Тақырыбы: Т. Ізтілеуов поэзиясындағы көнерген сөздер
Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Искакова Алтынай
Жалағаш 2011жыл
Жоспар:
Тұрмағанбет Ізтілеуовтің өмірі, шығармашылығы
Тұрмағанбет Ізтілеуов аудармасындағы «»
Тұрмағанбет Ізтілеуов поэзиясындағы көнерген сөздер
Қорытынды
ІЗТІЛЕУОВ ТҰРМАҒАМБЕТ
Ізтілеуов Тұрмағамбет (1882-1939) - халық ақыны, аудармашы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан.
Бұқара қаласында әуелі «Мир араб» (1896-1899), кейін « Көкелташ» медресесінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. «Көкелташ» медресесінде тәжіктің классик жазушысы Садриддин Айнимен достасып, студенттер арасында қабырға газетін шығарып тұрған. Өзі медреседе оқып жүріп, Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.
1905-1925 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, 1936-1937 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. 14 жасында «Қара қоңыз» тұңғыш мысал өлеңін, 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғаш дастанын шығарған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану»,тағы басқа да оннан астам дастан жазған.
Т.Ізтілеуовтің шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды.
Ақынның сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», тағы басқалары жатады. Сондай-ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты. Т.Ізтілеуов табиғат тақырыбында «Жыл келді», «Сыр бойы», тағы басқа өлеңдер жазды.
Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Ізтілеуовтің жазба айтыстарын діни айтыс («Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы»), хат айтыс («Тұрмағамбет пен Жүрсеннің айтысы», «Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы»), жұмбақ айтыс («Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы»), мысал айтыс («Көк құтан мен шымшық») деп жіктеуге болады. Т.Ізтілеуов бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі - топтық өнер жарысын қалыптастырды. «Алты ақынның өмірі туралы айтысында» поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың түрлі қасиеттеріне теңестіріліп жасырылады.
Т.Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. «Тұрмағамбеттің өзіне тән бір жаңа жанрды атауымыз керек. Ол - Тұрекеңнің өзге ақындардың айтыстарына айтқан аралық сөздері» дейді бұл туралы академик М.Қаратаев. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді.
Ақын 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т. б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем - Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем - Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті Қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Т.Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, «Назым» деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Ізтілеуовтің «Рүстем - Дастанын» жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. Ұ.Жаңбыршиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады. Ақын қолжазбалары Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
1980 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовке туған жерінде ескерткіш орнатылды. Қармақшы ауданындағы Ленин кеңшарына, бір көшеге ақынның есімі берілген.
Ізтілеуов Тұрмағанбет
Жалшылықта жүріп күн көрген кіші жүздің Кете еліндегі Ізтілеу кедейдің баласы Тұрмағамбет қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин ауыл советінде 1882 жылдың 9 июлінде туған.
Жасынан оқуға ойы сергек, әкесі ерте өліп жетім қалған жігері бар бала ауылдағы мұсылман мектебінен алғаш білімге қанағаттанбай, таудай талаппен оқу іздеп Орта Азияға аттанады. Белгілі жазушы, көрнекті ғалым Садриддин Айнимен бірге Бұхара қаласындағы «Көгелташ» медресесін бітіріп шығады. {mospagebreak}1905 жылы туған жеріне келіп, өз ауылындағы жаңадан ашылған мектепте сабақ беріп, жиырма жылдай мұғалім болады. Тұрмағамбет іргесін қалаған сол оқу орны қазіргі Қармақшы ауданына қараған Ленин атындағы совхоздағы №29 қазақ орта мектебі. Ұстаздығымен, ақындығымен өскен ортасына екі дәуірде де адал еңбек еткен Тұрмағамбетті 1935 жылы республикадағы үкімет орны Алматыға қызметке шақырып алды. Содан бастап өмірінің ақырына дейін Қазақ ССР Оқу халық комиссариатында ғылыми қызметкер болып істеді. Ол 1939 жылы 15 майда қайтыс болды.
