Білім беру бағдарламаларын жаңғырту: аккредитация және кадрлар дайындау сапасының кепілі»// Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 46-ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 14-15 қаңтар 2016ж. 3-кітап,.219-222бб
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық
кафедрасының аға
оқытушылары Наралиева Р.Т.,
Досанов Б.И.
Қазақ тілін көптілді ортада оқытудың өзекті мәселелері
Мемлекеттік тілді білу,жетік меңгеру және нақты тілдік жағдаятта дұрыс қолдана алу – еліміздің әрбір саналы азаматының қасиетті парызы. Қазақстанда 140-тан астам ұлттар тұрады. Осы ұлт өкілдерінің бәрінің ана тілімен қатар мемлекеттік тілді жетік деңгейді меңгеруі міндетті. Осы міндет пен мақсатты жүзеге асыру үшін талай игі қадамдар, ізгі істер жасалып жатыр. Тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген табыстарға қол жеткіздік, экономикалық табыстармен қатар мәдениет пен өнер саласында да талай-талай биік белестерді бағындырдық. Тәуелсіздігіміз бен татулығымыздың. тұрақтылығымыздың кепілі парасатты билік пен көрегенді саясаттың арқасы айқын. Татулықтың тірегі түсіністік, ал түсіністіктің тірегі тіл бірлігі. Сондықтан да қазір еліміздегі лингвист мамандардың алдында үлкен жүк, міндет тұр. Отандық білім кеңістігінде көптілді ортада қазақ тілін екінші тіл немесе шетелдік азаматтарға екінші тіл ретінде оқытудың озық әдістемесін қалыптастыру.
Қазақ тілінің инновациялық әдістемесін қалыптастырудың өзектілігі – Елбасымыздың тіл саясатына қатысты айтқан тұжырымды терең ойларын жүзеге асыру мақсатында, отандық білім беру сатысын әлемдік деңгейге көтеру болып табылады. Білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты отандық білім реформасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің даму стратегиясына сәйкес елімізде білім алып жатқан қазақстандық жастарды және шетелдік азаматтарды қалыптасқан салт-дәстүрімізді, тарихымызды, әдеп-ғұрпымызды, мәдениетімізді құрметтеуге баулу барысында жетекші рөл атқаратын, көпұлтты елімізді, біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыратын негізгі фактор – мемлекеттік тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын, бәсекеге қабілетті дамыған елу елдің қатарына енуіне, әлемдік аренаға шығуына жол салатын білім мен ілімнің, ғылым мен техниканың тілі ретінде құзыреттілігін артуына байланысты қазақ тілін көптілді ортада оқытудың инновациялық әдістемесін мемлекеттік және жалпыадамзаттық мәдени кеңістікте ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, оқыту технологиясына қатысты лингвистикалық және инновациялық әдістемелік мәселелерді анықтайтындығында болып саналады. Қазақ тілін көптілді ортада деңгейлеп оқыту және қазақ тілінің грамматикасын дәрісханасы сұранысына қарай прагматикалық тұрғыдан оңтайлап ұсыну – бұл салада соны әдіс. Ұсынылып отырған әдістеме қазақ тілін көп тілді ортада әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, деңгейлік жүйеде оқыту үдерісін: қазақ тілді дәрісхана үшін – іскери және кәсіби қазақ тілін, еліміздегі ұлттық мектептерде және орыстілді дәрісхана үшін – екінші тіл ретінде, ал шетелдіктер пен мемлекеттік тілді өте нашар білетіндер үшін шет тілі ретінде оқыту бағытымен қатар, Ұлттық Бірыңғай тестілеу мен кешенді тест тапсырушы талапкерлерге арнап қазақ тілінің грамматикасын кешенді түрде оқытатын қарқынды оқыту жүйесін қалыптастырып ұсынуды көздейді. Қазақ тілін көптілді ортада деңгейлеп оқытудың инновациялық: қазақ тілінің грамматикасын парадигматикалық тұрғыдан оңтайлап оқытудың кешенді әдістемесін: қазақ тілді дәрісхана үшін қазақ тілін ана тілінің жоғары - іскери-ресми және кәсіби қазақ тілі деңгейлерінде оқыту, орыстілді тұтынушыларға қазақ тілін екінші тіл ретінде бастауыш деңгейден бастап оқыту, ал шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілін шет тілі ретінде нөлдік деңгейден бастап оқыту, ал ҰБТ және