Шет тілінің грамматикасын меңгеруде ойын элементтерінің маңызы.
Play, play, for your locks will grow grey Ch. S. Calverley (1831-1884) It's more than a game. It's an institution. Thomas Hughes (1822-1896)
Шет тілін оқу үй салумен тең деген екен бір ғұлама. Лексика сол үйдің кірпіші болса, грамматика сол кірпіштерді біріктіретін цемент тәріздес деген екен ол. Атақты ғалым бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби грамматиканы «тілді тезге салатын өнер»деп, грамматика саласына жоғары баға берген. Грамматиканы тиімді әрі нәтижелі үйретудің түрлі әдістері бар. Оқушылардың білім, білік, шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалды жақсы біліп, грамматиканы жетік меңгеруіне ойындар көп көмек берді. Менің ойымша, грамматикалық ойындар– ойындардың маңызды түрі, өйткені, грамматикалық материалды игеру, ең алдымен, оқушының белсенді сөйлеуіне мүмкіндіктер жасайды. Грамматикалық ойындардың мақсаты – қиындық туғызатын нақты бір грамматикалық тақырыптар бойынша ағылшын тілінде қарым-қатынас жасуға бірліктерін дамыту, қайталау. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілі мен оқуға, пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді әрі және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа қызығушылықпен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Ойын оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ойын әр түрлі жағжаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдалынылады.
Қазіргі таңда оқушыларға ағылшын тілін меңгерту мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қолға алынғаны баршамызға мәлім.
Психологтардың айтуы бойынша, бастауыш сыныптың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. Балалар 10-12 жасқа дейін ойнайды. Балалар мектепті ұнатады, бірақ балалардың сабаққа деген қызығушылығын ойын элементтері, мұғаліммен қарым-қатынас арттырады. Ойын арқылы балалар шет тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады, грамматиканы жеңіл түрде меңгеріп, ойын кезінде шаршағандығын сезбей, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді.
Оқу үрдісі кезінде пайдаланған және жақсы нәтиже берген ойын түрлерінің бірнеше нұсқасымен таныс болыңыздар. Бұл ойын түрлерінің мектеп қабырғасындағы жас мамандар үшін зор көмегі тиеді деп үміттенемін.
1)Hide-and-Seek in a picture [Конышева 2006: 112].
Мұғалім айтады: "Let's play hide-and-seek today!"
P: I want to be "It"
T: Let's count out.
Оқушылар арасынан жүргізуші таңдалынады.Оқушылар тығылуға дайындалып жатқанда, кенеттен тосын сый болады.Ойынның шарты бойынша, тығылу шынайы емес. Тығылу ойша, яғни берілген картинада суреттелген бөлмедегі бір заттың артында жүргізіледі.Ең қызықтысы, ойыншы қай жерде жасырынғанын қағазға жазып, мұғалімге береді. Тыңылмақ шынайы түрде болу үшін, ойыншы әдеттегі сөздерді айтады:
Bushel of wheat, bushel of clover:
All not hid, can't hide over.
All eyes open! Here I come
Кейіннен "іздеуді" бастайды:
P1: Are you behind the wardrobe?
It: No, I am not.
P2: Are you under the bed?
It: No, I am not.
P3: Are you in the wardrobe?
It: No, I am not.
P4: Are you behind the curtain?
It: Yes, I am.
Тапқан оқушы жұлдызша алады.
Әр ойында міндетті түрде жүргізуші болуы қажет. Себебі, ойын барысында оның рөлі өте маңызды.
2)«Travelog» – «Caяхаттар туралы әңгімелер» ойыны.
Мақсаты: өткен шақты қайталау (Simple Past).
Қажетті материалдар: Мұғалім немесе оқушылардың соңғы саяхаты туралы слайдтар. Оқушыларға осы слайдтар көрсетіледі, ал оқушылар болса, саяхат туралы ауызша әңгіме құрастыруға тырыса отырып, оларды кезек- кезек айтып шығады. Мысалы:
1-ші оқушы: «This is where we stopped to go swimming»;
2-ші оқушы: «Unfortunately, the water was so cold»;
3-ші оқушы: «Then we ate at this restaurant, where the food was too cold»; 4-ші оқушы: «At the zoo, we saw all kinds of animals, including this bear»;
5-ші оқушы: «This is our motel. The beds were too soft and the walls were too thin. We could hear our neighbour’s TV better than ours». Бұл ойын білім деңгейі орташа оқушыларға арналған. Әсіресе, тілді үйренушілердің ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін арналған.
3)Where is the Pen?
Мақсаты: предлогтарды, арнайы сұрақтарды жетік меңгеру.
Барысы: Ойынның басында мұғалім бір зат іздеп жүреді.Мысалы: қалам.
Т: Where is my pen, children? Where is my pen? Is it in the table, or under the table, or on the table? Almas, do you know?
Almas: It is in your bag.
T: Let me see. No, it is not in the bag. Where is it, Samal?
S: It is in your table.
T: Let me see. No, it is not here. Where is my pen, Olga?
O: It is under the textbook.
Ойын осылай жалғаса береді. Ал, қалам табылғаннан кейін, ойынның шартын өзгертуге болады. Мысалы, жүргізуші оқушылардан сұрайды: Is it in your desk, Lena? etc. Басқада нұсқаны қарастыруға болады: жүргізуші барлық оқушылардан көздерін жұмуды сұрайды. Кейін бір зат жасырады, ал оқушылар сол затты табу мақсатында жүргізушіге сұрақтар қояды. Сұрақтың құрылымын мұғалім қадағалайды.
4)Ойын: Жоғалғандарды іздеу [Коновалова 1990: 61].
Мақсаты: " Is it …?"құрылымын меңгерту; Мұғалім кез келген затты тығады.Мысалы,ойыншық күшікті.Оқушылар сұрақтар қою арқылы сол затты табулары қажет.Мысалы: P1: Is the dog in the bag? T: No, it is not. P2: Is it under the table? T: No it is not.Оқушылар жасырылған затты тапқанша, сұрақтарды кезектеп қоя береді.Ойынды тағы бір тәсіл арқылы жүргізуге болады.Бір оқушы сыныптан шығады, ал басқа оқушылар бір затты белгілі бір жерге жасырады. Жасырғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп, сұрақтар арқылы затты табады.