Қазақ тілі пәнін тереңдету бағдарлама 8-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі



Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі







Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы



( 8-сыныпқа арналған )





















Жамбыл ауылы

2014 жыл

Қазақ тілінен 8- сыныпқа оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясы, Мектеп және мектепке дейінгі білім институты ұсынған «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту » бағдарлама (Алматы, «Жеті жарғы» 2003) негізінде жасалған.





Павлодар облысы Лебяжі ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық кеңесінде мақұлдаған және баспаға ұсынылған.



Хаттама № « » тамыз 2014 жыл.



ПК төрағасы __________ К.К.Султангазин.





Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің бірлестігінде қаралып,бекітілді.



Хаттама № 1 «27 » тамыз 2014 жыл.

Бірлестік жетекшісі___________ Г.М.Умерханова.













Түсінік хат


Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы - бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде бұл пәннің ролінің, маңызының артылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар - қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыларға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Қазақ тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты - тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Оқушылардың ынта-ықыласы мен талабын, білім деңгейлерін ескере отырып арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама оқушылардың қабілет-икемін ұштап, шығармашылық ізденістерге кең өріс береді.

Танымдық бағыт бойынша

- Оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
- Тілдің - қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.

Практикалық бағыт бойынша

- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- әдеби тілдің нормаларын меңгерту;
- оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
- сөйлем әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.

Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды.











































6 -сынып

( Барлығы 68 сағат, аптасына – 2 сағат)



Синтаксис – 18 сағат

Синтаксистің тіл біліміндегі орны, рөлі.

Қазақтың синтаксист ғалымдары.

Синтаксистің тіл білімінің өзге салаларымен қатысы.

Орхон-Енисей ескерткіштерінің синтаксистік сипаттары.

Көркем шығармалардағы сұраулы сөйлемнің жұмсалу мақсаттары.

Көркем мәтіндердегі бұйрықты сөйлемдердің мағыналық реңктері.

Лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдердің стиль түрлеріне қарай қолданылу ерекшеліктері.

Сұраулы сөйлемдердің шешендік сөздердегі рөлі.

Сұраулы сөйлемдердің жеке сөйлеу ерекшеліктерімен бірлігі.

Риторикалық сұрақ, өзіндік ерекшеліктері.

Сөйлем саздылығы.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөйлем мүшелері туралы.

Сөйлем мүшелерінің көркем шығарма мәтінінде ұйқастыққа, үйлесімділікке құрылуы.

Сөйлем мүшелерінің инверсияланып жұмсалуы.

Синтаксистік қатар түзейтін құрылымдар арқылы ырғақтылықтың жасалуы.

Сөйлем сазы туралы М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Р. Сыздықова, Н. Уәлиев пікірлері.





Сөйлемнің құрамы- 20 сағат

Көркем шығармадағы бірыңғай мүшелердің қолданылу ерекшеліктері.

Екі мүшелі, үш мүшелі, төрт, одан да көп мүшелері бірыңғайлар.

Бірыңғай мүшелер ретінде мағыналары қарама- қарсы антоним сөздердің қолданылуы.

Бірыңғай мүшелер ретінде мағыналары өзара ыңғайлас емес сөздердің қолданылуы.

Бірыңғай мүшелердің жалғаулықты, жалғаулықсыз болып келуі.

Қосарлы айқындауыш мүшелердің ұлттық салт- дәстүрлермен қатысы, этнолингвистикалық сипаты.

Айқындауыш мүшелердің ойды білдіруге мәні.

Айқындауыш мүшенің құрамы. Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері.

Оқшау сөздердің ұлттық сипаттары, этнолингвистикалық, этнопсихологиялық, этнопедагогикалық мәні.

Көркем шығармалардағы оқшау сөздердің қолданылу ерекшеліктері. Ауызша әңгімелеу үлгісіндегі қолданысы.

Сөйлеу тіліндегі, кейіпкер тіліндегі оқшау сөздердің қолданысы.

