Жалпы мақсат: 7 модульды ықпалдастыра отырып, лексикалық тақырыпты меңгерту, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту
Оқытудың негізгі мақсаттары
2. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
3. Тіл үйренудегі кедергілерді жеңу
4. Оқу нәтижелері
5. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
6. Барлығын қосқанда
7. Негізгі дереккөздер
1
Лиро – эпостық жырлар
Оқушылар лиро – эпостық жырлардың идеялық мазмұнын ашу арқылы жырларды жатқа айту, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, сөйлеу тілдерін байыту.
Миға шабуыл, «Карусель» әдісі, «Мозаика» әдісі, Венн диаграммасы
Сөйлеуде қолданылатын сөздік қорын дамыту үшін кездесетін жаңа сөздерді жазу
Оқушылар лиро – эпостық жырдың идеялық мазмұнын ашады, түсінеді, өз ойын еркін жеткізе алады.
Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және смайликтермен өзін-өзі бағалайды. Жиынтық бағалау (мұғалім)
Жеке оқушы: ойын толық жеткізе отырып, талқылауға түседі, проблемалық сұрақ қояды, проблемаларды шешеді, басқаның пікірін ауыстыруға дайын.
Барлық оқушы: талқылауға қатысады, сұрақтарға жауап береді, дәлелдер іздейді.
Кейбір оқушы: мәтінді түсінеді, сұрақтарға жетелеумен жауап береді
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Ақшолақов Т., Жұмажанова Т. «Мектеп»баспасы 2013ж, суреттер, кеспе қағаздар, Блум түймедағы, бағалау парағы
2
«Қыз Жібек» жырынан үзінді
Оқушыларға «Қыз Жібек» жыры жайлы түсінік беру,жырды түсініп оқып, мазмұнын игеру арқылы негізгі ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен сыни ойлауға дағдыландыру
«Мозаика» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, Венн диаграммасы
Жырдың мәтінінде кездесетін көне сөздердің мағынасын ашып, жазып алу
Оқушылар «Қыз Жібек» жыры жайлы түсінік алады, жырдың мазмұнын түсініп оқып, талдау жасай алады.
Мадақтау сэндвичі, «Бес бармақ», Топ басшысының бағалауы, «Екі жұлдыз, бір тілек»
Жеке оқушы: рөлдік ойынға еркін түсе алады
Барлық оқушы: сұрақ құра алады, сұрақтарға жауап береді, дәлелдер іздейді.
Кейбір оқушы: мәтінді түсінеді, жауаптарды сәйкестендіре алады.
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Ақшолақов Т., Жұмажанова Т. «Мектеп»баспасы 2013ж, флипчарт, кеспе қағаздар
3
Жырдың композициялық құрылымы
Лиро – эпостық жырдың мазмұнын түсініп оқып, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету, композициялық құрылымына талдау жасауға, дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамытуға дағдыландыру.
Суреттер сөйлейді, Салыстыру кестесі, Семантикалық карта
Негізгіні ерекшелеп алу, ойлауға негіздейтін бағыт бағдар беру
Оқушылар жырдың мазмұнын түсініп оқуға дағдыланады, мәтіннің негізгі ойын тауып, композициялық құрылымына талдау жасай алады және дәлелдерді сын тұрғысынан талдайды.
Мадақтау сэндвичі, «Бағдаршам», жиынтық бағалау (мұғалім).
Жеке оқушы: түйінді ой айтады, ойын еркін жеткізіп, дәлелдей алады.
Барлық оқушы: мәтіннің мазмұнын айта алады, сұрақтарға жауап береді, дәлелдер іздейді.
Кейбір оқушы: мәтінді түсінеді, сұрақтарға жетелеумен жауап береді
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Ақшолақов Т., Жұмажанова Т. «Мектеп» баспасы 2013ж, кесте, ватман
4
Жырдағы кейіпкерлер
Жырдағы кейіпкерлер бейнесін салыстыру арқылы мінез-құлқын аша отырып,кейіпкерлердің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалауға үйрету
Композициялық талдау, Жигсо әдісі, «Жұптас, ойлан, бөліс»әдісі
Кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты, мінез құлықтарындағы ерекшеліктерді анықтауға бағыт беру, өзін бағалуға бағыттау.
Жырдағы кейіпкерлер бейнесіне тиіст ақпаратты жинастырып, салыстырмалы талдау жасай алады, әр кейіпкерге сын тұрғысынан баға бере алады.
«Дейін – кейін» кестесі, Блоб ағашы, бағалау парағы, жиынтық бағалау (мұғалім)
Жеке оқушы: ойын толық жеткізе отырып, талқылауға түседі, проблемалық сұрақ. Проблемаларды шешеді, басқаның пікірін ауыстыруға дайын.
Барлық оқушы: талқылауға қатысады, сұрақтарға жауап береді, дәлелдер іздейді.
Кейбір оқушы: мәтінді түсінеді, сұрақтарға жетелеумен жауап береді
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Ақшолақов Т., Жұмажанова Т. «Мектеп»баспасы 2013ж, Блоб ағашының суреті.