кешенді тест тапсыратын талапкерлерге арнап қазақ тілі грамматикасын кешенді түрде оқытатын қарқынды оқыту жүйесін ұсынады. Қазақ тілінің грамматикасын тілді тұтынушы сұранысына сәйкес дәрісханаға оңтайлап ұсыну тәсілін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының пән оқытушылары шетелдік азаматтар үшін қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту барысында – сабақта ұтымды пайдаланып жүр. Қазақ тілі грамматикасын кешенді түрде оқыту әдістемесі ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алатын оралман қазақ жастарын кешенді тестілеуге әзірлеу барысында тиімділігін айқын дәлелдеді. Факультетте білім алған талапкер жастар қазақ тілі пәнінен он ай ішінде – аз ғана мерзімде елімізде он бір жылы бойы оқыған отандық талапкерлерден кем емес деңгейде балл жинайды. Ал қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқыту барысында қолданылатын прагматикалық тұрғыдан грамматиканы функциональдық-семантикалық жақтан оңтайлап оқыту әдістемесі ғылыми зерттеулер барысында және оқу тәжірибесінде қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқыту үдерісінде грамматиканы оңтайлап беру әдісінің тіл үйренушінің жас ерекшелігіне қарамастан тілді меңгеруге қол жеткізе алатындығын көрсетті, практика жүзіндегі дәлелінің айқын мысалы – факультетте оқып жүрген шетелдік тыңдаушылардың 6 апта ішінде күнкөрістік деңгейді: тілдің нөлдік сатысын меңгеріп, жат тілді ортада өте қажетті тілдік жағдаяттарда шағын диалогтер құра алатын дәрежеге қол жеткізеді. Мысалы, факультетте білім алып жатқан ауғанстандық тыңдаушылардың 6 аптадан соң өз бетінше базар аралап, дүкендерге барып өздеріне қажетті заттарды сатып ала алады. Қазақ тілі грамматикасын оңтайлап оқыту барысында грамматикалық терминдер нақты аталмай, олардың функциональды-семантикалық жағына мән беріледі: өзі әлі тілді дұрыс білмейтін тіл үйренушілерге тілдік терминдерді жаттатқаннан гөрі олардың мәні мен мағынасын түсіндірген абзал. Қолданыс аясын ұқтырған жөн. Мысалы, өткен шақ болымсыз етістік деген гөрі орындалмаған немесе болмаған іс-әрекет деп оқыту әлдеқайда ұтымды болып табылады. Қазақ тілі пәні оқытушыларының кәсіби біліктілігі, бірегей әдістеменің ерекшелігі, тіл үйренушілердің, тілді тұтынушылардың жеке тұлғалық талаптарына сай жеке тұлғалық-бейіндік бағдарда оқыту бағыты қазақ тілін көптілді ортада оқыту үдерісінде табысты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабаққа үзбей қатысып, берілген тапсырмаларды толық орындаған жағдайда талапкерлер ҰБТ және кешенді тестілеу кезінде қазақ тілі пәнінен жоғары балл жинауға қол жеткізе алады, сонымен қатар қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқыту саласында тіл үйренушінің 6 аптадан соң тілдің (нөлдік) күнкөрістік немесе бастапқы деңгейін меңгеріп, келесі деңгейіне өтеді. Грамматиканы оңтайлап оқыту әдістемесі қазақ тілін көптілді ортада шет тілі ретінде оқыту жүйесін кез келген жастағы адамға қолжетімді етеді, ал сабақты жеке тұлғалық ерекшелікке бейімдеп ұйымдастыру арқылы сапалы нәтижеге қол жеткізеді. Отандық білім беру нарығында қазақ тілін оқыту әдістемесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, еліміздің интеллектуальдық әлеуетін арттыруына үлес қосуға бағытталады. Әдістеменің өзектілігі, ең алдымен, оның зерттеу нысанынан – қазақ тілін көп тілді ортада оқыту жүйесін әлемдік тіл үйрету бағдарламасына: Кембридж университетінің халықаралық тіл – ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне, EF Efekta™ System [1, 31-60] жүйесіне және корей, түрік тілдерінің прагматикалық тұрғыдан грамматиканы оңтайлап оқыту бағытына сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді және прагматикалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту әдістемесін ұсынуынан айқын көрінеді. Яғни қазақ тілінің қолданыс аясының кеңістік пен уақыт аясындағы даму жолдарын мен танымдық-тәрбиелік