Оқшау сөздердің стиль түрлерімен байланысы.

Синтаксис – көркем мәтіннің «жанды» көрсеткіші. Көркем шығармаларда автордың өз баяндауында сөйлем құрастыруы, мәтін бөліктерін бір – біріне ұластыру, сөйлем мүшелерін біріне – бірін қатыстыру шеберліктері. Синтаксистік құрылымдары (оның ішінде жай сөйлемді де) әсемдік, әсерлілік үшін қолдану шеберліктері. М. Әуезовтың алғашқы әңгімелерінің қысқа- қысқа сөйлемдермен берілгендігі, яғни авторлық баяндауын аз сөзді жай сөйлемдермен беруі.

Жалаң сөйлемге логикалық екпін аударылуы.

Оқушылардың жазба жұмыстарында жай сөйлем құрастыру ерекшеліктерін пайдалануы.

М. Әуезовтың әңгімелерінде етістік баяндауыштарды аз қолдану ерекшелігі.

Құрмалас сөйлемдер - 30 сағат

Аралас құрмалас сөйлемнің қазақ тіл біліміндегі орны.

Аралас құрмаластың мағыналық топталуы.

Ж. Аймауытов шығармаларындағы аралас құрмалас сөйлемдік қолданыстар.

«Абай жолы» эпопеясындағы көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

Абай ғақлияларындағы көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

Аралас құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі.

Аралас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу ерекшеліктері.

Аралас құрмалас сөйлемнің басқа көп компонентті құрмалас сөйлемдерден айырым – ерекшеліктері.

Аралас құрмалас сөйлемнің күрделену жолдары.

Профессор С. Аманжолов – құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуші.

Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер.

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Көп сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер.

А. Ысқақов құрмалас сөйлем синтаксисі туралы.

Салалас құрмалас сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктері.

Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы.

Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.







8- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер бойынша 8- сыныптың соңында оқушылар:

1) синтаксистің тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

2) сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін, тіркесу тәсілдерін ажыратуды;

3) сөздердің байланысу тәсілдерін;

4) сөздердің байланысу түрлерінің ерекшеліктерін;

5) сөйлемнің мағынасына және құрылымына қарай бөлінуінің жолдарын;

6) сөйлем мүшелерінің түрлерін;

7) сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне тән белгілерді;

8) төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің ерекшеліктері мен тыныс белгілерін;

9) сөйлемге синтаксистік талдау жасай алуы;

10) жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерін ажыратуы;

11) құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыратын жалғаулық шылауларды айырып, оларды сөйлеу тілінде еркін қолдана білуі;

12) салаласа, сабақтаса байланысатын құрмаластың түрлерін меңгеріп, оларды қатыстырып мәтін құрай білуі;

13) аралас құрмаластың жасалу жолдарын түсіндіре білуі;

14) құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықшаны білуі;

15) әртүрлі жанрдағы мәтіндерге мазмұндық – құрылымдық талдау жасай білуі;

16) мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасай білуі;

17) мәтіндегі сөздердің байланысын анықтай алуы;

18) мәтіндегі сөздердің стильдік бояуын мәтін ерекшелігімен байланыстырып түсіндіре алуы;

19) мәтіндегі авторлық көзқарасты білдіретін синтаксистік тілдік құралдарды дәйектей білуі;

20) тарихи, ғылыми – көпшілік сипаттағы ауызша және жазбаша мәтін құруда жай сөйлемнің түрлерін шыармашылықпен қолдана білуі тиіс.











































Әдебиеттер



Сағындықұлы Бекен Қазақ тілі: тағылым мен таным

Кереку-Новосібір Талер-Пресс, 2006

Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис.

Исаев С. Қазақ тілі. Алматы, 1993.

Оразақынова Н. Cатылай комплексті талдау. Алматы, 2000 ж.

Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. Қазақ тілі. Алматы, 1993 ж.

Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы, 1997 ж.