Открытый урок на тему Здоровый образ жизни

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:   Оқушыларға сұрақ беру  арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Ұжымдық түрде білім алуға баулу. Денсаулық туралы өткен сабақтарда алған білімдерін  кеңейту.
2.Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. 
3.Тәрбиелік: Денсаулық – бірінші байлық екенін оқушылар санасында қалыптастыру. Денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Көрнекі құралдар:  оригами, сұрақ карточкалары, презентация.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: сұхбаттасу, сұрақ- жауап,іздену, сөйлем талдау.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушыларды түгендеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма. Жазба жұмыстарын тексеру. 2-тапсырма 190-бет.

Тапсырма: «Сандықшадағы сұрақтар»

III.Сабақтың мақсатын қою кезеңі. Бүгін біз «Салауатты өмір салты» атты тақырыппен танысып, денсаулық туралы сөз қозғайтын боламыз.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі .

  1. «Салауатты өмір салты» атты презентацияны көрсетіп, түсіндіру.

Денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек? Қандай әдеттерден аулақ болғанымыз жөн? Дұрыс тамақтану адам денсаулығына пайдалы ма?

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

Салауатты өмір салты, серуен, таза ауа, еңбек демалысы, жат әдеттер

Берілген сөздерді қатарға бөлініп буынға бөлу, және қандай буын екенін анықтау.

3. берілген мәтінді оқып, мағынасын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі.

1. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыру. Морфологиялық талдау.

Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, табиғатта серуендеу жатады. Кешкі тамақтан соң 1-2 сағат серуен құрған жөн. Ұйқының пайдасы зор. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланған жөн.

2.2-тапсырма.

« Crocodile – қолтырауын-крокодил» ойынын ойнаймыз. Бір оқушыға карточкадағы сөздер беріледі, ол берілген сөздерді ыммен көрсетуі керек. Сыныптағы оқушылар жасырын сөзді табу керек.





VI. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап беру арқылы сұхбат құрыңдар.

Бірнеше оқушымен «Kahoot» интерактивті ойынын өткізу.

VII. Сабақты қорытындылау. Сонымен балалар біз бүгін салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндік. Адам бақытты болу үшін денсаулық керек, ал денсаулық жақсы болу үшін салауатты өмір салтын ұстанып,зиянды әрекеттерден аулақ болғанымыз жөн.

VIII.Үй тапсырмасы

«Салауатты өмір салты» мәтінін мазмұндау.

4-тапсырма. 192-193-бет.