Поурочная по классные часа по теме Happy English

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


11 жалпы орта білім беру мектебі

















Done by: Saburbaeva G

Khodzhaeva A.

Omirzakova T.







Ақтау 2015ж

Күні: 27.11.2015

Сыныбы: 1,2,3 сыныптар.

Тақырыбы: «Happy English»

Мақсаты: Оқушылардың I тоқсан бойы жинақтаған білімдерін, білік-

дағдыларын анықтау. Концерттік іс-шара арқылы оқушылардың

ағылшын тіліне қызығушылғын дамыту.Сахнада өзін емін-еркін

ұстай білуге, өз ойын анық айтуға, белсенді болуға тәрбиелеу.

Іс-шараның жүру барысы:

Құрметті жиналған қауым!
                    Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                   Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                   Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
                   Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Happy English» концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

Good afternoon, pupils, teachers and guests! Welcome to our concert “Happy English”! We are glad to see you, we hope that you'll enjoy today's concert.

«Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын.»

Н.Ә. Назарбаев

Әрбір бала - жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады. Қандай рақат, шын бақытын тапса адам- деп ақын жырлап өткендей , шынымен де, «бақыт» деген кең ұғымның бір шеті мен үшін осы ұстаз мамандығымен ұштасып жатыр. Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы, досы әрі сырласы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

Бүгінгі бас қосуымыздың басты мақсаты – 1,2,3 сыныптарының оқушыларының ағылшын тілінен 2 ай бойы жинақтаған білімдерін тамашалау. Бүлдіршіндер, осы уақыт аралығында ағылшын тілінен не үйрендік? Не білдік? Алфавит, сөздер, тақпақтар, әндер білеміз бе? Олай болса, осыны барша жұрттың алдында дәлелдейік.

Сахна төріне қошеметпен 1 сынып оқушыларын өз тақпақтарымен қарсы алайық.

Meet our pupils of the first form «A» with their poems.

The native speakers of English live in Great Britain , The United States of America, Australia and New Zealand. English is one of the official languages of the United Organization and other political organizations. English plays an important role in our life.

Meet our pupils of the first form with their song «How are you? »

1 «A» сыныбы оқушыларын «How are you? » әнімен ортаға шақырайық.

Жас ұрпақ жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, - дегендей
1 «З» сыныбының оқушысы Амангелді Толқынды үнді биімен қарсы алайық.

 «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткені есімізде.

Қазіргі заман  ағылшын  тілін талап етуде. Ағылшын бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің  тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер, білім беру саласындағы  жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде.

World Teacher’s Day has been celebrated on October 5. Every year since 1994 to promote and create conscience of the importance educators have in the future of every generation. «The mediocre teacher tells. The good teacher explains. The superior teacher demonstrates. The great teacher inspires».

William Arthur Ward



Ортада 3 «а» сыныбы Латын-америкалық «Кантри» биімен, қошеметпен қарсы алайық.

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда, -
дей отыра, сахнаға окушыларымызды тақпақтарымен шақырамыз.

Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.

3 «в» сыныбы «Rain» әнімен өз өнерлерін ортаға салмақ.

Meet our pupils from 3 «V» form with the song «Rain»

Өз бақтарын сынамаққа 3 «а» сыныбының қыздары да келіп отыр.

«If you happy…» әні.

  Сендерге артар міндет көп. 
  Көтер биік ата салтын құрметтеп 
  Ақтай білсең ата-баба үмітін 
  Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп, - дегендей 2 сынып оқушыларының қатысуымен «The Three Little Kittens» қойылымын тамашалаңыздар.

«Arriva» биі, 3«ғ,ә» сыныбы

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та. Ортаға үш оқушы шақырылады. Оларға бірнеше сөздер беріледі. Олар ағылшын тіліндегі аудармасын табуы қажет.

1. lake, face, space, stone, home, nose, bike, smile, shine, use, fumes, tube, nail, snail, rain, daughter, august, autumn.

2. plane, race, gate, rope, bone, mole, kite, line, white, tune, mule, duke, train, eighteen, saucer, author, astronaut.

3. case, tape, stove, rose, prize, nine, costume, cube, neighbor, weigh, dancer, fox, dinosaur, honey, donkey, holiday.

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)

Ортада 2 сынып оқушылары вальс билейді.

2 «а» Үсен Жасұлан, Авазова Мадина

2 «ж» Құралбай Ерасыл, Оразалы Динара, Қошқарбай Арайлым, Ізбасар Қуантай.

2 «е» Болатбай Аянқуаныш, Ербөлекова Перизат, Матсалай Дидар, Ерболқызы Айдана.

2 «ғ» Маратов Манас, Оразалиева Арайлым.

2 «д» Қыдырова Нұршат, Данабаева Нұрмұхан, Қошым Бексұлтан, Дощанова Гүлжайна.

Meet our pupils with break dance.

I’ll hope you will enjoy today's concert. Children thank you for your activity.Бүгінгі біздің «Happy English» атты мерекелік іс шарамызға қатысқаныңызға көп рахмет.Сау болыңыздар.