Открытый урок в 6 классе по казахскому языку в русской школе флипчарт

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтын тақырыбы: Астанаға саяхат

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.

  1. Білімділік: Оқушыларды көрнекті орындарымен таныстыру. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем құрау біліктерін арттыру, сөздік қорларын молайту, алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, Елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық , патриоотық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ауызекі сөйлеу, жұптық жұмыс

Көрнекті құралдар: Астана қаласының суреттері, сөздіктер, семантикалық карталар, тест тапсырмалары, мәліметтер

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, қазақ әдебиеті, дүниетану


Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.

  2. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру. Назарын сабаққа аудару.

  3. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

Психологиялық жағдай.

Бір шеңбер құрып, тілектер айту.


Сәттілік тілеймін! Бақытты бол!

Мақсатыңа жет! Ақылды бол!

Мерекең құтты болсын!

Оқуда озат бол!

Әрқашан алда бол!

Еңбекте жемісті бол!

Қиындыққа төзе біл!

Келер ырысың мол болсын!

Денің сау болсын!

ІІ. Жаңа сабақ:

Ой шақыру стратегиясы: Бір оқушы чемодан алып сыныпқа кіреді. Оқушыларға сұрақ.

  • Чемоданды көргенде көздерінің алдында не елестейді? (саяхат)

  • Дұрыс, ендеше суреттерді мұқият қараңдар, бұл қандай қала? (Астана)

  • Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

  • (Астанаға саяхат)

- Балалар, дұрыс, бүгін сабағымыз «Саяхат сабағы». Біз елордамыз Астана қаласын танып-білуіміз үшін лексикалық тақырыппен, грамматикалық тақырыптарды байланыстырып өтеміз. Алдымен, Астана қаласының символы Бәйтерекке шығу үшін, сіздерге берілетін мына тапсырмаларды орындауымыз қажет.

А) «Мәтін» көлі Ә) «Семантикалық карта» өзені Б) «Септіктер» теңізі

В) «Сөйлем» тауы Г) « Тест» шыңы Д) «Бәйтерек» мұнарасы


- Балалар, сендерге алдын ала тапсырмалар берілді. Бүгін сендер Астана туралы тақпақ жаттап келдіңдер, ал өнеріңізді көрсетіңдер. (оқушылар тақпақ жатқа айтады)

Астана

Ей, Астана!

Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлар толып, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

(Нұрперзент Домбай).

Елорда

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.


Жүрегімнен Ақ тілек

Астананың Есілі сарқырайды,

Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.

Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,

Астанамның сұлулығын айқындайды.

Сәулеті де Астананың сондай көркем,

Сағынамын қаламды алыс кетсем.


Астана туралы жырлар


Ақша бұлттар аспанында

Ақ ботадай ойнақтаған Астана.

Жүз түрленіп қас-қағымда,

Жан сырына бойлатпаған, жас қала.


Көшелері күнге ғашық,

Әрбір тасы ән салатын Астана.

Жырын толғап, биге басып,

Жер – жаһанды қарсы алатын бас қала.


Еркелеген Есіл ару,

Бұрымдары жарқылдаған жас қала.

Таңы – сұлу, кеші – дәру,

Ақ самалы аңқылдаған Астана.


  • Біздің сыныпта Астанада болған оқушылар бар ма?

  • Жақсы, Индира Астанада болған, сондықтан Индира бізге бүгін алдын ала тапсырма бойынша өзінің шығармасын оқиды. (фотосуретін, слайдтар көрсету)

Астанаға саяхат

Біз анамыз екеуіміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Поезбен Астана қаласына да жеттік. Астана - өте әдемі, үлкен қала. Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Астанада жаңа тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар көп. Мен «Ханшатыр», «Думан» «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Бәйтерек» ойын-сауық орталықтарында болдым. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын.


Сонымен, балалар, Бәйтерекке шығу үшін бірінші тапсырманы орындаймыз.

Мәтінмен жұмыс (топпен, жекеше).

Мәтінді бір-неше оқушы оқып шығады (жекеше). Жаңа сөздермен таныстыру, тізбектеп оқу (жекеше)

Жаңа сөздермен жұмыс:

Сапар шегу - путешествовать

Саяхат жасау – путешествовать

Әлем – мир, вселенная

Көзім жетті – убедилась, убедился

Тұрғын үйлер – дома для жителей города

Ғимараттар – архитектурные здания

Ойын –сауық орталығы – развлекательный цетр

Мақтан тұтамын – горжусь


(топпен жұмыс) Мәтін бойынша топтар бір-біріне ұшақпен сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап беріп тағы бір-біріне ұшақтарды ұштырады. (айтылым, жазылым, оқылым)

  1. Астана қандай қала? Астана әдемі, үлкен қала.

  2. Астанада нелер көп? Астанада тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар, «Ханшатыр», «Думан» «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Бәйтерек» ойын-сауық орталықтар көп.