Тұрмағамбет творчествосы сан алуан. Ол поэзияның барлық жанрына да қалам тартқан адам. Сауатты болғандықтан ерте кезден-ақ Абай шығармаларымен жақсы таныс болған («Абайды оқығанда» деген өлеңін 1910 жылы жазған). Революциядан бұрын аты шыққан ақын совет тақырыбына арнап бірқатар шығармалар жазған. Шығыс тақырыбына батыл барып, байсалды еңбек жасаған (поэмалары «Мәрді диқан», «Рауа бану», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз» т.б.) қазақ ақындарының бірі Тұрмағамбет дейміз. Әсіресе оның ақындығының шыңы - қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан Фирдоуси «Шахнамасының» 40 мың жолдық аудармасы. Бұл күрделі еңбектің бір бөлімі - «Рүстем-дастан» 1961 жылы өз алдына жеке кітап боп көп тиражбен басылып шықты.
«Шөлмек»
Шағалаша шулайды,
Кәнігі зерер кәтені,
Орынсыз дүние құрмайды.
Кәнігі – шебер ұста .
Кездік соқса кемсінбай
Өткізіп сыннан шыңдайды
Қалауатсыз хас сыпа
Қалауатсыз хас сыпа – қалтықсыз
Нағыз сыпайы адам.
Аяқ асты қылмайды.
Бұл меурітпен жүргенде.
Жас деген шіркін, үлғайды.
Шілде түссе құрғайды
Мәуріт – дәурен
Баһар – көктем
«Сыр бойы»
Суыққой саяқылар көп Сарытабанда
Ойын бар ізденгенге әр қадамда
Тек қана Қуаң деген болмаса атты,
Жайлауға жұртқа жайлы Арқадан да
Сарытабан – Сырдария жағасындағы жайлаудың аты.
Қуаң – жер аты, ерте заманда су аққан,
Қазір құрғап қалған арна – Қуаңдария.
«Шәкірттерге»
Балалар бос болмасын сабақтарың,
Жарқырар жаттасаңдар қабақтарың.
Жастықта жатпай-тұрмай жаһат етіп,
Жыртықтың жаңартыңдар жамап бәрін,
Жаһат – ұқыпты, ізденгіш, ыждағат
Көңілдің толтырыңдар қынаптарын
Олжаға ортадағы қол ұсынбай
Құр қою ұят болад шынақтарын
Шынақ –табақ.
Біле алмас кімге қарай аяқтарын
Ерте – кеш біз сендердің сейістерің
Жазатынжандарыңның жалақтарын
Сейіс – маман деген мағынада
Кетсе де тарс айырылып талақтарың
Аларсың төрден орын – төмендіктен
Кішіктік – көлеңкелі дарақтарың
Дарақ - жеке дара ағаш, терек
Жат түгіл, жақының да жаратпайды.
Жау жақта жүсе асулы жарақтарың
Ешкім де абыройлы көрінбейді
Ізіне ертсе иттіңбарақтарын
Барақ – жүндес ит
Сандалып сабақ бермей сендер жүрсің,
Ішкендей сарттың боза арақтарын
Сарт – ерте кезде тәжіктерді ослай атаған, түрік төркіні – саудагер
Боза – дәннен ашытып ішетін ішімдік.
Әдебиеттер тізімі
М. Байділдаев «Ақындар творчествосы» Алматы 1959 жыл
«Бес ғасыр жырлайды» Алматы. 1989 жыл ІІ том
Т. Ізтілеуов «Назым» Алматы. 1972 жыл
Ә. Қоңыратбаев «Көне түрік әдебиеті»
«Жеті ғасыр жырлайды» Алматы. 2004 жыл ІІ том
Егізбай Нағмеддин «Сыр сүлейлері»
Т. Қоңыратбаев «Түріктанушы» Алматы. 1996 жыл
«Қазақ әдебиеті» 02.09.2005 жыл