«№2 Затобол орта мектебі» ММ
Сыныптан тыс іс - шара
2 «АБВ» сынып
Тақырыбы:Наурыз мейрамы.
Жауапты: Кабаева Г.З.
2014жыл
Күні: 18.03.14 Сынып:2А Б В
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының шығу тарихы,
туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Салт - дәстүр, әдет - ғұрып, мәдениетімізді білуге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін
арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,интерактивті тақта, шарлар, суреттер.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.
Мұғалім сөзі:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» мағынасын білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -"Әз - Наурыз" деп атаған.
Бұл күнді жұрт ел аралап, үйлерге кіріп, наурыз көже ішіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз күні халық бір-бірімен көрісіп амандасқан. Өкпе - реніш ұмытылып, дос болады екен. Наурыздың 21 күні Қыдыр ата даланы аралайды екен. (Қыдыр ата адамдарға бақыт - дәулет әкелетін көрінбейтін ақсақал.)
Бүгінгі күні біз де " Қызғалдақ" және " Бәйшешек" топтарының арасын сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
Сайыстыңбарысы
1.Кім тапқыр! сайысы. (Оқушылар өлең, тақпақ айтып жарысады.)
2. Ойлан, тап! сайысы. Сұрақтарға жауап бер.
3. «Қол күрес»ойыны.Амреслинг. (Екі бала шығып қол күреседі).
4. «Қыз қуу». ойыны Догани девушку. ( ұл бала қыз баланды қуады).
5. «Теңге алу» ойыны. (Ұл бала атпен шауып келе жатып орамалға түйілген
күмісті алады).
6. «Арқан тартыс» ойыны. Перетягивания каната.( Екі топтағы балалар
арқанды тартады).
7. «Ханталапай»ойыны. (Асықтарды кім көп жинап алады, сол жеңеді).
1.Кім тапқыр! сайысы. (Оқушылар өлең, тақпақ айтып жарысады.)
Көктем
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
Наурыз
Адам да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы ап тұр,
Кәрі де, жас та, бала да.
Көктем
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылды,
Күннің көзі көрінді.
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Бата
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Наурыз, наурыз, келді
Біздің жаңа жыл!
Көктем келді, балақай,
Наурыз тойын тойлайық.
Қонақтарға сүйеніп,
Сәлем берсем иіліп!
Орындалсын ойларың:
Құтты болсын тойларың!
Ау, жараңдар келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Көктем келді, балақай,
Күнге сәлем беріңдер!
Көктем келді балалар!
Айналаға қараңдар.
Қызыл, сары гүлдерді,
Бәрің бірге санаңдар.
Көктем келді балалар!
Айналаға қараңдар.
Қызыл, сары гүлдерді,
Бәрің бірге санаңдар.
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
2. Ойлан, тап! сайысы. Сұрақтарға жауап бер.
- ЖЫЛДЫҢ ҚАЙ МЕЗГІЛІ?
- КӨКТЕМДЕ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ?
- КӨКТЕМ АЙЛАРЫ ҚАНДАЙ?
- КӨКТЕМДЕ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕЛЕР БОЛАДЫ?
- 22 НАУРЫЗДА ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ БОЛАДЫ?
-НАУРЫЗДА НЕ ПІСІРЕДІ?
-КӨКТЕМДЕ НЕЛЕР ҰШЫР КЕЛЕДІ?
-22 НАУРЫЗДА НЕ ТЕҢЕЛЕДІ ?
-КӨКТЕМ МЕЗГІЛІ ҰНАЙДЫ МА?
-ҚАЗІР ҚАЙ АЙ?
Мұғалім:Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане,
кімқандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар,
күрес, теңге алу, асық ойнау).
- Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап
көрейікші.
3. «Қол күрес» ойыны. Амреслинг. (Екі бала шығып қол күреседі).
4. «Қыз қуу» ойыны.Догани девушку. ( ұл бала қыз баланды қуады).
5. «Теңге алу» ойыны. (Ұл бала атпен шауып келе жатып орамалға түйілген
күмісті алады).
6. «Арқан тартыс» ойыны. Перетягивания каната.( Екі топтағы балалар
арқанды тартады).
7. «Ханталапай»ойыны. (Асықтарды кім көп жинап алады, сол жеңеді).
Шашу: Балаларға ,мұғалімдерге шашу шашу.
БИ: «Қара жорға». Балаларға би билету.
Қорытынды сөз: Осымен мерекемізді батамен аяқтаймыз.
Қыдыр ата: ( Балаларға бата береді).
Бата
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Жеңген топты марапаттау.