Урок казахского языка (6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін: _________

Мектеп директоры:


К.К.Султангазин


« » ____________2014ж.



Сабақ жоспары

Күні: .04.14ж

Пән: Әдебиет

Сынып: 6-сынып

Тақырыбы: М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесіндегі жетімдер тағдыры

Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құралдар, интернет

Мақсаты: Оқушыны образды талдау арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесін, сезім сырларын ұқтыру;ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу; адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухына тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Шығармада берілген кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін түсінеді, бейбітшілік пен соғыстың мәнін ажырата алады, кейіпкерлерді және олардың іс-әрекетін саралай біледі.Топта белсенді жұмыс істейді ,ой – пікірін жеткізеді, мәдениетті сөйлейді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын әдістер: топтық, жеке, «Ой қозғау», проблемалық сұрақ, шығармашылық жұмыс, «Қорытынды сөз» рефлексиясі.

Керекті құрал-жабдықтар: түрлі суреттер,ИКТ, компьютер, смайликтер,стикерлер,бағалау парақтары, телефондар.





Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті


Амандасу. Оқушыларды шеңберге жинайды, бір-біріне жақсы тілек айтуды ұсынады.Сабаққа қандай көңіл-күймен келгенін білу үшін тақтаға смайликтерді ілгізеді. Жұп және тақ сандар арқылы топтарға бөледі .



Оқушы әрекеті

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірінетілек айтады. Оқушылар топтарға болінеді.

Уақыт



3 мин

Модуль


А кезеңі




Білу

Түсіну


Үй тапсырмасын тексеру:


-Шығарма сендерге қалай әсер етті, қандай сезімге бөледі?

Оқушылардың диктофонға жазып келген хаттарын тыңдатады.


Проблемалық сұрақ:

-Бүгінгі заманда өз отбасында тәрбиеленбей,шетелге асып жатқан балалар туралы не айтуға болады? Тақырыпқа шығу,мақсат қойғызу.


Іздену жұмысы. (Интернеттен мәлімет, видео,статистикаға сүйену )

Шығармашылық жұмыс.( Презентация жасату)


1-топ 2-топ

Біздің замандастастарымыздың өмірі Соғыс кезіндегі балалар өмірі


Топтарға презентацияларын қорғату,ой-пікірлеріне тұжырым жасату.





Оқушылар диктофонға жазып әкелген хаттарын оқып таныстырады,тақырыпқа шығып,мақсат қояды. (топтық жұмыс)


Топтық жұмыс


Топтар презентацияларын қорғайды,ой-пікірлеріне тұжырым жасайды.


Формативті бағалау ( «2 жұлдыз,1 тілек » әдісі )


Балалар сергіту сәтін жасайды.


5 мин







25 мин








2 мин





АКТ



ОмОЖТ


ОҮБжОБ



ОБжК


ОЖЕСОжО



ТжДБО





































В кезеңі




Қолдану

Талдау


Интербелсенді тақтада тест жұмысы беріледі. (Өзіндік жұмыс)


Тест тапсырмалары
1. Балаларды ауылға не үшін алып келді?
а) жұмыс үшін;
 
ә) соғыс болғандықтан;
 
б) жетім қалғандықтан.
2. Бригадир Берден қай баланы алды?
а) Нартайды,
 
ә) Ертайды,
 
б) Яковты.
3. Сол ауылдан соғысқа қанша азамат қатысты?
а) 43;
 
ә) 52;
 
б) 39.
4. Нартайды кім алды?
а) Бригадир;
 
ә) Берден;
 
б) Жақып молда.
5. Ауыл бойынша ойнаған ойын атауы?
а) « Көкпар»;
 
ә) «Айгөлек»;
 
б)»Сақина салу»
6. Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде, Ахметпен жанжалдасқан кім?
а) Басқарма;
 
ә) Дәуренбек;
 
б) Бәйбішесі.
7. Ахмет қай ауылға көшті?
а)»Қызыл ту»;
 
ә) «Қайрат»;
 
ә) «Балдырған».
8. Ахмет пен Зекен арасындағы ұқсас қасиеттер?
а) бұзықтық;
 
ә) ширақ;
 
б) адалдық.


Тест жұмысын орындайды

Уақыт



3 мин

Модуль


С кезеңі



Жинақтау

Бағалау











Үй тапсырма-сы


«Ой қозғау» стратегиясы

Қазіргі кезеңде Ахмет секілді адамдар бар деп ойлайсындар ма?

Шығарма сендерге қалай әсер етті, қандай сезімге бөледі?

«Адам адамға дос, жолдас, бауыр» дегенді қалай түсінесіңдер?

Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе сендер қандай тәрбие аласыңдар осы шығармадан?

Достық,бауырластық,қайырымдылық туралы мақал-мәтел айтқызу.


Оқушылар орындаған тапсырмалардың нәтижесінде жинаған ұпайлары бойынша және сұрақтарға берген жауаптарын ескере отырып білімдерін бағалайды.


Балалармен «Қорытынды сөз» рефлексиясін өткізеді.



«Шығармадан алған әсерім » ойтолғау жазу.



Оқушылар пікірін білдіреді,тапсырмаларды топпен орындайды. Екі топ жазғандарын оқиды. Формативті бағалау (Бас бармақ)

Ой-түйін,мақал-мәтелдер айтады

Топ көшбасшылары бағалау парақтарын толтыып,айтады.

Формативті және жиынтық бағалау.







Смайликтерді іледі.






5 мин








2 мин












СТО