Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
С/мақсаты: «Жоспар», «Бюджет» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту; жаңа сөздерді меңгеру, күнделікті өмірде пайдалануға баулу, зат есімдердің көптік және септік жалғауларын қайталап, бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, «бюджет», «жоспар» ұғымдарына байланысты білімдерін тереңдету; топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: топта жұмыс істеубарысында сыйластық қарым – қатынастарға тәрбиелеу, бір – бірін құрметтеуге, бағалауға, тыңдауға үйренуі.
с/түрі: нәтиже сабақ
с/әдісі: Ассоциация, сұрақ – жауап, ББҮ, Синквейн.
с/ көрнекілігі: түрлі – түсті қаламдар, бағалау парағы, слайдтар, үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Психологиялық ахуал.
- Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Жақсы ма? Жақсы болса бір – біріміздің қолын ұстап, жақсы тілектерді айтайық!
4. Үй жұмысын тексеру
8 Тапсырма 35 б «Қымыздың адам ағзасына пайдасы туралы ақпарат дайындау»
ІІ. Жаңа сабақ
1. Оқушыларды топтарға бөлу:
1-топ «Жоспар» - түрлі – түсті қаламдар бойынша
2-топ «Бюджет» - қара қаламдар бойынша
-Кімде түрлі – түсті қаламдар болса – «Жоспар» тобына, кімде қара түсті қалам «Бюджет» тобына отырады. Спикерді таңдаңдар.
-Сабағымызды бастамас бұрын күнделікті ережелерді қайталайық:
1 ереже – Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!
2 ереже – Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 ереже – Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз!
4 ереже – Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
2. Мақсаты мен міндеттерін айту:
-Өте жақсы, сабағымыздың тақырыбы - «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз». Бұл тақырып екі сабаққа бөлінген. С/мақсаты: «Бюджет», «Жоспар» ұғымдары туралы түсініктерді тереңдетеміз.
Міндеттеріміз: 1.жаңа сөздерді меңгереміз, күнделікті өмірде пайдалануға үйренеміз, зат есімнің көптік және септік жалғауын қайталап, бекітеміз.
2. Топпен жұмыс істеу дағдыларымызды қалыптастырамыз, шығармашылық және ойлау қабілеттерді, белсенділіктерімізді арттырып, дамытамыз.
3. Ұжымда топпен жұмыс істегенде бір – бірімізді сыйлауға, құрметтеуге үйренеміз.
-Бағалау парағын алып, өз – өздеріңді бағалайсыңдар. Мұқият болыңдар! Үй тапсырмасына да баға ұпай қойыңдар.
3. Қызығушылықты ояту кезеңі: Қалай ойлайсыңдар бұл не?
Дұрыс отбасы бюджетінің жоспары. Ассоциация құру:
1 – топ «Жоспар» сөзіне, 2 топ – «Бюджет» сөзіне ассоциацияларыңды жазыңдар. (жеке, жұппен пікір алмасып, ортақ пікірлерін ортаға салады.) Бағалау.
4. Мағынаны ашу кезеңі
1. Сөздердің мағынасын ашу:
-Жақсы, пікірлерің дұрыс екен, енді «Қазақ түсіндірмелі сөздігінен» осы ұғымдардың
түсініктерін қарап шығайық, дәптерге жазып алыңдар: Қазанның он жетісі, Сынып жұмысы,
Жоспар - белгілі бір жұмыстың алдын ала жасалған жобасы.
Жоба – бір істі жүзеге асыру, орындау үшін жасалған нұсқа.
Бюджет – мемлекет, әр түрлі мекемелердің кіріс, шығыстың сметасы.
Смета – алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі.
2. ББҮ кестесін толтыру
1 топ – «Жоспар»
2 топ – «Бюджет»
Кестенің 1, 2 бағанын толтырады, ортақ пікірді айтады. (жеке, жұптық, топтық жұмыс) Бағалау. 3. Мәтінмен жұмыс
Сөздікпен таныстыру:
• Табысынан құралады – состоит из заработка
• Еңбегінің нәтижесі – результат труда
• Табысқа қол жеткізу –добиться успеха
• Кіріс – доход
• Шығыс – расход
• Жоспарлайды – планирует
• Тең болуын қадағалайды – следят за правильным распределением
• Тиімді пайдалануға – эффективно использовать
• Тізім жасайды – составляют список
• Төлемақы –оплата
Интерактивті тақтаға қарап, жаңа сөздермен танысады. (үйде сөздік дәптеріне жазады)
-Енді «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз» мәтінін оқып, ББҮ кестенің 3 бағанын толтырамыз, сұрақтарға жауап береміз. Әр топқа 3 сұрақтан, ойланбай тез арада жауап береміз. (үлестірмелі кәртішкелер беріледі)
4. Грамматиканы қайталау
1 топ – Көптік жалғаулардың ережесін айтады
2 топ – Септік жалғаулардың ережесін айтады
IV. Тақырыпты бекіту
1. Синквейн құру
1 топ – «Жоспар»
2 топ – «Бюджет» Бағалау
2. Ой толғау кезеңі
1. Сұрақ - жауап
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?
- Сабаққа нені қосар едім?
3. Үйге тапсырма:
қайталау.
3. Бағалау
Бағалау парақшасына қарап оқушыларды бағалау.
Граммати калық тақырып
Жазбаша жұмыс
Синквейн
Жалпы ұпай саны
-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ел болудың амалы – ішкі бірлік» дегендей, әрқашан да бірлік пен ынтымақ жасасын! Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыз!
Рефлексия:
Не сәтті өтті? Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқулық материалын толық меңгеріп, оқушының ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасап, сабақта өз мақсатыма жеттім.
Не сәтсіз өтті?Оқушылар шығармашылықпен көп айналасуы керек.
Болашақта нені өзгертер едім? Сабағымды тереңдетіп, қосымшалар арқылы өткіземін.