мәнін саралау, тілдегі ұлттық таным негіздері мен одан алатын тағылымының жүйелілігін лингвомәдени, психологиялық, педагогикалық, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік негізде анықтаудың маңызы зор. өзектілігі айқын. Қазақ тілінің коммуникативтік функциясын, тілдік құзыретін жаңаша ғылыми негізде саралаудың, оны жалпыадамзаттық құндылықтармен салыстыра отырып, ерекшелігін танытудың, қазіргі инновациялық даму бағдарламасы тұрғысынан жүйелі түрде зерделеудің маңызы мен мәні ерекше зор болып табылады. Мысалы, IELTS [2, 79-81] оқу жүйесінде тілді үйретуде басты басымдылық сөйлесуге – тілдің негізгі аспектілерінің ішіндегі ең белсенді формасына беріледі. Тілді оқытудың матрицалық әдістемесінде тілдің ауызша қатысымдық саласына көп көңіл бөлінеді. Мәдениеті мен өркениеті дамыған елдер тәжірибесінде тілдің, тілді көп тілді ортада ана тілі деңгейінде, екінші және шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің терең зерттелуі – ұлт мәдениетінің салиқалы дамуы мен этностық құндылықтардың толық әрі жақсы сақталғандығын көрсететіні дәстүрлі үрдіс. Өркениет пен мәдениеттің негізгі тұғыры саналатын мемлекеттік тіліміздің жалпыадамзаттық құндылықтар мен уақыт пен кеңістік аясындағы ұлттық құндылығымыздың көрінісін, мәдени мұрамызды, ұлттық дүниетанымдық болмысты анықтайтыны рас. Тәуелсіз еліміздің биік мәдениеті мен мәдени келбетін, тіл мәденитін танымдық көкжиегінен зерделеп, оның әлеуметтік мәнін, мәдени, тілдік, педагогика психологиялық межесін анықтау арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің бағдарын жаңаша теориялық бағытта саралап, жүйелеудің шаралары зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды.
Қазақстан Республикасы – ынтымақ сүйгіш қауіпсіз және табиғы ресурстары бай, экономикалық ахуалы тұрақты ел ретінде әлемге танымал мемлекет. сонымен бірге Қазақстан Республикасының білім беру дәрежесі де халықаралық аренада жоғары деңгейде көрінуі, еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі де шетелдік мемлекеттерді, жекелеген шетелдік азаматтарды да қызықтырады, сол себепті де қазақ тіліне деген сұраныстың артқанын ескеріп, қазіргі уақыттың талабына сай қазақ тілін көп тілді ортада оқыту әдістемесі жаңаша мазмұнды құрылымды қажет етеді. Баспасөз беттерінде, конференцияларда, әдістемелік семинарларда Осы мәселеге қатысты көптеген мақалалар, жарияланымдар жарық көрді. Алайда қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесінің инновациялық технологиясын қалыптастыру мәселесі толығымен шешілген жоқ. Әлемдік және отандық тіл оқыту әдістемесін сараптап, зерделеп, қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың жаңаша кешенді әдістемесін: парадигмалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту қажет. Алдын ала жүргізілген зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер грамматиканы оңтайлап оқытудың кешенді инновациялық әдістемесі қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту ісін жақсарта түсетінін көрсетті. Ұсынып отырған қазақ тілін көптілді ортада ана тілі деңгейінде іскери және кәсіби қазақ тілі, өзге тілді дәрісхана үшін екінші тіл және шет тілі ретінде оқытудың грамматиканы оңтайлап, ал ҰБТ және кешенді тест тапсыратын талапкерлер грамматиканы кешенді түрде қарқынды оқыту ұсынатын инновациялық кешенді әдістемесі [3, 79-81] мен жас ерекшелігіне қарамастан кез келген тіл үйренушіге қолжетімді оқыту жүйесі бұл саладағы бірегей жаңаша мазмұнды әдістеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру нарығында бәсекеге қабілетті қазақ тілін көп тілді ортада оқытудың отандық инновациялық жүйесін – тіл үйренуші ортаның сұранысына бейімдеп, қазақ тілі грамматикасын оңтайлап оқытатын бірегей әдістемесінің инновациялық технологиясының қалыптастыру керек. Әдістеменің жаңалығының артықшылығы және перспективасы: ұсынылып отырған әдістеменің өзектілігі