Диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бижанова Мейрамгүл Сейілханқызының қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары [pic]



Диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Мерсер мен Литлтон (Нұсқаулық, 39-бет)





Пәні: қазақ тілі


Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы:

Өсиет.

Жалпы мақсаты:

Оқушылар өсиет сөзінің мән-мағынасын түсінеді.Әке өсиетінің құндылығына назар аударады.Үлкенді тыңдау арқылы дұрыс жолға түсуге болатынына көздерін жеткізеді. Сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.

Диалогтің нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.

Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығы, әдебиет.

Қазақ тілі, әдебиет оқу пәнінің әдістемесі.

Тренингтік ойындар мен жаттығулар.(К.З.Жаксылыкова)

Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және қолдану.(Орақова А.Ш.,Жартынова Ж.А.)

Оқу нәтижесі:

Өсиетті орындау арқылы теріс жолға түспеген, ата- ана сенімін ақтайтын, әкені сыйлау-парыз екенін түсінетін адам атына лайық азамат болу керек екендігіне көздерін жеткізеді.

Оқушылар білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.Сөздік жаттайды.

Топпен, жұппен жұмыс істеуге қалыптасады. Сөйлеу мәдениетін дамытады.

Негізгі идеялар:

Ақыл-кеңес, өсиетті орындау, адамдық, өнеге.

Қолданылатын материалдар:

АКТ , 6 қалпақ, белгі жалауы, стикер, магнит, «Жалын-мұз» сергіту сәтіне лайық баяу әуен, рефлексия ілу үшін «Даналық ағашы».

Постер, фломастерлер.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Идеяларды жинақтау әдістері-Миға шабуыл, топтық шабуыл, өз бетінше ойлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін сұрақтарды топпен талдау- кейс-стади әдісі, идеялар мен ұсыныстарды генерациялау әдісі-525 тәсілі, «Жалын-мұз» жаттығуы, «Ойлаудың 6 қалпағы», топтық дискуссия әдісі, «3,2,1» стратегиясы, Блум таксономиясы,топпен жұмыс , жеке жұмыс, өзін-өзі бағалау.


Психологиялық

дайындық

АКТ. Көңілді әуенді қосып, оқушылармен бірге би жаттығуларын жасау.

Оқушыларды топқа бөлу


Ә.Қалаубаеваның «Көңілді күн» әніне музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды.

Бойлары бойынша 3 топқа бөлінеді.


І. Білу

  • Сабақтың мақсатын айқындау

«Миға шабуыл» «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 17-бет. (К.З.Жаксылыкова)



«Өсиет» сөзіне постер қорғауға бағыт-бағдар беру.


Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

Өсиет сөзін естігенде естеріне не түскенін қағазға жазады.

Әрбір топ жазған сөздерін ұсынады.

Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.

Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, өсиет туралы білетіндерін ортаға салады.

ІІ.Түсіну

Әр топқа мәтінді түсініп оқуын тапсыру.

Мәтін бойынша сұрақтар қойып, түсініктерін анықтау.

-Әкесі баласына қандай өсиет айтты?

-Бала неге кедейлене берді?

-Ағасы әке өсиетін қалай ұғындырды?

-Бала нені түсінді?

-Өсиет дегенді қалай түсінесіңдер?


Әр топ мәтінді өз беттерінше оқып, мағынасын ашады.

Оқушылар сұраққа толық жауап береді.

Топ мүшелері өздерін өздері бағалап отырады.




ІІІ. Қолдану

Ойлан, Жұптас, Пікірлес.



Сергіту сәтін ұйымдастыру.




Оқулықтағы 2,3,5- тапсырмаларды орындайды Сөйлемдерді толықтырады. Мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Оқушылар өз пікірлерін толық айтады.

«Жалын-мұз» жаттығуын жасайды.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 39-бет (К.З.Жаксылыкова).



ІҮ. Талдау


Өз бетінше ойлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін сұрақтарды топпен талдау - кейс-стади әдісі. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 17-бет. (К.З.Жаксылыкова)


Баланың кедейлене берген және бай болған себептері.

2 семантикалық карта «Сөздік»

Өз тақырыптары бойынша ойларын дәлелдейді.

Интерактивті тақтадағы семантикалық картаны толтырады, мәтінмен байланыстырады және өз ойларын дәлелдейді.








Ү.Жинақтау








525 тәсілі

5-қатысушы

2- сұрақ

5-минут

Эдуард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және қолдану, 43-бет. (Орақова А.Ш.,Жартынова Ж.А.)


Дөңгелене отырған әрбір оқушы қағаз бетіне 2 сұрақтан жазады да, келесі оқушыға береді, ол 2 сұрақ тіркеп, келесіге береді.Сұрақ қайталанғанша үдеріс жүріп отырады. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 17-бет (К.З.Жаксылыкова).


Оқушылар мәтінді осы әдіс бойынша жинақтап, талдайды, сынып жұмысына да өз бағаларын береді. [pic]


ҮІ.Бағалау




Баланың бойындағы қасиеттер сенде бар ма? Болса, ойлан да жаз. «Мен қалай өзгеруім керек?» тақырыбына эссе

жазуды ұсыну.

Оқушылар өз беттерінше эссе жазады.



V. Үйге тапсырма беру

«Өсиет » әңгімесін қайталап оқу.

Шешендік сөздерді жаттау.

Әңгіме желісіне байланысты адамдық қасиеттер туралы мақал-мәтел жинау.

Диалог құрастыру.



Оқушылар күнделіктеріне жазады.

VII. Рефлексия


«3,2,1» стратегиясы

Маған ұнаған 3 нәрсе, маған қиын болған 2 тапсырма, мен үшін түсініксіз 1 нәрсе.


Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау.


«Даналық ағашына» стикерлерді оқып барып іледі, өзін-өзі бағалау парақтарын толтырады.


[pic]



Оқушылар сабақ соңында өсиет сөзінің мән-мағынасын түсінді.Әке өсиетінің құндылығына назар аударды.Үлкенді тыңдау арқылы дұрыс жолға түсуге болатынына көздерін жеткізіп, сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытты.

Диалогтің нәтижесінде ынтымақтастық қалыптастыра білді деуге болады.

Өсиетті орындау арқылы теріс жолға түспеген, ата- ана сенімін ақтайтын, әкені сыйлау-парыз екенін түсінетін адам атына лайық азамат болу керек екендігіне көздері жеткенін байқатты.

Оқушылар білімді өз бетінше меңгере алуға дағдыланып, жаңа сөздерді жаттау арқылы сөздік қорын байытты.

«Мен қалай өзгеруім керек?» тақырыбына эссе жазу арқылы өздерінің бойындағы қасиеттерін саралап, жақсы қырынан көрінуге тырысқандары ұнады.


Топпен, жұппен жұмыс істеуге қалыптасып, бір-бірінің жұмыстарын талдауға, бағалауға үйренгендерін байқатты. Жақсы көңіл-күй сабақ бойына сақталып отырды.