Урок по казахскому языку Отбасы (3 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




















Отбасы






















Эпиграф: «Отан отбасынан басталады».

Тақырып: Отбасы.

Мақсаты. 1.Сөздік қорларын байыта отырып,қазақша сөйлеу дағдыларын

қалыптастыру.Отбасы тақырыбын меңгертуді жалғастыру.

2.Оқушылардың ақыл- ойын,білімге ынтасын,қызығушылығын

дамыту үшін әр түрлі әдіс -тәсілдер қолдану.

3. Ата- анаға деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақта қолданылған әдістер:бірлесіп оқуға үйрету технологиясының ,дамыта оқыту технологиясының элементтері,оқушы оқушы,оқушы мұңалім байланысы қолданылды.

Қолданылған тәсілдер:жеке,жұптық,топтық,өздік жұмыстар.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі,ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

а)Сәлеметсіңдер ме,балалар!

ә)Назарларын сабаққа аудару (тілдік ортаға енгізу).

1.- Сен қай қалада тұрасың?

2.- Қай көшеде тұрасың?

3.- Нешінші мектепте,нешінші сыныпта оқисың?

4.- Қай жыл мезгілі?

5.- Қай ай?

6.- Аптаның қай күні?

б)Фонетикалық шынықтыру интерактивті тақтада жазылған сөздерді

оқушылар оқиды

Әкем,шешем және мен

Атам,әжем,бауырым

Мынау менің отбасым.

Father,mather

Sister,brother

Hand in hand

With in another.

(Сөздердің жуан,жіңішкелігін,тән әріптерді тауып,мінездеме береді).

2.Ал,кәнеки балалар маған мына сұрақтарға жауап бере қойыңдаршы.

-Бізді мектепке кім шығарып салады?

-Бізге ең ыстық,жақын адамдар кімдер?

(Осы сұрақтарға жауап алу үшін топтастыруды шешейік).

Осы барлық адамдар қосылса қалай атаймыз?

Оқушылар: -Отбасы,жанұя.







3.Жаңа сөздермен жұмыс.


Зейнеткер- пенсионер

Тату- дружный

Құрметтеймін- уважаю

Ұшқыш- летчик

Шағын- небольшой

Жанұя (отбасы)- семья

Әуежай- аэропорт

Балабақша- детский сад

Кішкентай- маленький

А)Оқу Ә)тізбектей оқу

Б)Тән әріптерді тауып мінездеме береді.

В)Сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыру.

Г) «Кім тез» ойыны.Сөздерді шатастырып оқу.

Д )«Ойлан тап» ойыны.Сөздердің аудармаларын өздері табады


4.Мәтінмен жұмыс.

Біздің отбасымыз.

Біздің отбасымыз үлкен.Олар:атам,әжем,әкем,шешем,ағам,қарындасым және мен.Атам мен әжем зейнеткерлер.Мен оларды құрметтеймін.Әкем-ұшқыш.Ол әуежайда жұмыс істейді.Шешем-мұғалім.Ол мектепте жұмыс істейді.Ағам-студент.

Қарындасым кішкентай.Ол балабақшаға барады.Мен үшінші сыныпта оқимын.

Біздің отбасымыз тату.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС.

1-Топ. Аударады. 2-Топ. Сұрақ қояды. 3-Топ. Мазмұндайды.

( 1-2оқушы өз отбасы

туралы айтады)

5.Бекіту: Деңгейлік тапсырмалар.

А. Сұхбат құрастырады. Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

Үш жолды сөйлем жазады.

Ә. Бес шумақ өлең жазады

.Зат есім

.Сын есім

.Етістік

. Үш жолды сөйлем

.Синоним

Бағалау:Әр топ жетекшісі өз тобындағы балаларды бағалайды.

Қорытынды: Бүгін сабақта не ұнады? Отан отбасынан басталады деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Үйге:Сөздерді жаттау. Сөздермен сөз тіркестерін құрастыр. Өз отбасылары туралы әңгімелеу.