Разработка урока по казахскому языку на темуМенің сүйікті тағамым (4 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні

Қазақ тілі

Сынып

4

Тақырыбы

Менің сүйікті тағамым

Мақсаты

Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту

Міндеттері

  • Сөйлемдерді орын тәртібімен дұрыс құрауға дағдыландыру;

  • Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу;

  • Жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету;

  • Тағамның адам өміріндегі қажеттілігін ұғындырып, қадірлей білуге дағдыландыру

Күтілетін нәти

  • Сөйлемдерді орын тәртібімен дұрыс құрауға дағдыландыру;

  • Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу;

  • Жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету;

  • Тағамның адам өміріндегі қажеттілігін ұғындырып, қадірлей білуге дағдыландыру

Сабақ түрі

Жұптық жұмыс, СТО әдістері, сұрақ-жауап, INSERT стратегиясы

Сабақтың өту барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

(жұмыс түрі,орындалуы,уақыты)

Тапсырма мазмұны

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

-Амандасу, түгелдеу

-Назарларын сабаққа аудару.

-Тренинг: шаттық шеңбері, Бір-біріне көңіл-күй сыйлайтын сөздер айтады. Түрлі суреттер бойынша топтарға бөлінеді

Сұрақтар:1 Сабаққа көңіл күйіміз

қандай?

2 Алдыңғы сабақтарда өткен

сөздерді қайталаймыз

3 қазақ халқының қандай

ұлттық тағамдарын

білеміз?

4 Қазақ тілінде қандай

жалғауларды білеміз?

Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топта 3-4 оқушыдан.Әр топ топтық ереже бойынша өздерін реттеп отырады. Топ басшысы бағалау парағына өзінің тобындағы оқушылардың аты-жөнін жазады. Сабақ бойы бағалап отырады.

Бағалау парақтарын тарату.

Мұғалімнің бағалауы

Бағалау парақтары.

Белсенді тақта, қазақ тілінің төл дыбыстары

Тұсаукесер

I білу:

1.Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?

2. Өзіміз жақсы көретін тағамдарды әңгімелей білу;

3. Көптік жалғауы

  1. Біз қандай тағам түрлерін білеміз?

  2. Ұннан жасалатын қандай тағамдар бар?

  3. Сүттен жасалатын қандай тағамдарды білеміз?

  4. Қандай ет тағамдары болады?



Үй тапсырмасы бойынша тағам түрлерін әңгімелейді. Тағам түлері қандай болып бөлінеді, қалай жасалады.

Нанның түрлерін айтады.

Топ басшысы әр сөйлеген оқушыларды бағалау парағында бағалап отырады.

Бағалау парағы

Негізгі

бөлім

II. Түсіну. Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс, Диалогтық оқу.

Ережемен жұмыс

1-тапс 3 топқа. Мәтінді түсініп оқып, аударып, өз ойларыңды айтыңдар.

2-тапс. Сөйлемдерді дұрыс құра.

1. бардық, мейрамханаға біз.

2. Қонақ үй, көшесінде, орналасқан, Бұқар жырау.

3. Әкең, сені, күтіп отыр, асханада.

4. Бұл, дәмді, тағамды, асханада, өте, әзірлейді.

5. Атам, жақсы көреді, палауды, менің,

3-тапс Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

1. Бізді... үй...е қона... келді. 2. Ана... дастар... ан жая бастад... . 3. ...стел үстін... ба...ырсақ, ма..., қайма... қойылд... . 4. Там...қ өте д...мді бол...ы. 5. А...а бат... жасад... . 6. Ау...лда к...п демалды... . 7. Ма...ан ауы... ұн...йды.

4-тапс. Берілген сөздерге көптік жалғауды жалғап, бірнеше сөз тіркестерін құра

Пияз, картоп, сәбіз, балық, алма, шие, тамақ, лимон, қияр, қызанақ Констинополь әдісі: Отбасы

Бес жол өлең әдісі: Тағам

Мәтінді түсініп оқып, аударып , мазмұндайды;

Алдыларында берілген сөйлемдерді дұрыстап құрап, постерлеріне жазады;

Әр топтан бір – бір оқушыдан шығып тиісті әріптерді қойып, әр топ бір – бірінің қатесін табады;

Орындарында отырып берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап, сөз тіркестерін қүұрайды

Белсенділігі, ойының нақтылығы, тұжырымдылығы, сөз саптауы, топтағы ынтымақтастық деңгейі.

Тапсырмалардың дұрыстығы,қатесіз, таза, орындаулары, жазулары.

Оқулықтары, карточкалар, бағалау парағы

БағалауӘдісі: өзара бағалау .

Орындалуы: бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалайды

Қорытынды баға қояды.

Топ басшысы өзінің тобындағы бағалаған оқушылардың бағаларын айтады.

бағалау парақтарын жинап алу.

Үй тапсырмасы

Өз сүйікті тағамдары жайында сөздіктерді пайдалана отырып шағын әңгіме жазу, көптік жалғауларын қайталау

Үй тапсырмасын қалай орындау керектігін түсіндіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады

Қорытынды

Әдісі: INSERT әдісі

Орындалуы: Сабақта не ұнады, нені білдім, нені білгім келеді, не ұнамады.

Оқушыларға түрлі түсті стикерлер беріледі.

Оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, жапсырып кетеді