды.
Ұлттық ойындардың суреттері көрсетіледі

Қандай ойын түрлерін білесіңдер? (Алтыбақан, Көкпар, Арқан тартыс, Қыз қуу,асық ату т. б)
Балалар енді ойын ойнайық Әр топтан балалар шығады

Арқан тартыс ойыны ойналады.

Мергендікке, тездікке үйрететін балалардың ұлттық ойыны.

Асық ату ойыны ойналады.
Бір  оқушы  Наурыз   мейрамына  байланысты бата береді. Қане, бата берейік. (Юшинов Роман)

Армысыңдар, балалар!

Бармысыңдар, балалар!

Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.

Сұрасаң, бата берейін

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін:

Ұлыс оң болсын!

 Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Сабақты қорыту, бағалау 
Наурыз қандай мереке?
Наурызда не пісіреді?
Қандай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Үйге тапсырма беру 
Үйде , Наурыз мейрамы туралы жазылған мәтінді мазмұндау.

Сұрақ – жауап

1) Наурыз көжеге салынатын жеті тағамды ата?
2) Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата?
3) Ұлттық тағамдарын ата?
4) «Наурыз» сөзі не деген мағынаны білдіреді?
5) Қазақстанда наурыз мейрамы қай жылға дейін тойланды?
6) Ұлттық ойын түрі.
Балалар бүгін алған білімдерімізді ББҮ кестесіне жазайық. Қазір мен әр оқушыға арнайы парақша беремін , сол парақшаға бүгінгі тақырып бойынша қандай білім алғандарынды жазасыңдар.

Сабақ аяқталды сау болыңдар.