  3. Қаланың ортасында қандай өзен ағып жатыр? Қаланың ортасында Есіл өзені ағып жатыр.


  • Сонымен, балалар, біз қандай тапсырманы орындадық? (Мәтін көлі). Мақсатқа жеттік пе?

  • Иә, жеттік

  • Балалар, қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4) (көптік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау)

  • Көптік жалғауларын еске түсірейік (лар, лер, дар, дер, тар, тер)

  • Естерімізге түсірдік, ендеше қазір біз сендермен келесі тапсырманы орындаймыз. Келесі тапсырма «Семантикалық карта» өзені

(жұппен және жекеше жұмыс) (тыныш әуен қосу) (жазылым, айтылым, оқылым)


Семантикалық карта


Бір- бірінің жауабын тексеріп, баға қою. (жауабы тақтада)


  • Қандай тапсырманы орындадық? Неден өттік? («Семантикалық карта» өзені).

  • Ал, балалар, келесі тапсырманы орындау үшін «Септіктер» теңізінен өтеміз. (тақтамен, дәптерлермен жұмыс) Сөздерді септеу (үш оқушы тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне)

Астана, Ханшатыр, Бәйтерек (жазылым)


  • Балалар, біз неден өттік? Дұрыс, теңізден

  • Енді кішкене демалайық


Сергіту сәті. «Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй боп көрінер.



  • Ал, балалар, кішкене демалдық енді біз сендермен тауға шығамыз, ол үшін келесі тапсырманы орындаймыз. Сөйлемдерді дұрыс құрастырамыз. (жекеше жұмыс) (бейнеутақтамен жұмыс) (оқылым)

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, оқыту.

Тапсырма:

  1. Болашағы, зор, Астананың. (Астананың болашағы зор)

  2. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.(Астанада билердің ескерткіштері бар)

  3. Қала, жас, сұлу, Астана, ең. (Астана ең сұлу, жас қала)


ІІІ. Бекіту

-Балалар, біз неге шықтық?

- Дұрыс, тауға шықтық. Ал енді оның шыңына жету үшін «Тест» тапсырмасын орындаймыз. (Крейк Роман өзгеше жұмыс жасайды)


1.Астана …. қала:

а)көне ә)ескі б)таза в)әсем


2. Астананың бұрынғы аты:

а)Ақтөбе ә)Алматы б)Ақмола в)Орал


3.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а)Еділ ә)Қарасу б)Есіл в)Жайық


4. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана күшті қала ә)Астана-Қазақстанның астанасы

б)Астана-Қазақстан қаласы в)Астана жас қала

5.Астанада қандай ойын-сауық орталығы бар?

А) «Медеу» Ә) «Алтын адам» Б) Бәйтерек В) Эфелевая мұнарасы

Жауаптары: (бір-бірін тексеру, бағалау)

1 – В

2 – Б

3 – Б

4 – Ә

5 – Б


(Романның тапсырмасы) Жоғалған әріптерді қою.

  1. Астанада билерд..ң ескерткіштер.. бар.

  2. Ма..ан Астана қалас.. өте ұнайд...

  3. А..тана - өте әдем.., үлкен ..ала.

  4. Қаланы.. ортасынан Есіл өзен.. ағып жат..р.


  • Сонымен, балалар, біздер саяхат сабағын өткізе отырып «Бәйтерек» ғимаратына кірдік. Сондықтан «бес жол» өлең құрастырамыз. (бейнеутақтамен жұмыс, оқушылардың жауаптарын тындап, пердені ашу)


1. «Города» сөзінің аудармасы 1. Қалалар

2. Қазақстанның қалалары қандай? 2. Әдемі, үлкен

3. Ол қалаларда біз не істедік? 3. Бардық, көрдік, ұнады

4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.

5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт 5. Шаһар, кент



ІV. Сабақты қорытындылау: Не білдік? Немен таныстық? Не білгім келеді?

Астана – бас қала.

Астананың ғимараттарымен таныстық.

«Бәйтерек» туралы көбірек білгім келеді.


V. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Астанадағы “Бәйтерек” туралы мәлімет тауып, презентация жасап келу. (Аня, Надя, Индира)


VІ. Үйге тапсырма: Сөздерді жаттау (бәрі)

VII. Бағалау: Оқушылардың бағаларын анықтап, бағалау.

-Балалар, Қазақстанда қандай мейрам жақындап келе жатыр?

- Тәуелсіздік күні

- Тәуелсіздік күнге біз бір-бірімізге, қонақтарымызға қандай тілектер тілейміз?

-Қазақстаным гүлдене берсін!

-Менің Қазақстаным әдемі болсын!

- Қазақстанда адамдар тату болсын!

-Қазақстанда байлық көп болсын!

 –Қазақстанда ақылды оқушылар көп болсын!

-Елу елдің қатарына енсін!

- Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

7