мемлекеттік тілге деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқанына байланысты қазақ тілін көптілді ортада оқыту әдістемесінің инновациялық технологиясының отандық жүйесін – әлемдік және отандық білім беру жүйесіндегі озық модельдердің тиімді бағыттарын саралай отыра, қалыптастыруды ұсынады. Қазақ тілінің қоғамдық, мәдени, саяси, әлеуметтік маңызын – еліміздегі қарым-қатынастың негізгі құралы, мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін айқындауды көздейді. Ең бірінші, қазақ тілін сатылап оқытудың жаңа әдістемесін: іскери-ресми және кәсіби қазақ тілі ретінде, екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту жүйесін әлемдік тіл үйрету бағдарламасына сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді және парадигматикалық тұрғыдан грамматиканы өзгетілді дәрісханаға бейімдеп оқыту жүйесін ұсынады. Қазақ тілінің қолданыс аясының кеңістік пен уақыт аясындағы даму жолдарын мен танымдық-тәрбиелік мәнін саралау, тілдегі ұлттық таным негіздері мен одан алатын тағылымының жүйелілігін лингвомәдениеттік негізде анықтаудың маңызы зор. Қазақ тілінің коммуникативтік функциясын, тілдік құзыретін жаңаша ғылыми негізде қарастырудың, лингвистикалық ерекшелігін танытудың, қазіргі заманның өркендеп даму жүйесі тұрғысынан жүйелі түрде зерделеудің маңызы мен мәні ерекше.
. Қазіргі заман мен тұтынушының сұранысына сай қазақ тілін көптілді ортада оқыту әдістемесі жаңаша мазмұнды құрылымда қалыптастыруды қажет етеді. Мемлекеттік тілді оқытудың озық отандық әдіснамасын қалыптастыру мәселесіне қатысты баспасөз беттерінде, конференцияларда көптеген мақалалар, жарияланымдар жарық көрді. Алайда қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесінің инновациялық технологиясын қалыптастыру мәселесі толығымен шешілген жоқ. Әлемдік және отандық тіл оқыту әдістемесін сараптап, зерделеп, қазақ тілін көп тілді ортада оқытудың жаңаша кешенді әдістемесін: парадигмалық тұрғыдан грамматиканы өзгетілді дәрісханаға оңтайлап оқытуды ұсыну керек. Өзгетілді дәрісханада жүргізілген зерттеулер мен тәжірибелер, практикалық сабақтар қазақ тілінің грамматикасын семантикалық-функциональдық жақтан көптілді ортаға бейімдеп оқытудың инновациялық әдістемесі қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде оқыту үдерісін жақсарта түсетінін көрсетті. Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада грамматикасын бейімдеп оқыту инновациялық әдістемесі отандық оқу саласындағы бірегей де инновациялық әдістеме болып табылады.
Аннотация
Авторы статьи системно обосновывает пути развития государственного языка в профессиональной научно-технической сфере, основываясь на понимании его приоритета и роли в становлении государственности Казахстана и его будущем. С ростом значимости языка и расширении сферы его применения необходимы разработка новых научных теорий и внедрение инновационных подходов к их внедрению в области обучения иностранных студентов и их подготовки к обучения по различным специальностям.
Annotation
Authors of article is system proves ways of development of language and national culture in space and time and argues that the main support of spiritual and material culture is the state language. Defines importance of the Kazakh language in the light of domestic and universal values and informative, instructive, competent value on the basis of the innovative scientific theory.
Пайдаланған әдебиеттер
Engilsh as a Second Language. School and Education Resources// International Educftion, 2012. //P. 31-60;
IELTS with answers. Examination papers from University of Cambridge ESOL examinations: English for Speakers of Other Languages, Cambridge University Press, UK, 2007. P. 79-81;
Сәрсенбаева А.А. Мобильное обучение иностранным языкам как одно из основнных направлений в системе автономного образования. Научный мир Казахстана. 1-2010 ,№1 (29) Стр. 82-89.