Wild and domestic animals

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 3.03.16 сыныбы: 1д пәні: ағылшын тілі

Сабақтық тақырыбы: «Farm and wild animals» («Үй жануарлары және жабайы аңдар») 

Мақсаты 
Сыни тұрғысынан ойлай отырып, оқушыларды ағылшын тілінде сөздік қорын молайып, диалог бойынша сөйлеуге үйрету. Достыққа, сыйластыққа, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін дамыту.
 
Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.
 

Міндеттері • жаңа сөздермен танысу және оларды сөйлем ішінде қолдана білуге үйрету;
 
• оқушылардың уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру;
 
• оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру.
 

сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, пазл

Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: музыка, қоршаған орта

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім балалармен сәлемдеседі (видео және әндетіп)

Good morning Good morning

Good morning to you!

Good morning Good morning

I am glad to see you!

How are you? Sit down please

II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Бүгін біз үй жануарлары мен түз жануарларын белгілейтін сөздермен танысамыз. Балалар сендер Даша мультфильмін білесіңдер ме? Сондағы Даша орманда адасып қалыпты. Үйіне баратын жол таппай жүр, қайта – қайта кедергілер шыға береді екен. Ал енді біз оған көмектесемізбе сол кедергіден өтулеріне? Онда мұқият көңіл бөліп отырыңдар. Ең бірінші кедергі III. Фонетикалық жаттығу [w] [w] [w] – wild – wild animal, wolf-a wolf [a:]- farm, car, star

IV. Жаңа материалмен жұмыс. Видео және оқулықпен жұмыс. Мұғалім жануарларды үй және түз жануарларына бөле отырып, оқушыларды жаңа лексикамен танытырады. Farm animals: a cow, a sheep, a horse. Wild animals: a fox, a wolf, a bear.

Track 41 (Дашаның 2-кедергісі) Оқушыларға айтқызу What is it? Сұрағы бойынша сұрап шығу. It is a cow, It is a sheep, It is a horse. It is a wolf, It is a fox, It is a bear.

Мұғалім A sheep is a farm animal. A bear is a wild animal құрылымымен таныстырады. Әр оқушыға осы құрылым бойынша жеке – жеке айтқызу керек. 2-жаттығу. 3 торай туралы ертегі. Видео көрсету pig, first, second, third жаңа сөздерімен таныстырып алу.

Дашаның 3- кедергісі. Балаларға бірнеше сұрақтар қою. Балалар Yes/No үлгісі бойынша қысқаша жауап береді. 1.Is the first little house strong?

2. Is the second little house strong?

3. Are the houses of two little pigs strong?

4. Is the third little house strong?

5. Is the wolf kind?

Ойын «Тізбек» деп аталады. Суреттерге қарап үш тораймен болған оқиға туралы кезек-кезек әңгімелейді. Мұғалім фразаны бастайды, ал оқушылар оны аяқтайды.

T: Look, these are tree …. P1 Little pigs

T: They are ….. P2 brothers

T: This is the …. P3 first little pig

T: This is the …. P4 second little pig

T: This is the …. P5 third little pig

T: The wolf ….. P6 is not kind

T: They have …. P7 little house

T: This house ….. P8 is not strong

Енді оқушыларды Ll әрпімен және осы әріптен басталатын сөздермен таныстыру. [l]- lemon, lion, lamp, lollipop.

Track 43- тыңдау және қайталау. 4- жаттығу ән айту. Track 44

Сергіту сәті.

V. Сабақты бекіту. Дашаның 4- кедергісі.

1) «Ойлан, тап» ойыны. Балалар мұнда үй жануарлары мен түз жануарларын бөліп жазады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Farm animals: a cow, a sheep, a horse.

Wild animals: a fox, a bear, a wolf

2) Пазл. What is it? Сұрағы бойынша суреттер құрастыру және оның не екенін айту.

3) «Bingo» ойыны әр баланың алдына сызба беріледі балалар әріптерді толтыру арқылы бинго ұтып алады.

4) «Кім жылдам» әріптер көрсету арқылы сөздерді еске түсіру.

5) Жазу. Ll әрпін дәптерге түсіру

VI. Сабақты қорытындылау.

Балалар бүгінігі сабақта жануарлардың атауын білдіретін сөздермен таныстық. Оқушылар оларды атап шығады. Жаңа Ll әрпін және одан басталатын сөздерді білдік, оқушылар тағы да айтып шығады. Сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер, көп рахмет!

VII. Бағалау

VIII. Үй тапсырмасы (әріптерді жаттау)



















A cow



A horse

A sheep

A pig

A wolf

A fox

A bear

A lion





[pic]

[pic]





[pic]





[pic]

[pic]



[pic]